«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.01.2020

АБАЙ ЖӘНЕ XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті. Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқы­мыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін ар­найы құрылған комиссия дайын­­дық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халық­аралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуы­мыз үшін өткізілмек. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, …

АБАЙ ЖӘНЕ XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН Read More »

ӨНЕРЛІ БАЛҒЫНДАР ЖҮЛДЕСІ

Облыс орталығындағы «Алтын бесік» балабақшасының тәрбиеленушілері Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Феерия» балалар және жасөспірімдер шығармашылығы халықаралық конкурсынан жүлдемен оралды.

ТЕМЕКІДЕН ТӨНГЕН ҚАУІП

Есіл ауданындағы Чириковка ауылында шыққан өртке сөндірілмей қалған темекі тұқылы себеп болды. Ең өкініштісі, тілсіз жау үй иесі – 1946 жылы туған ер адамның өмірін жалмады. Зейнеткер бұл үйде жалғыз өзі тұрып келген.

ЖЕРЛЕСТЕР ҚОЛДАУЫН СЕЗЕМІН

2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасындағы турнирде қола медальді қанжығасына байлаған Дариға Шәкімованың біздің жерлесіміз екенін көпшілік жақсы біледі. Соңғы кезде көп көрінбей кеткені де рас. Жуырда спортшымен хабарласып, “Сіз қайда жүрсіз?” деген дәстүрлі сауалымызды қойған едік.

ҚОРЖЫНДА – ҮШ АЛТЫН

Петропавлда жасөспірімдер мен жастар арасында спорттық акробатика және акробаттық жолақ пен батутта секіруден ҚазКСР-дың еңбек сіңірген жаттықтырушысы Анатолий Ямпольскийді еске алуға арналған VI халықаралық жарыс өтті. Оған еліміздің және Ресейдің 14 қаласынан келген 120-дан астам жас спортшы қатысты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

Сіздер басқа ақпарат құралдарына қарағанда бағасы арзан және тиімді “Soltústіk Qazaqstan” газеті арқылы ата-аналарыңызды, туған-туыстарыңызды, жора-жолдастарыңыз бен әріптестеріңізді:

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ЖАРНА АУДАРМАҒАН

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың басты бағыты – сандық жүйені енгізу, алғашқы-меди­циналық санитарлық көмек пен емдеу мекемесінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру, тегін дәрі-дәрмек пен білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда медицина саласы сандық жүйеге көшірілуде. Аудандар мен қаладағы емдеу мекемелерінде электронды кезек енгізіліп, дәрігерлдердің жұмыс жүктемесі азайған. Бұл туралы облыстық ауруханада өткен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері …

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ЖАРНА АУДАРМАҒАН Read More »

ТАТУЛЫҚҚА СЫЗАТ ТҮСІРМЕДІК

Аталарымыз “Көрші ақысы – Тәңір ақысы” дей отыра, бүтін бір елді ынтымақ пен бірлікте өмір сү­руге шақырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықты ұлтына бөліп-жармай, біртұтас ел қалыптастыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясын құруы – осы­ның айғағы. Биыл этносаралық татулық пен қатынасты, біртұтас қоғам құру мен түсіністікті басты ұстанымы еткен Ассамблеяға – 25 жыл.

ҚАЗАҚ ТОБЫН ЖАБАМ ДЕП ТУЛАҒАНЫ НЕСІ?

Облыстағы балабақшаларды сенімді басқаруға беру мәселесі көптен бері көтеріліп жүр. Ақыры осы қаңқу сөз расқа айналып, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді тәрбиелейтін 85 мекеменің үшеуіне бизнес өкілдері иелік ететін болды. Білім басқармасының іс-шаралар жоспары аясында алғаш рет қолға алынып отырған қанатқақты бағдарлама тиімділікпен жүзеге асырылса, экономикалық, басқадай да ұтымды жақтары аз болмасы анық. Басты мақсат өзара …

ҚАЗАҚ ТОБЫН ЖАБАМ ДЕП ТУЛАҒАНЫ НЕСІ? Read More »

ТӘБЕЙ БАРЛЫБАЕВ — ТОЛАҒАЙ ТҰЛҒА

Тамыры терең тарихымызға зер салсақ, Қызылжар өңірінде халықтың арманы мен аманатын арқалап, сол жолда аянбаған тұлғалардың аз болмағанына көз жеткіземіз. Азаттық алып, егемен ел атанғаннан кейін ұлттық тарихымыз қайта жаңғырып, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды. Халқымыздың мақтанышына айналған қаншама асылдарымызды танып-білуге жол ашылды. Ел-жұртының мұңын мұңдап, жоғын түгендеген, қиын күндері халқына қорған болған небір ардақтыларымызды ұлықтаудамыз. …

ТӘБЕЙ БАРЛЫБАЕВ — ТОЛАҒАЙ ТҰЛҒА Read More »

АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ

“Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. “Ғылым таппай мақтанба” деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол “Біз ғылымды сатып мал іздемек емес­піз”, – деп тұжырымдап, …

АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ Read More »

МҮМКІНДІКТЕР КӨКЖИЕГІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайына байланысты, руханияты мен мәдениетіне, қауіпсіздігіне қатысты салалар түгел қамтылып, алдағы жоспарлар нақтыланды. Соның ішінде Президент экономикалық мәселелерге ерекше тоқталып, осы саладағы көрсеткіштерді жақсарту бойынша бірнеше міндет қойып, оларды Үкімет деңгейінде, өңірлерде жүзеге асыру жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

КҮЙІК ШАЛДЫ

Елімізде өндірістік жарақаттардың алдын алу бағытын­да жұмыстар жүргізіліп жатса да, оқыс оқиғалар орын алуда. Жуырда Петропавлдағы жылу-электр орталығының қазандық машинисі жұмыс барысында күйік шалып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

БАР ҚЫЗМЕТ — БІР КЕҢСЕДЕ

Айыртау ауданында “Ашық әкімдік” фронт-кеңсесі ашылып, “Smart Aıyrtaý” қосымшасы іске қосылды. Бұл жаңашылдықтар ауыл тұрғындары үшін ауадай қажет. Мемлекеттік қызметтің қолжетімді болуы қаржыны да, уақытты да үнемдейді.

ТӘРБИЕДЕГІ АҒАТТЫҚ

Қазақ халқы талай нәубетті бастан кешті. Жаугершілік заманда ұлан-байтақ жерімізді қорғау үшін күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмеді, қолдан ұйымдастырылған аштық пен қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Одан кейін екінші дүниежүзілік соғыстың қасіретін тартты. Десе де, азаттыққа қол жеткізіп, жаңа дәуірдің жарқын сәттерін көру бұйырды. Құдайға шүкір, ширек ғасырдан астам уақыт ішінде еліміз зор қарқынмен алға жылжып, дамудың …

ТӘРБИЕДЕГІ АҒАТТЫҚ Read More »

ГАЗЕТ ОҚЫРМАНҒА НЕГЕ УАҚЫТЫНДА ЖЕТПЕЙДІ?

Жақында редакцияға Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылының тұрғыны Қырғыз Қаңтарбаев қоңырау шалды. “Soltústіk Qazaqstan” газетінің байырғы оқырманы жаңа жылдан бері ауылға пошта келмегенін айтып, он күн өтсе де қарт басылым қолына тимегеніне күйінді.

TURǴYNDAR NAZARYNA!

“Soltustik Qazaqstan” және “Qyzyljar nury” газеттеріне редакция арқылы жазылу одан әрі жалғасуда. Мекенжайымыз: К.Сүтішев көшесі, 7, тел.: 53-11-00.  

ТЕХНИКА ТІЛІНЕ ЖЕТІК

Нұрсұлтан Ғапыржанов – мұнай-газ саласына қажет бөлшектер шығаратын “Мұнаймаш” акционерлік қоғамында табысты еңбек етіп жүрген жас мамандардың бірі.