«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.01.2020

ТАПСЫРЫСПЕН АЛҒАН ТАҒАМ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАУІПСІЗ?

Тағам жеткізу қызметінің пайда болуына байланысты кеңседен немесе үйден шықпай-ақ қалаған асыңызға тапсырыс берудің мүмкіндігі туды. Ғаламтор арқылы тапсырыс берсеңіз, аз уақыт ішінде буы бұрқыраған ыстық тағам алдыңызда тұрады. Рахат! Алайда, дайын ас қандай жағдайда әзірленді? Көпшілік тұтынатын самса, суши сияқты тағамдардың сақталу жағдайы мен мерзімі қадағалана ма? Тәбетті ашар тағамнан дәм татпас бұрын осы …

ТАПСЫРЫСПЕН АЛҒАН ТАҒАМ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАУІПСІЗ? Read More »

ЖАС ЖҰБАЙЛАР, ШАТ КҮЛІҢДЕР…

Жуырда аудан орталығында жастардың қатысуымен өткен отбасы мәселелеріне арналған “дөңгелек үстел” отырысына қатыстым. Кейінгі буын өкілдері жас отбасылардың бүгінгі жағ­дайын, тыныс-тіршілігін тал­қы­лады. Байқауымша, мұндай от­басыларда кездесетін пробле­ма­лар көп екен.

ТІСТЕРІН ТЕГІН ЕМДЕЙДІ

Жаңа жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Енді сақтандыру жүйесі аясында балалар мен жүкті әйелдерге стоматологиялық қызмет тегін көрсетіледі.

БІРЛІГІ БЕКЕМ БОСТАНДЫҚ

Мамлют ауданындағы қазағы қалың елді мекендерінің бірі – Бостандық. Көршілес ауылдар – Үшкөл, Андағұл, Жалтыр, тағы басқаларының орны үңірейіп, жұрты ғана қалған. Егер бостандықтықтар білек күшін біріктіріп, ортақ мақсат жолында бірлесіп жұмылмағанда осылардың жолын құшар ма еді?!

АТАКӘСІП — ТАБЫСТЫҢ КӨЗІ

Елімізде ет экспортын жандандыру мақсатында қолға алынған “Сыбаға” бағдарламасы қарапайым халық үшін кәсіпкер­лік­пен айналысуға зор мүмкіндік тудыруда. Біздің об­лысы­мызда да аталмыш бағдарлама арқылы несие алып, шаруа­сын дөңгелетіп отырған азаматтардың қатары жыл са­нап көбейе түсуде. Солардың бірі – Мағжан Жұмабаев ауда­нының тұрғыны Әнуар Иманбаев.

“ДҮНГЕН ҚЫЗЫ, АРМАНЫМ!”

Көзі тірісінде-ақ ел қошеметіне бөленіп, қазақ валісінің короліне айналған Шәмші Қалдаяқов мәңгілік өлмейтін талай әндерін бізге мұра етті. Соның бірі – “Дүнген қызы”. Бұл әнді Шәмші белгілі ақын Сабырхан Асановпен бірлесе отырып шығарған екен.

КИЕЛІ ЖЕР — ҚЫРКҮЙСАЙ

Іргетасы 1936 жылы қаланған Қызылту ауданындағы (қазіргі Уәлиханов ауданы) Калинин жеті-жылдық мектебінде бір кездері 700 бала білім алыпты. Теке көлінің жағасында отырған бірнеше ауылдан оқушылар қатынап оқыған. Мектеп жанында интернат болған екен. Аталмыш білім ордасында елімізге белгілі талай дарынды тұлғалар білім алғанын мақтанышпен айтуға болады. Солардың қатарында есімі Алашқа белгілі мүсінші Төлеген Досмағамбетов те бар …

КИЕЛІ ЖЕР — ҚЫРКҮЙСАЙ Read More »

САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Өңірімізде жұмыс сапарымен жүрген Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары ауыл-аймақты аралап, сайлаушылармен жүздесіп, өтініш-тілектерін тыңдауда.

ХАЛЫҚ СЕНІМІН НЫҒАЙТУ МАҢЫЗДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа белесіне шығару үшін Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізетінімізді мәлімдеді. Ол үшін Елбасы ұсынған Бес институционалды реформа мен Ұлт жоспарының толыққанды жүзеге асырылуын басты назарда ұстауымыз керек.