«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 07.01.2020

АЮ ҚАЛАЙ ЖАЗАЛАНДЫ?

Бұрын тайганың қожайыны саналатын аю ешкімге де күн көрсетпейтін. Барлығын қорқытып-үркітіп, уысында ұстайды. Ұсақ хайуанаттар дірілдеп-қалшылдап ініне тығылса, ірі аңдар беті ауған жаққа қарай қаша жөнелетін. Аю ін мен ұяларды талқандап бұзып, аң-құстарды таптап, ешкімді де аямай, жолындағының бәрін жайпап жүреді. Аң біткеннің бәрі аюды сабырға шақырады, бірақ ол ешкімнің де сөзін құлаққа ілгісі келмейді. 

МАҢДАЙ ТЕР

Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы сушы болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да үйде отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды. 

ӨМІР БОЙЫ ТҮРМЕДЕ ОТЫРАДЫ

Айнагүл Дүйсекина мен оның 3 жасар қызын жауыздықпен өлтіріп, құнды заттары мен банк картасын қолды қылғаны үшін кінәлі деп танылған Игорь Дементьев соттың үкімі бойынша 21 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда, жәбірленушінің ағасы бұл жазамен келіспей, апелляциялық шағым түсіріп, сот істі қайта қарады. 

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚОСЫЛУ ЖЕҢІЛДЕДІ

Соңғы жылдары елімізде электр энергиясымен жабдықтау желісіне қосылу шарттарын жеңілдету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысының міндетін атқарушы Николай Борзилов осы мақсатта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы жан-жақты айтып берді. 

БАЛА ТІЛІ – БАЛ

– Мен кеше қатты құлап қалдым ғой…  – Жыладың ба?  – Жоқ!  – Жарайсың! Неге жыламадың?  – Үйде ешкім болған жоқ. 

ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ АЛАДЫ

Елімізде 1 қаңтардан бастап іске қосылған әлеуметтік қызметтер порталы оңалту құралдарына мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетеді. Олар портал арқылы протез-ортопедиялық, гигиеналық, сурдотехникалық құралдардың 24 түріне электронды түрде тапсырыс бере алады. 

КЕЛІСІМ БАСЫ – КЕШІРІМ

Дауды шешудің ең тиімді тәсілі – келісімге келіп, бітімгершілік жасау. Қазіргі таңда соттарда тараптарды татуластыру рәсімдерін дамытуға айрықша назар аударылады. Тұрғындардың сот жүйесіне сенімін арттыру үшін оларды осындай үрдістерден хабардар етіп, тиімділігін түсіндірудің маңызы зор. 

JAŃYLTPASH

Үш кіші ішік піштім, Бес кіші ішік піштім, Неше кіші ішік піштім? 

ЖАҢА ЖҮЙЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Жаңа жылдан бастап тұрғындарға медициналық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті (МӘМС) аясында көрсетілуде. 

САЛЫМШЫЛАР САНЫ АРТТЫ

  Бүгінгі таңда облысымызда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жуырда біздің филиал құрылыс компаниялармен 10 млрд. теңгенің келісім-шартын жасады. Алдағы жылдары Петропавл қаласында біздің банк желісі бойынша 60 мың шаршы метрді құрайтын 33 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілетін болады. 

ЕКПЕГЕ НЕГЕ ҚОРҚА ҚАРАЙМЫЗ?

Айнұр бүгін тағы да көз ілмей шықты. Қызының денсаулығына алаңдаған ананың көңілін қорқыныш билей бастады. “Енді не болар екен?” деген сауалға жауап іздеп, қалың ойдың құшағына енген келіншек өзінің қателігін кеш түсінгендей. Перзент бақытын көп күткен ерлі-зайыпты баланы жұрт көзіне көрсеткен жоқ. Тіпті, бір жасқа дейін балаға қойылуы тиіс екпелерден де бас тартты. Өйткені, екпенің …

ЕКПЕГЕ НЕГЕ ҚОРҚА ҚАРАЙМЫЗ? Read More »