«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.12.2019

ДІНИ АЛАУЫЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

“Жаңа жол” бекетінде тексерілген “ГАЗель” автокөлігінен 9 диск табылып, оның біреуінде экстремситік сипаттағы матераилдар бар болып шықты. Көлік жүргізушісі 1981 жылы туған Ресей азаматы болса, бес жолаушысы  — Қырғызстан азаматтары. 

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШЫРША

Жыл сайын осы мереке қарсаңында қоғамдық шараларға белсене қатысып жүрген үздік оқушылар, өнер, спорт салаларында жетістіктері бар, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, асыраушысынан айырылған балалардың басын қосып, Президенттік шырша ұйымдастыру дәстүрі биыл да ұмытылмады.

МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ЖҮРЕК

“Сыныпта бір оқушымның тағдыры қиын болды. Ата-анасынан ерте жетім қалды. Жалғыз ағасы бар еді. Бірде оның да өмірден озғаны жайлы қаралы хабар жетті. Мұны жұдырықтай балаға айту жеңіл тимеді. Суық хабарды естіген бойда тағдыр аямай, қайғының уын ішкен ол сыртқа ұмтылды. Дәлізге шықсам, ботадай боздап тұр екен. Баланы бас салып, бауырыма қыстым”, – деп бастады …

МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ЖҮРЕК Read More »

ЖАНЫ АШЫМАСТЫҢ ҚАСЫНДА БАСЫҢ АУЫРМАСЫН

Қызылжар – облыс орталығының іргесінде орналасқандықтан, өңіріміздегі әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары және инвестициялық қаржыны тарту тұрғысынан әлеуеті үлкен аудандардың қатарында саналады. Соңғы жылдары Бескөл мен ауданның бірқатар елді мекендеріне облысымыздың шалғай ауылдарынан және еліміздің басқа өңірлерінен қоныс аударушылар санының көбеюіне байланысты бұл ауданда шешілуі тиіс мәселелер де артып жығылады.

“SOLTÚSTІK QAZAQSTANNYŃ” WHATSAPP ЖЕЛІСІ

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8-705-463-13-29 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар.

ТОҚСАН БИ АУЫЛЫНДАҒЫ ЖАҢА МОНША

Елдің қамын ойлап, жарғақ құлағы жастыққа тимейтін отансүйгіш кәсіпкерлер әрдайым жерлестерінің қамын күйттеуге дайын. Өмірдің алуан саласында нардың жүгін көтеріп, шаруаның тізгінін ұстап жүрген басшылардың күнделікті тіршіліктің қам-қарекеті аясында қалып қоймай, халықтың тұрмысын қайтсем жақсартам деген ой миына маза, жанына тыным бермейтіні қуантады.