«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.12.2019

ЕРІКТІЛЕР ЖЕҢІСІ

“Еріктілер жылы” қарсаңында ұйымдастырылған республикалық байқауда облыстық еріктілер клубының жетекшісі Лилия Гизатуллина “Халықаралық ерікті” аталымында үшінші орынды жеңіп алды.

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАРТУ

Уәлиханов ауданында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Тоқпанов науқастарға ота жасап, кейін өнерсүйер қауымның басын қосып, концерт берді.

СИРИЯ СЕРГЕЛДЕҢІ

Соңғы темір есікті имене ашып, ішке кірдік. Ол да сарт етіп жабылды. Адам бойынан асатын биік дуал, айналдыра тікенді сым тартылған. Құс болып ұшпасаң, бұл жерге бір кірген кісінің кері шығуы қиын-ау. Ойға шомып келе жатып, арсылдай ұмтылған тайыншадай овчаркадан жүрегім зірк ете түсті. Абырой болғанда, байлаулы тұр екен, әйтпесе талап тастайтын түрі бар. Бұл …

СИРИЯ СЕРГЕЛДЕҢІ Read More »

САҒЫНЫШ ЕКЕН СОЛ БІР КЕЗ

Әкем Бәри 1968 жылы маған хат жазыпты. Ол кезде мен Қызылжар қаласында жұмыс істеймін. Музыка мектебінде сабақ беремін және №2 қазақ интернатында домбыра ансамблінің жетекшісімін. Хатында бауырларыма көмектесу үшін елге оралып, ауылдағы онжылдық мектепке жұмысқа орналасуымды сұраған екен. Осы мәселемен облыстық білім бөліміне келсем, басшымыз Мәскеуге кетіп қалыпты. Орынбасары Маташ Рамазанов еді. Ол кісімен бұрыннан …

САҒЫНЫШ ЕКЕН СОЛ БІР КЕЗ Read More »

ЖЕМҚОР ҚЫЗМЕТШІНІҢ БАСТЫҒЫ ЖҰМЫСТАН КЕТУГЕ МІНДЕТТІ

“Tіkeleı baılanys” айдарының кезекті қонағы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыстық департаментінің басшысы Ернар Баянғазин “Soltústіk Qazaqstan” газетінің электронды поштасына және “WHATSAPP” желісіне келіп түскен оқырмандардың сауалдарына жауап берген болатын. Бүгін осы сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

АШЫҚТЫҚ АЛАҢЫ

Елімізде мемлекеттік қызмет­терді электронды форматқа көшіру арқылы мемлекеттік орган жұмысының ашықтығын арттыру бағытында көптеген шаралар қолға алынуда. Петропавл қаласы, Шал ақын, Мамлют аудандарынан кейін Тимирязев және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда келушілерге қолайлы жағдай жасауды көздейтін “Ашық әкімдік” фронт-кеңселерінің ашылуы мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, “бармақ басты, көз қыстылықтың” алдын алуға септесері анық.

ӨРІСІ – КЕҢ, ҚАДАМЫ – НЫҚ

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан 1997 жылы құрылып, 2002 жылы жазушы есімімен аталды. Орталығы – Новоишимка ауылы. Аумағы 11,09 мың шаршы шақырым. Онда 40850 адам түтін түтетіп отыр. Тұрғындардың 33 пайызын қазақтар құрайды. Ауданның 17 ауылдық округі, 63 елді мекені бар.

ЗАҢСЫЗ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛҒАНДАРДЫҢ ІСІ СОТТА

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында “Әлеуметтік қамтамасыз етудің тиімді жүйесі” тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” Жолдауының және сайлауалды бағдарламасының өңірімізде жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Баспасөз мәслихаты барысында Асқар Жоламанұлы биыл өңірімізде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауға …

ЗАҢСЫЗ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛҒАНДАРДЫҢ ІСІ СОТТА Read More »

КЕДЕРГІСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қа­зақстан облысы бойынша депар­та­менті мүмкіндігі шектеулі аза­маттардың кедергісіз жүріп-тұ­руын қамтамасыз ету мақсатын­да 56 нысанға тексеріс жүргізіп, заң талаптарын орындамаған­дарға қатысты ұйғарым шығарды. Департамент қызметкерлерінің жүр­гізген жұмыстары негізінде кем­шіліктердің 50 пайызы түзе­тілді. Яғни, қоғамдық орындар мен ғимараттарда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустар орнаты­лып, олар арнайы құрал-жабдықтар­мен қамтамасыз етілді. Сон­дай-ақ, …

КЕДЕРГІСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ Read More »

ҰЖЫМ МАҚТАНЫШЫ

“Прогресс” тігін фабрикасында жұмыс істейтін Қайни Сәдуова тігіншілік өнердің қыр-сырын жақсы біледі. Қырық жылға жуық бір салада табан аудармай жұмыс істеп келе жатыр.

МЫҢ БҰРАЛҒАН АЙЫМГҮЛ

Кезінде би өнерінің құдіреті туралы ғұлама Аристотель: “Адамдардың мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі, себебі, би қимылдары әдетте сезім күйіне сәйкес келеді”, – деп айтқан екен. Шынында да, би өнерінде тылсым сыр барын ұғынған тайыншалық Айымгүл Нықышеваның қимыл-қозғалысынан-ақ өнерге құштарлықты аңғарамыз.

ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ ҚАЖЕТ

Мереке қарсаңында пиротехника дүкендерінде сауда қызған шақ. Солтүстікқазақстандықтар петарда, хлопушка және бенгаль оттары үшін кезекке тұруда. Ал төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма қызметкерлері пиротехника бұйымдарының дұрыс пайдаланылуына назар аударуда.

БАҚЫТТЫҢ БЕСІГІ

Мұғалім – мектептің жүрегі. Тәлімгерлер қауымы арасында болашақ ұрпақтың алаңсыз білім алуына, олардың тәрбиелі, жан-жақты азамат болып өсуіне зор жауапкершілікпен қарап, өз ортасында абырой биігінен көрінген жандар аз емес. Мектеп қабырғасында жүргенде сөзі мен ісі келісті, айналасына мейірім шуағын төккен ұстаздарға қарап, біз де дұрыс жүріп-тұруға, жақсы сөз айтуға талпынып тұратынбыз. Қызылжар ауданының Архангелка ауылында …

БАҚЫТТЫҢ БЕСІГІ Read More »

ДОПИНГ ДАУЫ

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы тыйым салынған препараттар қолданған спортшылар мен бапкерлерді тергеді.

МІНСІЗ ҚЫЗМЕТ ҮШІН – МАРАПАТ

Қызылжар ауданындағы “Әби-Жер” ЖШС-інің гараж меңгерушісі Гүлденер Әбішева Асанов ауылдық округі аумағындағы төтенше жағдайларды жоюға белсене ат салысқаны үшін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметі бастығының Алғыс хатына ие болды.