ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢНІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
Өңірімізде 5-6 қаңтар күндері өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы белгілі болды. Білім додасына 600-ге жуық оқушы қатысты. Оқушылар 15 пән бойынша өз білімдерін сынады.
Өңірімізде 5-6 қаңтар күндері өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы белгілі болды. Білім додасына 600-ге жуық оқушы қатысты. Оқушылар 15 пән бойынша өз білімдерін сынады.
Облыстық полиция департаментінде өткен жылы атқарылған жұмысты қорытындылаған жедел кеңес өтті. Облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев пен облыс прокурорының міндетін атқарушы Біржан Мажреновтің қатысуымен өткен кеңес барысында “Есірткісіз болашақ” жылы аясындағы жұмыс қорытындыланып, Мамлют, Тайынша және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімдері марапатталса, Петропавл қалалық полиция басқармасының ардагерлер кеңесі үздік ардагерлер ұйымы деп танылды.
“Основание” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тас қалаушысы Абылай Қоңқаев – құрылыс саласында 37 жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Жиырма үш жасында алғаш рет қолына қалақ алған ол бүгінгі күні жастардың тәлімгері. Ертелі-кеш құрылыс басынан табылатын Абылай Қоңқаев жиырма жылға жуық уақыт Нұр-Сұлтан қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бой көтеруіне атсалысты.
Полицейлер заңсыз аңшылықпен айналысқан 1983 жылы дүниеге келген Петропавл қаласының тұрғынын ұстады. “Land Cruiser” маркалы автокөлігін тінту кезінде ТОЗ-78-01 маркалы, 5,6 калибрлі аңшылық мылтығы, патрондар, пышақтар және жануардың еті табылды. Көлік иесі қойдың етін үйіне апара жатқанын айтып ақталған.
Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Думан Таев Аққайың ауданындағы учаскелік инспектор Азатбек Темірханұлына қызметтік үйдің кілтін табыс етті. Трудовое ауылында орналасқан ауданы 75 шаршы метр үйді “Санта-Мария” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Павел Леонов салғанын айта кету қажет.
Әлеуметтік желілерде облыс орталығының орталық көшелерінде көлікке тіркелген үрлемелі матрацпен сырғанаған бір топ жас бейнеленген видео жарияланған болатын.
Тәуелсіз еліміздің бүгiнгi өмiрi мен оның жан-жақты дамуын мәдени мұрасыз елестету мүмкiн емес. Рухани қазынамыз ғасырлар бойы халқымыздың сана-сезiмін, өзгелерге ұқсамайтын келбетін қалыптастыруда, iзгi құндылықтардың сабақтастығын сақтауда зор әлеуетке ие болды. Бүгінде түрлі мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде оны зерделеуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Соның бірі ретінде өңірімізде айрықша маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта қалпына …
Солтүстікқазақстандық жастар, соның ішінде еріктілер “Жастар жылында” қолға алған бірқатар маңызды шараларды биыл да жалғастырмақ. Біз жастардың өздерін дамытып, кәсіби тұрғыда жетілуіне мүмкіндік жасауға тырысудамыз. Еріктілер облыстық, республикалық қана емес, халықаралық деңгейдегі шараларға да қатысуда. “Қазақстандағы үздік халықаралық ерікті” атағын иеленуіме облыс еріктілерінің атқарған нәтижелі жұмыстары септігін тигізді.
Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар қылмысының өсуіне жол бермеу. Айыртау ауданындағы Бірлестік орта мектебінде мұндай келеңсіздік пен тәртіпсіздікті болдырмауға баса назар аударылады.
Еліміздің қай түкпірінде жүрсе де, кіндік қаны тамған жерін, өскен ауылын ұмытпай, ахуалын жақсартуға үлес қосып жүрген жастар аз емес. Соның бірі – Уәлиханов ауданындағы Қулыкөл ауылының тумасы, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тұратын, жас та болса, игі істерді қолға алып, үлкендердің алғысына бөленіп жүрген Саян Мүбәраков.
Жақында халықты жаңалықтармен, маңызды ақпараттармен қамтамасыз етіп отырған интернет-порталдардың бірінде: “Q-popты тек бір бағыт деп қана қарауға болмайды. Мысалы, рухани жаңғырудың бір түрі – осы Q-pop – адамның ішкі жан дүниесі. Ал біз адам жанында әбден тап-тауырын болған дүниелермен күресеміз. Адамның ішкі жан дүниесін байыту, ой-өрісін кеңейту, адамның жүрек түкпірінде арман отын лаулатып, оның мақсатқа …
Үстіміздегі жылы құрылғанына ширек ғасыр толатын Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның өңірлік филиалдары елімізде бірлік пен бейбітшіліктің салтанат құруына жағдай жасап келеді. Осы орайда оның құрамындағы жастардың еңбегін де атап өтпеске болмайды.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Өңіріміздің намысын қорғайтын үздік оқушыларды анықтайтын білім додасына аудандық, қалалық кезеңдерде топ жарған 600-ге жуық өрен қатысты.
Өткен жылы “Бастау Бизнес” жобасы және “Жас кәсіпкер” бағдарламасы бойынша 600 солтүстікқазақстандық кәсіпкерлік негіздері курсынан өтті. Олардың 20 пайызы мемлекеттен қаржы алды.
2020 жыл – Олимпиада жылы. Әрбір төрт жылда бір айналып келетін жаһанның басты жарысы бұл жолы 24 шілде мен 9 тамыз аралығында Жапонияның бас шаһары – Токиода өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, төртжылдықтың басты додасы ең инновациялық Олимпиада болмақ.
Өнегесіне, адамгершілігіне ерекше тәнті болғанда атам қазақ: “Па, шіркін, мынау жігіттің төресі екен”, – деп тамсанатыны бар емес пе? Мұндай теңеу, әдетте, сегіз қырлы, бір сырлы азаматтарға арналған. Ауылымыздың аяулысы болған Өмірзақ Ғайсаұлын жігіттің төресі деп ауыз толтырып айтатын едік. Өмекең ел-жұртына қадірлі еді.
Облыстық “Soltústik Qazaqstan” газетінде қасиетті Қызылжар өлкесінде туып, еліміздің басқа өңірлерінде жемісті қызмет етіп жүрген, әдебиет өлкесінде өзіндік қолтаңбасы бар жерлестеріміздің шығармалары жарияланып тұрады. Назарларыңызға ұсынып отырған топтама өлеңнің авторы Гүлсара Ысмағұл 1954 жылы Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылында дүниеге келген. Әр жылдары Алматы қаласындағы “Қазақфильм” киностудиясында, Батыс Қазақстан облыстық “Орал өңірі” газетінде, М.Өтемісов атындағы университетте …
Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталуына қазақ халқы қомақты үлес қосты. Кеңес әскерінің жауынгерлік туы астында 1 миллионнан астам қазақстандық сапқа тұрды. Бір сөзбен айтқанда, әскерге әрбір бесінші республика тұрғыны аттанды. Қан төккен сол майдангерлер сапында қазақ қыздары мен әйелдері де аз болған жоқ. Біз Әлия мен Мәншүк, Хиуаз есімдерін барлығымыз жатқа білеміз.
Күлзейнеп ТӘШІМОВА, зейнеткер. Бүгін тағы ерте ояндым. Таң жаңа сыз беріп ата бастағандықтан, жерге жарық түскенше жата тұрайын деп ойладым. Үйдің іші тым-тырыс. Демалыс күні болғасын отбасындағылар қалың ұйқының құшағында. Шыбынның ызыңы ғана естілетін мына бір тыныштықта әр қимылым олардың ұйқысын бөлетіндей көрінді.
Қара аспан қақ айрылып, зымыран сынықтары жаңбырша жаууда… Тарс-гүрс… Ұшақтар көз ілеспес жылдамдықпен зу етіп аспанға көтеріледі де, төмен қарай құлдилап, жерге тиер-тиместен жарылады. Көзі атыздай болып, кереуеттен түсе алмай отырған мұны анасы қапсыра құшақтай алды.