ЕҢ ҚЫМБАТ ОЙЫНШЫЛАР
Әйгілі “CIES Football Observatory” зерттеу орталығы өзінің ресми сайтында қазіргі таңдағы ең қымбат футболшылардың тізімін жариялады.
Әйгілі “CIES Football Observatory” зерттеу орталығы өзінің ресми сайтында қазіргі таңдағы ең қымбат футболшылардың тізімін жариялады.
Биылғы 28 қаңтар мен 2 ақпан аралығында футзалдан әлем чемпионатының іріктеу турнирі өтеді.
Елордалық “Барыс” хоккей клубы ҚХЛ-дің кезекті турында Ресейдің “Салават Юлаев” командасын 5:3 есебімен жеңді.
Қаңтардың 11-і күні Швейцарияның Лозанна қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІІ Олимпиада басталды.
Жартылай орта салмақта күш сынасып жүрген кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев өзінің келесі жекпе-жегін 25 қаңтарда Канаданың Монреаль қаласында өткізеді.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов жақын арада “UFC” ұйымымен келісімшартқа отырады.
Осы уақытта ауылымның үйiр-үйiр жылқысы қалың қар астындағы шөпті тебіндеп, шұрқырай жайылып жататын еді, шіркін! Қазiр қылқұйрықтың өзi түгiл, iзi де жоқ бұл маңда… Күміске малынған орман ортасында орналасқан Алқа ауылының жұртында төрт шаңырақ қана қалды. Үңірейген үйлер мен құлаған қабырғаларға көзім түскен сайын көңілім құлазиды. Бұл жолы да төңіректі көзбен шолып өтіп, атымды ерттедім …
Қызылжардағы “Табиғат балалары” ботаникалық бағындағы стрелиция немесе “Жұмақ құсы” гүлі осымен 12-ші рет гүлдеді. Әдетте көктемде гүлдейтін өсімдік баққа бүгінде ерекше сән беріп тұр. Бұл өсімдікті бізге осыдан 12 жыл бұрын қала тұрғыны сыйға тартқан болатын. Ол стрелицияны 16 жыл бойы өсіріп келген екен.
* Жер бетіне жауған әрбір қар қиыршығы өзгеше. Тіпті, екі түйір қар қиыршығы бір-біріне ұқсамайды екен. Әрбірі өзіне тән кескінімен ерекшеленеді.
1980 жылдан бері Арктикада 2,5 миллион шаршы километр мұз жойылып кеткен. Бұл, шамамен, Қазақстанның аумағына тең.
Былтыр облыс экологтары аудандарға шығып, қоқыстың белгіленбеген жерге төгілуінің 100-ге жуық фактісін анықтап, тәртіп бұзушылықтардың жолын кескен болатын. Ал ғарыштан жасалған түсірілім өңірімізде әлі де рұқсат етілмеген 900-ге жуық қоқыс орнының барын анықтап отыр.
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірімізді 378 омыртқалы жануар түрі мекен етеді. Олардың 57-сі – сүтқоректі. Құстың – 283, бауырмен жорғалаушылардың – 5, қосмекенділердің – 6, балықтың 30-ға жуық түрі бар.
Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеу бойынша былтыр атқарған жұмыстарын қорытындылады. Өңірімізде бір жыл ішінде 169 адам жоғалып, соның 159-ы табылған.
Петропавл қаласының тұрғынына қаңтар айынының басында микроқаржы ұйымынан алынған несиесінің кезекті төлемі өтелгені туралы хабарлама келген. Ол несие алмағанын айтып, полицияға шағымданды. Оның интернет-алаяқтық құрбанына айналғаны анықталды. Бұған дейін мұндай жағдай біздің өңірімізде кездеспеген.
Жуырда Шал ақын аудандық ардагерлер кеңесі әлеуметтік нанның бағасы былтыры жылдың сәуірі мен қарашасы аралығында 12 пайызға, ал жалпы жыл басынан бері 32 пайызға қымбаттағанын айтып, тиісті орындарға шағымданған еді.
Аздаған үзілістен кейін Премьер лигаға қайта оралған “Қызылжар” футбол клубы жылды ауыс-түйіспен бастады. Жерлестерімізді жоғары лигаға алып шыққан бас бапкер Әли Әлиев қызметінен кетіп, орнына жаңа маман келді, клубтың биылғы бюджеті бекітіліп, футболшыларды іріктеу жұмыстары басталды. Осы және басқа да мәселелер баспасөз мәслихатында сөз болды.
Облыстық полиция департаментінде 17-18 қаңтар күндері азаматтарды қабылдау өтеді. Қабылдауға алдын-ала жазылудың қажеті жоқ. Бұл шара “Жолда қабылдау” республикалық акциясының бірінші кезеңі аясында ұйымдастырылып отыр.
Қынаменде – ұлттық ойын-сауық кеші. Ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың “Қынаменде, жар-жар мен беташар бар, өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?” – дегені бар. Құда түсіп, уәде пісіп, қалың мал төлеген соң күйеудің атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы “қынаменде” деп аталады.
Облыс орталығындағы “Алтын бесік” балабақшасының тәрбиеленушілері Нұр-Сұлтан қаласында өткен “Феерия” балалар және жасөспірімдер шығармашылығы халықаралық конкурсынан жүлдемен оралды.
Бүгінде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық өзекті мәселелердің біріне айналуда. Мамандар шаңырағы шайқалған отбасылардан шыққан, әлімжеттікті көріп өскен балалардың тәртіп бұзуға бейім тұратынын айтады.