«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.12.2019

ЗАҢСЫЗ САУДАҒА ТОСҚАУЫЛ

Облыс полицейлері есірткі затын заңсыз саудалаудың алдын алуға бағытталған “Допинг” жедел алдын алу шарасын жүргізуде.

ТІЛСІЗ ЖАУ СӘБИДІҢ ӨМІРІН ЖАЛМАДЫ

Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылындағы екіпәтерлі тұрғын үйлердің бірінен шыққан өрт 1 жасар сәбидің өмірін жалмады. Лесная көшесінің бойында орналасқан 9-шы үйге өрт сөндірушілер келіп жеткен кезде, баспананың төбесі мен кіреберісін қызыл жалын шарпыған еді.

ҚУАНЫШ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Петропавлдық “Қызылжар арландары” спорт клубының өкілі – Қуаныш Ысқақов Ақтөбе қаласында қазақ күресінен өткен әлем біріншілігінде 66 килограмм салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

КӨП БОЛЫП ЖҰМЫЛСАҚ — ЖЕҢЕМІЗ

Қазір адамның иммун тапшылық вирусы медицинада өзекті мәселенің бірі екенін айтқан жөн. Ресми деректерге сүйенсек, елі­мізде жиырма төрт мыңнан астам азамат АИТВ-инфекциясымен өмір сүреді. Үстіміз­дегі жылдың он айында облысымызда 164 адам АИТВ жұқтырды. Науқастардың дені – есірткі қолданушылар. Инъекциялық есірткі қолдану ауру жұқ­тыру қаупін арттырады. Соның ішінде 20-29 жастағы азаматтардың үлесі – 17,1 па­йызды, 30-39 …

КӨП БОЛЫП ЖҰМЫЛСАҚ — ЖЕҢЕМІЗ Read More »

КИІЗ БАСУ — БАБАДАН ҚАЛҒАН МҰРА

Бүгінде киіз басу өнері жойы­лып кетудің сәл алдында тұр. Ата- бабаларымыз бас киімнен бастап, құрметті қонағын отырғызар теке­метті де жүннен жасаған. Тұтас елді басқарар хан сайлағанда да ақ киізге отырғызып ұлықтаға­ны­нан-ақ оның құндылығын ұғынуға болады. Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Айжан Дайырова киіз басу технологиясын меңгеріп, оны заман талабына сай жаңғыртуды қолға алды.

ҚАШАНДА КӨМЕККЕ ДАЙЫН

Егде жастағы туыстарымен бірге Көкшетаудан Петропавл қаласына қайтып келе жатқан Петропавл қалалық сотының судьясы Михаил Гусевтің автокөлігінің қозғалтқышы жолда істен шыққан. Абырой болғанда, жақын маңда қызметте жүрген патрульдік полицейлер дер кезінде көмекке келіп, жолаушыларды эвакуациялауға техника шақырыпты. Осылайша, өзін және жақындарын келеңсіз жағдайдан құтқарған Михаил Гусев облыстық полиция департаментіне алғыс жолдапты.

ҒАСЫРҒА ҰЛАСҚАН ҒҰМЫР

Қара күзде басталған мерзімді баспасөзге жазылу науқанының өз мәресіне жетуіне саусақпен санар­лық күндер қалды. Жылдың қоры­тындысы шығатын тұста біз де га­зе­тіміздің таралымын, яғни оқыр­ман­дарымыздың санын анықтай­тын боламыз. Биылғы газетке жа­зы­лу нау­қаны біз үшін ерекше. Өйт­кені, ке­лесі жылдың ақпан айында Қы­зыл­жар өңіріндегі қазақ баспа­сө­зінің қарашаңырағы болып сана­латын “Soltústik Qazaqstan” газеті­нің алғашқы саны оқырман қолына тигеніне 100 …

ҒАСЫРҒА ҰЛАСҚАН ҒҰМЫР Read More »

БОС ҒИМАРАТ МЕШІТКЕ АЙНАЛАДЫ

Тәуелсіздік жылдары елімізде жамағатты із­гілік пен мейірімнің шуағына бөлейтін көп­теген мешіттер бой көтерді. Дегенмен, әлі де Алла үйі салынбаған, бірақ жүректері иманға толы тұрғындары бар ауылдар аз емес. Қызыл­жар ауда­нындағы Архангелка ауылында асыл діні­міз­дің қадір-қасиетін түсінетіндер саны жыл санап артуда.

БАЛАНЫҢ ЕРМЕГІ ЕМЕС

Жаңажылдық мерекелер қарсаңында өңір полицейлері «Пиротехника» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында сауда орындарын тексеруді қолға алды. Оның мақсаты – адамдарды сапасыз отшашулар мен петардаларды пайдаланудан болатын қауіптен сақтандыру.

ҚОҒАМ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ

Халқымыз “Бірлігі бекем елдің берекесі мол” екенін әрқашан дәттеп отырады. Қоғамның тірегі – татулық, бірлік, береке, ынтымақ. Бүгінде елімізде арман-тілегі бір мүддеге тоғысқан түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Ел үшін бұдан асқан құндылық жоқ. Біле білген адамға татулық салтанат құрған тәуелсіз елде бейбіт өмір сүрудің өзі үлкен бақыт.

ҚЫРУАР ҚАРЖЫ ИГЕРІЛМЕГЕН

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кезекті отырысында үстіміздегі жылдың қаңтар-қараша айларындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджеттің шығыс-кіріс бөлігі мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды.

ТӘУ ЕТЕР ЖАЛҒЫЗ КИЕМІЗ

Толғанысымыздың тақырыбы – Тәуелсіздік. Отыз жылға жуық уақыт бойы айта-айта, жаза-жаза келіп, осы ұғымның аясын тарылтып, м­әнін қарапайымдатып та бара жа­т­­қан­дай көрінеміз кейде. Жер шарын­­дағы құрлықтың алтыдан бір бө­лігін алып жатқан Кеңестік Социа­лис­­тік Республикалар Одағы атты алып мемлекет ыдырағанда ел қа­тар­лы еге­мен­дік алған едік қой, аяқ астынан тәуелсіз мемлекет атан­ған едік қой деп топшылай сала­тындар …

ТӘУ ЕТЕР ЖАЛҒЫЗ КИЕМІЗ Read More »

ӨЖЕТ ЖАНДАРҒА – ӨЗГЕШЕ ҚҰРМЕТ

Департамент қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтаған ведомство басшысы Рамиль Камалов солтүстікқазақстандық өртсөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысын жоғары бағалап, алғысын білдірді.

АДАМ ШЫҒЫНЫ ЖОҚ

18 желтоқсан күні түс ауа 101 телефонына Петропавл қаласындағы “Береке” шағын ауданындағы Калинин көшесі бойындағы 149-шы үйде өрт шықты деген хабар келіп түсті. 

ЖОЛ САПАСЫНА НАЗАР ЕРЕКШЕ

Тұрғындардың Тимирязево, Сергеевка елді мекендері аралығындағы жол сапасының нашарлығына шағымданғанына біршама уақыт болды. Бірақ нәтижесіз. Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында Тимирязев ауданының әкімі Нұрлан Кеңесов осыған дейін облыстық деңгейдегі жолдардың есебінде болған бұл бағыт биыл республика балансына тапсырылғанын айтты. Келесі жылы жөндеу жұмыстарын “ҚазАвтоЖол” Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы қолға алады.

ГАЗЕТ — ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

Мен 1965 жылы Алматыдан педагог мамандығын меңгеріп, диплом алып келгеннен кейін, еңбек жолымды осы өзім туып-өскен өңірде бастадым. Мұғалімдік өмірімнің алғашқы жылынан бастап “Soltústik Qazaqstan” газетіне үзбей жазылып, өзіме рухани азық алып келемін. Оған да 55 жыл өтіпті.

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Есіл ауданының Явленка ауылындағы екіқабатты үйдің тұрғындары пәтерлерін пешпен жылытуға мәжбүр. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аудан орталығында өткен қоғамдық қабылдау барысында келесі жылдан бастап бұл үйлер орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылатынын айтты.

ҚОР БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының қызметкерлері Жаңа жылды мейрамханада тойлаудан бас тартып, оның орнына №13 орта мектепте “Балаларға қуаныш сыйла” қайырымдылық акциясын өткізді.