АЛМАТЫЛЫҚТАР – ЖЕҢІМПАЗ
Облыс орталығында волейболдан қыздар арасындағы қысқы ел біріншілігі аяқталды. Дәстүрлі сайысқа Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан, еліміздің барлық облыстарынан келген 2007-2008 жылғы спортшылар сынға түскен болатын.
Облыс орталығында волейболдан қыздар арасындағы қысқы ел біріншілігі аяқталды. Дәстүрлі сайысқа Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан, еліміздің барлық облыстарынан келген 2007-2008 жылғы спортшылар сынға түскен болатын.
Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкен ұйымдастырды деген күдікпен 1989 және 1991 жылдары туған Петропавл қаласының екі тұрғынын ұстады.
Президенттің тапсырмасына орай шетелдіктердің Қазақстан аумағында жүріп-тұруына қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қаңтардың 11-інен бастап күшіне енді. Бұл жаңашылдықтар шетелдіктердің Қазақстан аумағына енуі, болуы және әкімшілік жауапкершілігіне байланысты.
Өңірімізде жұмыс сапарымен жүрген Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Ерік Сұлтанов пен Абай Тасболатов Тайынша ауданына барып, «Есіл» құс фабрикасының және «Тайынша май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ұжымдарымен кездесті.
Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 14 қаңтар күні оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері боран болады деп күтілуде.
Уәлиханов ауданындағы “Бидайық” шекаралық бақылау бекетінде екі автокөлікті Қазақстан аумағына заңсыз енгізбек болғандар анықталды. Қазақстан азаматы Бегжан Тілдахметов мінген “Тойота Марк 2″ көлігі мен Асқар Ерқасов тізгіндеген өртсөндіргіш “ХИНО” көлігін тексергенде, олардың нөмірлері тіркеу куәлігіндегіге сәйкес келмеді.
Қала көшелеріндегі құдықтардың қақпақтар жиі ұрланады. “Jas Otan” жастар қанатының белсенділері “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесі және облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерімен бірлесіп, ашық жатқан құдықтарды анықтау мақсатында рейдтік шараларды қолға алды. Белсенділер бір күннің ішінде 68 құдықты тексеріп шықты. Үш құдықтың тиісінше жабылмағаны, бесеуінің қақпағы мүлдем жоқ екені анықталды. Ендігі міндет – …
Экологиялық қылмыстардың жолын кесуге және болдырмауға бағытталған рейдтік іс-шаралар барысында табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкері, полиция капитаны Самат Мейрамов, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкері полиция капитаны Дмитрий Цыганюк және Булаев орман шаруашылығының саятшысы Александр Шитов Мағжан Жұмабаев ауданындағы орман алқаптарын тексерді. Октябрьское ауылының маңындағы жолда “ВАЗ-21310″ автокөлігі күдік туғызды.
Биылғы жылдың 10 қаңтарынан Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті әскери басқару органдарында 2003 жылы туған 3000-ға жуық бозбаланы әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу басталды. Бұл жұмыс наурыз айының соңына дейін жалғасады.