«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 31.12.2019

ӘР САЛАДА ӨСІМ БАР

Орталық  коммуникациялар  қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков 2019 жылдың 11 айында әлеуметтік-экономикалық салада атқарылған жұмыстарды қорытындылады. 

АҒАШТЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

Облыс полицейлері “Шырша” жедел алдын алу шарасының аясында аулаларды аралап, рейдтік тексеріс жүргізу нәтижесінде қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кескен екі адамды жауапкершілікке тартты.

ПОЛИЦЕЙЛЕР КҮШЕЙТІЛГЕН ТӘРТІПКЕ КӨШТІ

Облыс полицейлері бір күннің ішінде ішімдік ішкен 89 өңір тұрғынын жауапкершілікке тартты. Мереке күндері құқық қорғау қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы режимі аясында жұмыс істейді.

БӘРІ ДЕ БАЛАЛАР ҮШІН!

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында полицейлердің балаларына арналған жаңажылдық ертеңгіліктер өтті.

ӨСИЕТ АЙТАР ҮЛКЕНДЕР ҚАЙДА?

Мен 1938 жылы дүние есігін ашыппын. Балалық шағым қылышы­нан қан тамған қилы заманның қасіретімен тұспа-тұс келді. Қуғын-сүргіннен кейін сұрапыл соғыс басталды. Ол кезде ата-анам бала-шағасымен Қызылжарға қоныс аударған екен. Көптің бірі ретінде менің де әкем Байділда соғысқа аттанды. Ел үшін жаумен шайқасқа түскен ол 1943 жылы Бе­ларусь майданында қаза тапты. Сол кезде Петропавл қаласында жалғыз …

ӨСИЕТ АЙТАР ҮЛКЕНДЕР ҚАЙДА? Read More »

АТАКӘСІПТІҢ НӘСІБІ МОЛ

Бизнес саласын игерген әйел адамға үкімет пен қоғам тарапынан қолдау зор. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында Үкімет пен жергілікті билік органдарына кәсіп игеремін дегендерге барынша жағдай жасауды тапсырғаны мәлім. Бүгінде бұл міндетті жүзеге асыру бойынша іс-шаралар қолға алынып, кәсібін дөңгелеткен қыз-келіншектер қатары қалыңдауда.

ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТКЕНДЕР

Тарих қойнауына енген 2019 жыл өзінің жеңісті сәттерімен есте қалды. Өңір спортында елеулі жетістіктер, толайым табыстар аз болған жоқ. Бабы мен бағы келіскендер үздіктер қатарынан көрінуге тырыса білді. “Soltústik Qazaqstan” газеті спортшыларымыздың доңыз жылында жеткен жетістіктерін саралап, үздіктерді анықтады.

ӘН — ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

Қанатымен су сепкен қарлығаш­тай өңірдегі қазақ ән өнеріне үлес қосып жүрген Біржан Есжанның есімі облыс жұртшылығына ғана емес, республикаға да етене таныс. Талай байқауларда бәйге алған азамат үшін өткен жыл толағай табыстармен есте қалды.

ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

Жас буынның бойында ізгі қа­сиеттерді қалыптастыруға, олардың ішкі мәдениетін жоғарылатуға кітаптың көмегі зор. Өкінішке қарай, бүгінгі күні біз осы жайтты қаперімізден шығарып алғандаймыз.

АДАЛ ЕҢБЕК — АБЫРОЙ

Әр адамның қызметі қоғамға сіңірген еңбегіне қарай бағалана­ды. Сондықтан өмірім мен шығар­машылығымды бала тәрбиесіне және ана тіліме адал қызмет етуге арнадым. Күнделікті жұмысымда уақытпен санаспай, қайтсем де ана тілімнің мәртебесін көтеруге өз үлесімді қосуым ке­рек деген мақсат қойдым. Ал бүгінгі күні еңбегімнің жемісін көріп, шәкірттерімнің алғысына бөленіп жүрмін.

АТАЛАР СӨЗІ – АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ

“Қызылжар” орталық мешіті жанындағы әжелер мектебінің мүшелері Мағжан Жұ­мабаев атындағы гуманитарлық колледжде “Аталар сөзі – өсиет” тақырыбында “дөңгелек үстел” отырысын өткізді.

МАҚСАТ – КІРІСТІ АРТТЫРУ

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің үстіміздегі жылдағы соңғы отырысында жыл қорытындысы шығарылды. Жиынға өңір басшысының орынбасарлары, Петропавл қаласы мен аудандардың әкімдері, облыстық және аумақтық басқармалар мен департаменттердің басшылары, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

САУДАДА – СОЛТҮСТІК САБЫНЫ

Статистикалық деректерге сүйенсек, адам баласы күніне 3-4 рет қолын сабындап жуатын болса, жылына, шамамен, 1500 рет тазалық құралын пайдаланады екен. Күнделікті тұрмысымыздың ажырамас бөлігіне айналған қол жуғыш зат қалай жасалады? Оны білу мақсатымен Петропавл қаласындағы “Радуга” ЖШС-індегі сабын өндірісі цехына арнайы барған едік. Кәсіпорынның жуу құралдарын өндіретін фабрикасы былтыр қараша айында іске қосылған болатын.

ҚОЛДАУҒА РИЗАМЫЗ

Ел билігінің көпбалалы отбасыларды қолдау шаралары біздің болашаққа деген сенімімізді арттыруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыны төлеу механизмдерін ретке келтіруді, оны әділ әрі еңбекке талпындыратындай етіп түзетуді тапсырған еді.

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Спорт – денсаулық кепілі. Оның адам өміріндегі алатын орны ерекше. Себебі, спортпен жүйелі шұғылданатын адамның денсаулығы мықты болады. Жыл басынан бері атқарылған жұмысымызға баға беріп, үздіктерді марапаттайтын сәт туды. Жуырда біздің орталық жыл қорытындысын шығарып, сала үздіктерін анықтады.

ЫРЫС – ЫНТЫМАҚТА

Халық арасында “Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады” деген нақыл бар. Қазақстан ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігі жарасқан мемлекет болып орнықты. Жүздеген ұлыстың жылы ұясына айналған елімізде ішкі тұрақтылықты сақтауға Қазақстан халқы Ассамблеясының қосып отырған үлесі зор. Биыл бірлік пен қоғамдық келісімді қалыптастырудың өзегі болып табылатын бірегей институттың құрылғанына жиырма бес жыл …

ЫРЫС – ЫНТЫМАҚТА Read More »

ӘЛИЕВ ЕКІ ОЙЛЫ

Әли Әлиев – отандық футболда өзіндік із қалдырған ойыншы әрі бапкер. Биыл білікті маманның жетекшілігімен “Қызылжар” футбол клубы Бірінші лигада топ жарып, бір жылдық үзілістен кейін Премьер лигаға қайта оралды. Дегенмен, соңғы уақытта ғаламторда Әли Әлиевтің бапкерліктен кететіні туралы ақпарат тарауда.

НАРЫҚТА СҰРАНЫСҚА ИЕ ДАҚЫЛ

Солтүстік Қазақстан облысы – еліміздің басты астықты аймағы. Соңғы жылдары облыс диқандары алқаптарды әртараптандыру мәселесіне көп көңіл бөлуде. Бұған дейін тек дәнді дақылдар өсіріп келген шаруашылықтар нарықта сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіруде де әлеуеті жоғары екенін дәлелдеуде. Бұршақ тұқымдас дақылдардың, соның ішінде сояның маңызын жете түсініп отырған шаруашылықтар да баршылық.

ҚАРСЫЛАСЫН АЯМАДЫ

Кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы Ресейдің Красноярск қаласында өткен жекпе-жекте кезекті жеңіске жетті. Қазақ боксшысының қарсыласы венесуэлалық Омар Гарсия кәсіпқой рингте 17 кездесу өткізіп, оның он бесін жеңген, 12 қарсыласын нокаутқа түсірген. Он раундқа жоспарланған титулдық жекпе-жекте Айдос Ербосынұлына тиесілі “WBO Global”, “WBC Asia” және “WBA International” белдіктері сарапқа түскен болатын. Алайда, кездесу сегізінші раундта аяқталды. …

ҚАРСЫЛАСЫН АЯМАДЫ Read More »