«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.01.2020

МАС ЖҮРГІЗУШІЛЕР ҚАМАЛДЫ

Петропавл қаласының екі тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Абай көшесінің бойында полицейлердің күдігін туғызған көліктің жарығы дұрыс жанбаған.

ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫ – ДӘРІГЕРГЕ ЖӘРДЕМ

Биыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасындағы жұқпалы аурулар бөлімшесінде қосымша 85 орын ашылды. Соңғы жылдары емдеу мекемесінің материалдық-техникалық базасы жақсарып келеді. Өткен жылы ауруханаға жаңа медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды.

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Парламент Мәжілісінің депутаттары Петропавлда өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейін бағдарламасы бойынша жөнделген үйлердің тұрғындарымен тілдесті. Сондай-ақ, «Береке» шағынауданындағы 100 пәтерлі тұрғын үйге барды. Бүгінгі таңда облыс орталығында 1086 көпқабатты тұрғын үйдің 80-нен астамының тозығы жеткен. 120 лифтінің ішінде істен шыққаны көп. Қалалық бюджетте бұлардың барлығын жөндеуге қажет қайтарымды қаражат жеткіліксіз. Десек те, өткен жылы қалалық …

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ Read More »

ӨҢІР АХУАЛЫМЕН ТАНЫСТЫ

Өңірімізде жұмыс сапарымен жүрген Парламент депутаттары он күн бойы елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесіп, әлеуметтік нысандардың жұмысымен, құрылыс барысымен танысты.

СУДЬЯЛАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен өңір соттарына бірнеше судья тағайындалды. Бұған дейін Уәлиханов аудандық сотының төрағасы болған Қанат Әлжанов, сондай-ақ, Ұлан Әбдірахманов, Анар Маманова және Рүстем Омаров Петропавл қалалық №2 сотының судьясы қызметіне кірісті. Сонымен қатар Қызылжар аудандық сотына Қазыбек Сағадиев, Мағжан Жұмабаев аудандық сотына Мирас Нағайбаев судья болды. Ал Айыртау аудандық №2 сотының төрағасы …

СУДЬЯЛАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Read More »

ESKERTÝ!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 16 қаңтар күні оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері борандатуы мүмкін.

МАС ЖҮРГІЗУШІ АДАМ ҚАҒЫП КЕТТІ

Солтүстік Қазақстан облысында адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасы орын алды. Мамлют ауданының Дубровное ауылында қас қарайған шақта үш ер адам «ВАЗ 2106» көлігін «ЗИЛ» жүк көлігіне троспен тіркеп жатқан кезде, сол маңайдан өтіп бара жатқан «УАЗ» жүргізушісі сынған көлік пен оның иесін соғып кеткен. Дубровное ауылының 1986 жылы туған тұрғыны алған жарақаттардан оқиға орнында …

МАС ЖҮРГІЗУШІ АДАМ ҚАҒЫП КЕТТІ Read More »

БАЛАНЫҢ КӨҢІЛІ – ДАЛАДА

2019 жылы түнгі уақытта көше кезген 3884 жасөспірім ұсталып, полиция органдарына жеткізілді. Кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта далада және көңіл көтеру орындарында жүргені үшін олардың 2373 заңды өкілі мен көңіл көтеру орындарының 26 иесі жауапкершілікке тартылды. 237 кәмелетке толмаған бала, сондай-ақ, 249 қолайсыз отбасы есепке қойылды. Осының бәрі мүдделі органдармен бірлесіп өткізілген 700-ге тарта рейд …

БАЛАНЫҢ КӨҢІЛІ – ДАЛАДА Read More »

КӨЛІК ТІРКЕМЕСІ АУДАРЫЛҒАН

Дүйсенбі, 13 қаңтар күні Мамлют ауданының Покровка ауылының жанындағы айналма жолда «КамАЗ» көлігінің тіркемесі аударылып қалды. Тіркемеде 20 тонна тақтай болған. Көлік жүргізушісі, Шымкент қаласының 42 жастағы тұрғыны рөлге ие бола алмай қалыпты. Ол жүкті Ресейдің Түмен қаласынан Бішкекке дейін жеткізуі тиіс болған.

ЗАМАНАУИ ТІРКЕУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ

Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметтік автокөліктері “Streamax” автомобильдік бейнетіркеу жүйесімен жабдықталды.