ТАШКЕНТТЕГІ ҚОС ЖЕҢІС
Шайбалы хоккейден ашық ел біріншілігі қыза түсті. Бәсеке жолында 11 команда жүр. Қоржынында 76 ұпайы бар қызылжарлық “QULAGER” хоккей клубы турнир кестесінде алтыншы орында келеді.
Шайбалы хоккейден ашық ел біріншілігі қыза түсті. Бәсеке жолында 11 команда жүр. Қоржынында 76 ұпайы бар қызылжарлық “QULAGER” хоккей клубы турнир кестесінде алтыншы орында келеді.
Мағжан Жұмабаев ауданындағы Веселовка ауылында қамыстан салынған үй өртенді. Қырық шақырым қашықтықта орналасқан Возвышенка ауылындағы №22 өрт сөндіру қосынының қызметкерлері келіп жеткен кезде үй қызыл жалынға оранған еді. Өртсөндірушілер тілсіз жаумен күреске бірден кірісіп, бар күштерін салғанымен, аумағы 90 шаршы метр үй толығымен өртеніп кетті. Өрттен келген шығын көлемі мен себебі анықталу үстінде.
Облыс орталығындағы Достық үйінде “Дуслык” татар-башқұрт мәдени орталығының ұйымдастыруымен Петропавл қаласының құрметті азаматы, ҚазКСР ағарту ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Рашида Давлеткильдееваны еске алу кеші өтті.
“Автобус” жедел алдын-алу шарасы барысында өңір полицейлері жүргізушілердің құжаттарын, жолаушылар тасымалдайтын көлікті қолдану ережелерінің сақталуын, автобустардың техникалық жағдайын тексерді.
Петропавлдағы ірі сауда орнының екі қызметкері қымбат кір жуғыш машинаны қателесіп белгісіз біреуге апарып тастағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін еді. Алайда қалалық полиция басқармасының тәртіп сақшылары Әсел Ақтайлова, Шалқар Оразбаев, Қанат Орынбасаров пен Ғабит Әшкенов жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында тауарды алған қала тұрғыны табылды. Ол олжасын қаптамасынан шығармаған күйінде қайтарды. Сол үшін сауда орнының басшылығы …
Соңғы кезде Ресейде және Арменияда есепте тұрған көлік құралдарын пайдалануға байланысты мәселе қызу талқылануда. Көпшіліктің көкейіндегі осы сұраққа “Жолда қабылдау” акциясы аясында өңір полицейлері жауап берді. Иван Шматов Ресейдегі туысының атына ресімделген машинамен сенімхат бойынша жүріп жүргенін айтты. “Енді не істеуім керек? Қазақстанда жүре аламын ба, әлде көлікті елден шығаруым керек пе?” – деген сұрақ …
Петропавл қаласындағы «Достық молл» сауда үйінде өткен «Салық туралы қарапайым тілмен» атты республикалық акция барысында есепшілер мен кәсіпкерлер тәжірибелі мамандарға өз сауалдарын қою мүмкіндігіне ие болды. Қаржы министрлігі – адалдық алаңы” жобалық кеңсесі аясында ел көлемінде өткізілген шараның басты мақсаты – жиналған қауымды жаңа жылдан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен таныстыру.
Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 21 қаңтар күні түнде өңір аумағында қар жаууы мүмкін екенін ескертеді. Кейбір жерлерде тұман түсіп, боран соғады деп күтілуде.
Петропавл қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы өңірдегі барлық білім ошақтарымен ынтымақтаса жұмыс істеуді дәстүрге айналдырған. Жас жеткіншектердің болашағына бей-жай қарамайтын кітапхана ұжымы олардың мамандық таңдауына қатысты іс-шараларды жиі өткізеді. Өйткені адам баласы үшін өз мамандықты дұрыс таңдау маңызды.
Өңірімізде түрлі деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беруі басталды. 15 қаңтардан бастап бір ай бойы 600-ден астам есептік кездесу өткізу жоспарланған. Белгіленген кестеге сәйкес ауылдық округ әкімдері 401, аудандар мен Петропавл қаласының әкімі 201 кездесу өткізуі тиіс. Жылдағы тәртіп бойынша алдымен ауылдық округ әкімдері есептік кездесулер өткізіп, алдағы мақсат-міндеттермен таныстырады.
Өткен жылы облыста тіркелген 104 сыбайлас жемқорлық фактісінің 11-і мемлекеттік сатып алу саласында орын алып, 582,1 млн. теңге шығын келді. Бұл жайлы облыс әкімінің орынбасары Антон Федяевтің қатысуымен өткен жұмыс кездесуінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бастығы Ернар Баянғазин мәлімдеді.
Ұлттық банк өкілдері “Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережелеріне өзгерістер енгізу туралы” қаулыға түсініктеме берді. Жаңа ережеге сәйкес қазір айырбастау пунктінің ең төменгі жарғылық капиталы Нұр-Сұлтан қаласында, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында орналасқан айырбастау пунктері үшін 100 миллион теңгені құрайды.
Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатында облыстық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы атқарған жұмыстары сараланды. Облыстық кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Жеңіс Қазиевтің айтуынша, кәсіпкерлер құқығын қорғау, әкімшілік кедергілерді жою және саланы дамыту бағытында тындырымды істер атқарылды.
Жас ұлғайған сайын өткен күндер жиі еске оралады. Әсіресе, отбасыммен өткізген бақытты сәт өмірімнің жарқын көрінісі іспетті. Отбасы – адам баласының алтын ұясы, түп қазығы. Біздің халқымызда “Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар ” деген мақал бар. Төрт көзіміз түгел дастарқан басына жиналып, арқа-жарқа боламыз. Балалардың күлкісін көруден асқан бақыт бар ма?! “Адам ұрпағымен …