АЖАЛЫ ОТТАН БОЛДЫ
Петропавл қаласындағы Ойқала шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер үйдің төбесінен түтін шығып жатқанын байқады. Іші де қою қара түтінге толы екен.

Соңғы күндері шамадан көп жауған қар жергілікті полиция қызметінің жұмысын қиындата түсті. Тәртіп сақшылары 133 дүкен мен сауда үйінің маңын аралап, облыстық мәслихат бекіткен ережеге сәйкес заңды және жеке тұлғалар өз ауласын шығармаған қардан тазалауы керектігін түсіндірді. Қар шығармаған 27 кәсіпкерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” Кодекстің 505-бабы бойынша айыппұл салынды.
Жамбыл ауданы Благовещенка ауылының тұрғындары үшін кезекті сапарлары сәтсіз болды. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданнан төрт көлікпен қайтып келе жатқан ауылдықтарға Айтуар ауылының маңындағы қар құрсауы бөгет болды.