АРДАГЕРЛЕР САЛҒАН ӘНДЕР-АЙ!
Академиялық ардагерлер хоры жыл басталысымен гастрольдік сапарларын бастап кетті. Өнерпаз қариялар облыс орталығындағы бірнеше оқу орнын аралап, студент жастарға өз өнерлерін паш етті.
Академиялық ардагерлер хоры жыл басталысымен гастрольдік сапарларын бастап кетті. Өнерпаз қариялар облыс орталығындағы бірнеше оқу орнын аралап, студент жастарға өз өнерлерін паш етті.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», демекші, жуырда Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің студенттері тағы бір қайырымды іс тындырды. Белсенді ұлдар облыс орталығындағы Аналар үйі маңындағы жиналып қалған қарды сыртқа шығарып, ауланы күл-қоқыстан тазартты. Қыздар жағы болса, жаңа туған сәбилерінен қолы босамайтын жас аналардың ыдыс-аяқтарын реттеп, едендерін жуып берді.
Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 22-23 қаңтар күндері оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 30 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болуы ықтимал.
Петропавл қалалық полиция басқармасы криманалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Қызылжар аудандық полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп, бірнеше дүкенді тонады деген күдікпен үш адамды қолға түсірді.
Облыс әкімі, “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов Айыртау ауданының орталығы – Саумалкөл ауылында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
22 қаңтар күні сағат 10.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына және Ақмола облысындағы жолдардың жабылуына байланысты, республикалық маңызы бар “Екатеринбург-Алматы” автожолының М-36 835-856 шақырымында (Чистополье ауылы – Ақмола облысы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді. Сурет 24.kz сайтынан алынды.
Облыс орталығынан келген өнерпаздар Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылының тұрғындарына концерт қойды. Жомарт Қалиев, Қайрат Досқаев, Владимир Лебедев пен тағы басқа өнерпаздардың келетінін естігін ауыл тұрғындарының қуанышында шек болған жоқ. Мәдениет үйіне жиналған көрерменнің көңілін көтерген өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты. «Зенченко және К» коммандиттік серіктестігінің басшысы Геннадий Зенченконың қолдауымен ұйымдастырылған концертті бір деммен тамашалаған көрермен өнерпаздарға …
Облыс орталығында Қазақстандағы АҚШ елшілігінің және ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының бірлескен жобасы жүзеге асырылуда.
Былтыр Петропавлда көпқабатты үйлер мен өзге де үй-жайлардың қабырғаларына есірткі сататын сайттардың атауын жазған төрт адам ұсталып, ұсақ бұзақылық жасағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал биылғы жылғы қаңтардың 11-інен бастап күшіне енген заңнамадағы өзгерістерге сәйкес осындай іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Қайрат Қасымбеков брифинг пен әлеуметтік желілердің …