«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 23.12.2019

ДӘРІГЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Облыстық ауруханада Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалалары мен Ресейден келген дәрігерлер заманауи әдіс бойынша науқастарға ота жасады. Сондай-ақ, жергілікті хирургтер үшін шеберлік сағаты өтті.

ӘР ӨТІНІШ – НАЗАРДА

  Республикалық “Жолда қабылдау” акциясы аясында Петропавл қаласының тұрғыны Ильина Попова Алтынсарин көшесінің бойына қозғалысты шектеу белгісін орнату мәселесін қозғады. Бұл жерде балабақша және есту, сөйлеу кемістігі бар жандарға арналған мекемелер бар. Соңғы кезде қозғалыс жиілегендіктен, жолдан өту оларға қауіп төндіріп отырған көрінеді.

СОТ АЛДЫНДА ТАРАПТАР ТЕҢ

Билік органдарымен  арадағы түрлі дау-дамайларда азаматтардың құқы тең емес екені қоғамда жиі айтылып жүр. Әсіресе, жария-құқықтық даулар қаралатын сот өндірістерінде бұл анық байқалады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі”  Жолдауында “Азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік …

СОТ АЛДЫНДА ТАРАПТАР ТЕҢ Read More »

ИНВЕСТОРҒА КЕДЕРГІ ЖОҚ, ҚОЛДАУ КӨП

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кезекті отырысында өңірімізде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар жайлы айтылды.

JAS QYRANNYŃ ENSIKLOPEDIASY

Шал ақын ауданындағы Кеңес ауылында 1941 жылы дүниеге келген Шапет Қоспанов Алматы зооветеринариялық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітіріп, еңбек жолын 22 жасында аға зоотехник болып бастады. Түрлі жылдары “Сенжар” кеңшарының директоры, Солтүстік Қазақстан облыстық кеңшарлар тресінде аға зоотехник болып жұмыс істеді. Қазақстан кеңшарлар министрлігі мал шаруашылығы басқармасын басқарып, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстық партия …

JAS QYRANNYŃ ENSIKLOPEDIASY Read More »

БҰЛАҚТЫҚТАР УӘДЕСІНДЕ ТҰРДЫ

Енді санаулы күндерден кейін ХХІ ғасырдың жиырмасыншы жылын қарсы аламыз. Дана халқымыз төрге озатын жаңа жылдан жақсы істер, үкілі үміт күткен. 

САЙЛАУШЫЛАР СЕНІМІ ҚЫМБАТ

Үстіміздегі жылы халық пен билік арасын жалғаған “алтын көпірге” айналған Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына ширек ғасыр толып отыр. Осыған орай облыс орталығындағы Оқушылар сарайында салтанатты шара өтіп, жергілікті мәслихаттардың жұмысы қорытындыланды, алдағы жоспар сараланды. 

АЖАЛДАН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Сенбі күні таңалагеуімде Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылындағы жанар-жағар май құю стансасына бет тұрған патрульдік полицейлер Ерлан Данкин мен Азамат Букуев тұрғын үйлердің бірі өртеніп жатқанын байқайды. Сол маңайға таяп келгенде жанұшыра көмекке шақырған дауысты естиді.