JULDYZY JANǴAN JERLESTERİMİZ

Soltüstık Qazaqstan

 romanogazzi@gmail.com

САМАЛ ЕСЛЯМОВА

Өнер өлкесінде айтулы жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдік деңгейде үлкен асуларды бағындырып жүрген Самал Есләмова режиссер Сергей Дворцевойдың “Айка” фильмінде бас кейіпкерді сомдап, Францияда өткен әйгілі Канн кинофестивалінде “Үздік әйел рөлі” аталымын жеңіп алған еді. Аталмыш кинотуынды бірқатар елдерде көрсетіліп, бірнеше мәрте марапатқа ие болды. Биылғы наурыз айында Гонконгта Азия киноакадемиясының жүлдесін алып, “Азияның үздік актрисасы” атанды. Фильмде қырғыз қызының тағдырын сомдаған жерлесіміз Қытайдың Сямынь қаласында өткен 28-ші халықаралық кинофестивальде де көрермендердің ең көп дауысын жинап, үздік актриса атанды. Аспан асты елінің мәртебелі фестивальдарының қатарында көш бастап тұрған бұл байқаудың жүлдесін “Азия Оскары” деп те атайды. 

Дарынды жерлесіміз жақында Тұңғыш Президент – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері атанды.

ӘДІЛХАН МАКИН

“Славян базары – 2019” халықаралық фестивалінде бас жүлдені иеленген жерлесіміз, жас талант Әділхан Макин жақында “Эстрада” аталымы бойынша “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды. “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына əр аталым бойынша қомақты қаржылай сыйлық берілді. Қызылжарда дүниеге келіп, бүгінде Алатаудың баурайында шығармашылығын шыңдап жүрген Әділхан Құрманғалиұлының дарынды жастардың қатарынан көрінуі – жерлестері үшін мерей.

Петропавл қаласындағы өнер колледжінде білім алған ол бүгінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 3-курсында оқиды. Ол талай жастың өнердегі жолын ашқан “Жас қанат” республикалық байқауында Қазақстанның мақтанышы Димаш Құдайбергеновпен бірге өнер көрсетті. Келесі жылы “Шабыт” халықаралық байқауына қатысқан Әділхан екінші орынды иеленді. Одан кейін “Қазақстан дауысы” республикалық байқауында ақтық кезеңге дейін жетіп, “Х-фактор” жобасында да өнерімен талайдың жүрегіне жол тапты.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp