КӨЛІК ОТҚА ОРАНДЫ
Кеше таңертең Петропавлда автокөлік өртенді.
Кеше таңертең Петропавлда автокөлік өртенді.
Петропавлдық бойжеткен темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жүрген жігітке тұрмысқа шықты. Неке қию рәсімі ЕС-164/3 түзеу мекемесінде өтті. Күйеу жігіт 2019 жылдың қыркүйек айында тонау фактісі бойынша сотталып, екі жылға бас бостандығынан айырылған. Екі жастың неке қию рәсімін өткізу үшін түзеу мекемесіне облыстық АХАЖ қызметкері шақыртылған.
Тайынша ауданындағы Қарағаш ауылының тұрғыны жергілікті дүкеннен сатып алған мандариннің ішінен ақ түсті таблеткалар тауып алды. Әлеуметтік желі арқылы тараған ақпаратты облыстық полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы да растады. Қолымызға тиген ресми мәліметке сүйенсек, 8 қаңтар күні Қарағаш ауылының фельдшері Тайынша аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 1969 жылы туған ауыл тұрғыны жеміс ішінен …
Петропавлдық “Қызылжар” футбол командасына бас бапкер болып молдовалық маман Вячеслав Руснак тағайындалды.
Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Қызылжар аудандық ауруханасының бас дәрігері Александр Құдайбергеновтің жұмыстан шығарылуына байланысты түрлі пікірлер жазылды. Жақтаушылар да, даттаушылар да көп. Бізге белгілі болғандай, аудандық ауруханада кейбір келеңсіздіктердің орын алуына байланысты бас дәрігердің үстінен қызметтік тексеріс жүргізіліп, қызметінен босатылған. Алайда 150-ден астам медициналық қызметкер әріптесіне араша түсіп оны жұмысқа қайта қабылдау туралы …
Былтыр сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары 104 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтаса, соның 83 пайызы – жемқорлық фактілері. Бұл жайлы “Аntıkor” орталығында өткен жылды қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Ернар Баянғазин мәлімдеді.
Биыл өңірімізде 3129 көпбалалы отбасы әлеуметтік қолдаудың қосымша түрлеріне ие болады. Ал аз қамтылғандар санатына жатқызылған 8 мыңнан астам тұрғын атаулы көмекті алды. Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеудің жаңа тәртібі сөз болды.
“Qyzyljar – adaldyq alańy” жобалық кеңсесінің кураторы, облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға Петропавл қаласы әкімдігінің өкілдері, денсаулық сақтау басқармасының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті облыстық департаментінің, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мамандары қатысты.
Елімізде соңғы жылдары қолға алынған “Музейге сый тарту” акциясы аясында Қызылжар өңіріндегі музейлерге қызықты құжаттар, фотосуреттер, көне тұрмыстық заттар тапсырылуда. Осы жолы жерлесіміз, Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Абай Тасболатов облыстық тарихи-өлкетану мұражайына өзінің әскери шинелі мен профессор мантиясын тапсырды.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының 1411 байланыс орталығы енді тәулік бойы келіп түскен телефон қоңырауларына жауап беретін болады. Әлеуметтік төлемдер мен еңбек саласына қатысты кеңес беретін call-орталық қызметкерлері бұдан былай атаулы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызметтер порталының жұмысына қатысты сауалдарға, сондай-ақ, info@info.mintrud.kz электронды поштасына келіп түсетін хаттарға да жауап береді.