«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.12.2019

ЕРАСЫЛДЫҢ АСУЫ

Дәстүрлі әннің шебері Сәуле Жанпейісованың бастамасымен қолға алынған “Amanat music” байқауы еліміздің түкпір-түкпіріндегі талантты өрендерді анықтап, бағын ашуға көмегін тигізуде. Биыл Алматы қаласында өткен байқаудың республикалық кезеңінде өңіріміздің намысын қорғаған Ерасыл Алпысбай бас жүлдені иеленіп, мерейімізді өсірген еді. Жас өнерпаз бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында наурыз айында өтетін халықаралық деңгейдегі байқауға дайындалуда. 

ЖАСТАР ЖЫЛЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2019 жыл “Жастар жылы” болып жарияланғанда, өскелең ұрпақты қолдау бағытында біраз шаралар қолға алынады деп күтілген болатын. Өткен аптада “Жастар жылы” салтанатты түрде жабылғанын білеміз. Бірқатар жастар осы жылы өз мүмкіндіктерін көрсетіп, жетістіктерге жетсе, бұл уақыт кейбіреулер үшін ешбір өзгеріссіз, елеусіз, зымырап өте шықты. Бір жыл қас қағым сәт, дегенмен, білек …

ЖАСТАР ЖЫЛЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ? Read More »

СТУДЕНТТЕРДІҢ СЕНІМ ЖӘШІГІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне “Сенім жәшігін” орналастырған болатын. “Jas Otan” жастар қанаты өңірлік филиалының, “Qyzyljar – adaldyq alańy” және университет жанынан ашылған “Sanaly urpaq” жобалық кеңселері бірлесіп қолға алған жобаның мақсаты – студенттердің өтініштерін уақтылы қарап, оқу корпусы мен жатақханадағы “бармақ басты, көз қыстылық” фактілерінің алдын алу. 

ӘРІПТЕСТЕРІНЕ ҮЛГІ

Облыс орталығындағы “Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде табысты қызмет етіп жүрген жас мамандардың бірі – Данияр Ғалеев. 

ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ

Жастардың ауылда жұмыс істеуге ынталандыруда “Дипломмен – ауылға!” мемлекеттік бағдарламасының көмегі зор. Осыдан он жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған бағдарлама аясында жоғары оқу орнын аяқтаған мамандар елді мекендерге жұмысқа орналасып, көтермеақы мен баспанаға қол жеткізуде.