«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.12.2019

МӘРТЕБЕМІЗ – БИІК, ТҰҒЫРЫМЫЗ – БЕРІК

Тәуелсіздік – мен үшін қастерлі ұғым. Азаттық жолында талай нәубет жылдарды бастан өткердік. Біздің ата-бабаларымыз да сан ғасырлар бойы жерімізді қызғыштай қорғап, азаттық үшін күресті. Ер басына күн туып, етігімен су кешкен заманның бірі – екінші дүниежүзілік соғыс. Елімізді неміс басқыншыларынан азат етуге біз де бір адамдай жұмылдық. 

ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ғ.Мүсірепов атындағы аудандағы Шұқыркөл ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Сүйіндік Баумағанбетов, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен қонақтары қатысты.

ЕЛМЕН БІРГЕ АЖАРЛАНҒАН АУДАН

Биыл ата-бабаларымызға арман болған Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 28 жыл толғалы отыр. Осы уақыт аралығында елімізде кешенді реформалар жүзеге асырылып, экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйені жаңғырту жолында нық қадамдар жасалды. Қазіргі таңда Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің бірі ретінде өз орны айқындалды. Баршамыз соған куәміз. 

СУ АЙДЫНДАРЫ – НАЗАРДА

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің құтқарушылары өңіріміздегі балықшылардың сүйікті орындарын ерекше бақылауға алған. Мереке күндері де жасақ құтқарушылары балықшыларға су айдындарында қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, рейд жүргізді.

АМАНАТ ЖҮГІ АУЫР

Тәуелсіздікті жариялау мен оны баянды ету үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев алысты болжап, батыл шешімдер қабылдады. Тәуелсіздіктің тәй-тәй басқан алғашқы жылдарындағы қиын-қыстау кезеңдерде де дипломат, реформатор және нағыз көшбасшы ретінде халқымыздың жүрегінен орын алды. 

ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

Тәуелсіздік күніне орай С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Эпоха, равная столетиям» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

БЮДЖЕТ БЕКІТІЛДІ

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің қатысуымен өткен алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті отыз тоғызыншы сессиясында сегіз мәселе қаралды. 

НАГРАДАЛАРЫҢЫЗБЕН, ЖЕРЛЕСТЕР!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ солтүстікқазақстандық мемлекеттік наградалармен марапатталды: 

БИ ҰЖЫМЫ БІРІНШІ

Өңір намысын абыроймен қорғаған «Легион» би тобы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Show Time» атты республикалық байқаудан жеңіспен оралды.

ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Петропавл қалалық полиция басқармасында «Үздік қызметкер» конкурсы өткізілді.  Конкурстың мақсаты – полиция қызметкерлері арасында тілдік орта қалыптастырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және қазақ тілін кеңінен насихаттау, полиция қызметкерлерінің беделін көтеру, тәртіп сақшыларының бойында Отанына, еліне, жеріне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

МАДИНА ӨСЕРБАЕВА – ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Мәдениет саласының өркендеуіне үлес қосып жүрген жергілікті өнер ордаларының жүлде қоры тағы бір марапатпен толықты. С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының актрисасы Мадина Өсербаева Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Сахнагер-2019» ұлттық театр жүлдесін иеленді.

ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЯДЫ

Өңірімізге жұмыс сапарымен Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова келді. Ол өңірлік штаб отырысына қатысып, келесі жылдан бастап енгізілетін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жүзеге асыру үшін өңірдегі емдеу мекемелерінің дайындығын пысықтады. Отырыста Айжан Есмағамбетова өңір тұрғындарын медициналық сақтандыру, денсаулық сақтау ұйымдарының ақпараттық жүйесін интеграциялау, тұрғындардың мәртебесін анықтаудың маңызын атап өтті. 

САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА

 Бүгінгі күні елімізде тарихи-мәдени мұраны сақтауда және дамытуда орасан жұмыстар атқарылуда. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы тарихымыздың тереңіне бойлауға жол ашып, тарихшылардың көкейінде жүрген аса маңызды мәселелерді көтерді. Мақалада Тұңғыш Президентіміз мұрағат саласын кешенді дамыту мақсатында “Архив – 2025” жобасын ұсынды. Бұл ең әуелі құндылықтарымызды түгендеуге мол мүмкіндік бермек.  Әлемнің …

САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА Read More »

85 ҚЫЗМЕТКЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиын облыстық полиция департаментінің мемлекеттік қызметшілерінің ант қабылдау рәсімінен басталды. Мемлекеттік қызметке қабылданған жас мамандар қызметтік міндеттеріне адал болуға ант берді.

БАҒА ЖЕТПЕС ҚҰНДЫЛЫҚ

Тәуелсіздік – қанатын кеңге жайған еліміздің ең басты құндылығы. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында әр қазақстандық үшін ұлық мереке – Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтіп, елдің еңсесін тіктеуге сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар қошеметке бөленді. 

ЖОМАРТ ЖҮРЕК

Көкшетауды бетке алып жолға шықты. Жүргізуші Василийдің “Бұл диірменді қандай қаржыға алды?” деген сауалын жанарынан оқыды. Бірақ үндемеді. Жүргізушінің бұлай секемденуінің өзіндік сыры бар. “Ковыльный” кеңшарының басшысы ретінде мінгені – ескі “УАЗ” машинасы. Ескінің аты ескі. Тозығы жеткен көлік кеңшарды қалай сақтаймын деп аласұрып, күні-түні жолда жүрген басшының жүгірісіне шыдас бермей, талай мәрте орта жолда …

ЖОМАРТ ЖҮРЕК Read More »