«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 31.12.2019

ЖӘРДЕМАҚЫЛАР КӨЛЕМІ АРТТЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың “Nur Otan” партиясының 2019 жылғы 27 ақпандағы XVIII съезінде және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты халыққа Жолдауындағы тапсырмаларға сәйкес еліміздің әлеуметтік көмек көрсету жүйесі түбегейлі өзгертіліп, Үкіметке атаулы әлеуметтік көмекті бөлу тәртібін реттеу міндеттелген болатын. Осы тапсырмалар негізінде биылғы жыл жағымды өзгерістерге толы болмақ.

КОНСТИТУЦИЯ — ЖЕТІСТІГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

Қазақстан халқы бүкілхалықтық референдумда тарихи таңдау жасап, ел Конституциясын қабылдағанына биыл ширек ғасыр толады. Осы уақыт ішінде Ата заң жетістігіміздің берік кепіліне айналды. Біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатын арттыруға, бейбітшілік пен келісімге қол жеткіздік. Әр қазақстандық үшін ерекше маңызға ие Ата заңымыздың сот жүйесінде алар орны маңызды.

ҚАНАТЫМ ҚАТАЯ ТҮСТІ

Мен үшін өткен жыл же­місті де жеңісті болды. Өнер өлкесінде биік белестерге қол жеткіздім. “Славян базары – 2019” халықаралық фестива­лінде бас жүлде және “Эстрада” ата­лымы бойынша “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығына ие болдым. Қазір Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының соңғы курсында білім алудамын. Осы өнердің арқа­сында көптеген елдерге жолым түсті. Жақында Украинадан оралдым. Сол жақта …

ҚАНАТЫМ ҚАТАЯ ТҮСТІ Read More »

ДАМУ БАҒЫТЫМЫЗ АЙҚЫН

Облыс орталығынан шалғай орналасқан Уәлиханов ауданында агроөнеркәсіптік кешенді, шағын және орта бизнесті дамыту, индустриалды-иновациялық жобаларды жүзеге асыру, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды орындау, тұрғындарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар сәтті жалғасын табуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауы даму көкжиегімізді кеңейту мүмкіндігін арттыруда.

СТУДЕНТТЕР ҮЙІ САЛЫНАДЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі жоспарлы түрде шешілуде. Бұл жұмысқа инвестор тартылып, 306 орындық жатақхананың құрылысы басталды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов нысан салынатын аумақта болды.

ӨҢІР АЙНАСЫ

Өңіріміздегі қазақ баспасөзінің қарашаңырағы болып саналатын “Soltústik Qazaqstan” газетінің ал­ғашқы санының оқырман қолына тигеніне бір ғасыр толуы қарсаңындағы мерзімді баспасөзге жазылу науқаны ұжым қызметкерлері үшін іссапарларда өтті деуге болады. Облыстық әкімдікпен келісілген кестеге сәйкес барлық аудан орталықтары мен бірқатар қазақ ауылдарында оқырмандармен кездесулер ұйымдастырылып, ашық әңгіме жүргізілді.