«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.01.2020

УАҚТЫЛЫ КӨМЕК

Тимирязев ауданы Тимирязев ауылындағы №18 өрт сөндіру бөліміне хабарласқан әйел Ленин ауылында жасы 80-нен асқан әкесі Ғабидолла Қасеновке шұғыл медициналық көмек қажет екенін, ал ауа райы жағдайына байланысты аудандық ауруханадан дәрігерлер келе алмайтынын айтқан.

ОТТЫ ЖЫЛДАР ЖАРАСЫ

Сұрапыл соғыстың жүрекке сал­ған жарасы әлі жазылған жоқ. Жаудың бетін қайтару үшін азаматтар майдан даласында ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Менің әкем Ілияш Құдайқұлов пен нағашым Әлімжан Баймағанбетов те оқ пен оттың ортасында жаумен шайқасты. Әкем сол зұлматтан елге аман-есен оралса, нағашым тұтқынға түсіп, жазықсыз жапа шекті. Алдымен бай тұқымы деп қуғын-сүргіннің қасіретін тартқан Әлімжан Баймағанбетов …

ОТТЫ ЖЫЛДАР ЖАРАСЫ Read More »

БИЛІК БҰҚАРАҒА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауында қоғамды елең еткізерлік жаңалық аз емес. “Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес. Бұл – біздің ұстанатын басты қағидатымыз. “Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет”. Біз бұл мақсатқа әлі де …

БИЛІК БҰҚАРАҒА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ Read More »

ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНДЫ

Облыс орталығында қар тазалау жұмыстары қарқын алды. Бүгінгі күнге дейін шаһар аумағынан 120 мың текше метр қар шығарылды. Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Дулат Шәріповтің айтуынша, биыл облыс орталығы 9 аумаққа бөлініп, 12 коммуналдық кәсіпорынға бекітілген.

ЕСКЕРТУ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 22-23 қаңтар күндері өңір аумағында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 30 метрден асуы мүмкін екенін ескертеді. Қар жауып, боран соғады деп күтілуде. Кейбір жерлерде көктайғақ болуы ықтимал.

ЕРІКТІЛЕР БАСТАМАСЫ

Қазақстан халқы облыстық ас­самблеясында еріктілер қозғалысының орталығы ашылды. Орталық әлеуметтік көмек, білім беру, спорт және медиаторлық бағыттар бойынша жұмыс істейді. “Волонтер жылы” аясында ашылған орталықтың тұсаукесер салтанатында енді ғана ерікті болған жастарға арнайы куәліктер мен төсбелгілер табысталып, шеберлік сағаттары өткізілді.

АЛМАТЫҒА КҮНДЕ ҚАТЫНАМАҚ

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша өңірімізде ұшақ қызметін пайдаланушылар саны 2018 жылға қарағанда екі есе көбейген. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Балахонцевтің мәліметінше, былтыр өңірде 39 мың жолаушы діттеген жеріне жету үшін ұшақты таңдаған. Бүгінде Петропавл халықаралық әуежайынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына аптасына екі рет қатынайтын авиарейстер бар. – “FlyArystan” авиакомпаниясымен …

АЛМАТЫҒА КҮНДЕ ҚАТЫНАМАҚ Read More »

ҚАРАУСЫЗ МАЛ — ҰРЫҒА “ОЛЖА”

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт То­қаев былтыр Үкіметке мал ұрлаушыларға жазаны күшейтуді тапсырған болатын. Өйткені, мал – ауыл халқының күнкөрісі. Нарықтағы еттің бағасы қымбаттаған сайын, оңай жолмен пайда тапқысы келетіндердің де қатары жыл санап артып келеді. Ал қыс мезгілінде, әсіресе, соғым кезінде мал ұрлығының жиілеп кететіні де рас.

ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал өнімдерін стандарттау бөлімінің басшысы Смайыл Сейітбеков “Қызылжар” орталық мешітінде өңір кәсіпкерлерінің басын қосып, халал өнімдерді стандарттауға қатысты семинар өткізді.

ҰЛДАР КӨБІРЕК

Өткен жылы өңірімізде 6364 сәби дүниеге келді. Соның 3280-і – ұл, 3084-і – қыз. Нәрестелердің 43 пайызы облыстық перинаталдық орталықта туды. Бала туу көрсеткіші бойынша, Уәлиханов және Шал ақын аудандары алда тұр. 2018 жылмен салыстырғанда бір жасқа дейінгі бала өлімі 17,2 пайызға кем. Жалпы өңірде 549,2 мың тұрғын бар. Ал олардың дені ауылда тұрады.

АУЫЛДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

Жамбыл ауданының мектепте­рін­де “Ата сөзі – ақыл көзі” тақыры­бында тәрбие сағат­тары өтіп жа­тыр. Жақында өзіміз оқыған Баян орта мектебінің директоры Асқар Сұ­раға­новтан осы білім ордасы­ның бір топ түлектері шақырту ал­дық. Аға ұрпақ өкілінің мол тәжіри­бе­сі, өмірден көр­гені мен түйгені, ақыл сөзі әр уақыт жас­тарға бағыт-бағдар берген, болашаққа жол сіл­теген. Үлкендердің өнегесін көңілі­не түйіп, өмі­ріне серік …

АУЫЛДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ Read More »

ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРГЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛМАҚ

Қазақстанда шетелден әкелінген, алайда, арнайы тіркеуден өтпеген көліктердің жүруіне тыйым салу мәселесі қызу талқылануда. Арғысы Армения, бергісі Бішкектен “темір тұлпар” әкеліп тізгіндегендер бұл талапқа өз наразылығын білдіруде. Өткен демалыс күндері Петропавл қаласының бір топ тұрғыны Жуков көшесінің бойына шығып, заң талаптарына қарсылық танытты. Мәселенің мән-жайын анықтап көруге тырыстық.

АМАНҒАЛИДЫҢ АЛТЫНЫ

Францияда грек-рим күресінен өткен Гран при додасында солтүстікқазақстандық балуан Аманғали Бекболатов алтыннан алқа тағынды. Ел намысын қорғау үшін құрама сапына үздік жиырмаға жуық балуан алынған болатын. Халықаралық турнирдің қорытындысында спортшыларымыздың бесеуі ел қоржынына медаль салды.

АУЫЗСУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Тәуелсіздікке қол жеткен күннен бері ел тұрғындарын сапалы ауызсумен қамту мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Қызылжар өңірінде де ауызсуға зәру ауылдар аз емес. Өзекті мәселені шешуге қомақты қаражат жұмсалып, көптеген жұмыстар атқарылуда. Биыл облыста 207 шақырым су құбырын қалпына келтіріп, 310 колонка орнату міндеті тұр.