«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.01.2020

ШЕТЕЛДІКТЕРДІ ТІРКЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

2020 жылғы 11 қаңтардан бас­тап “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қыл­мыстық, қылмыстық-процестік заң­на­маны жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын кү­шейту мәселелері бойынша өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу ту­ра­лы” Қазақстан Республикасы­ның Заңы күшіне енді.

ҮШІНШІ ҚАЗАҚ СЫНЫБЫ

Елімізбен шекаралас Ресей Федерациясының Түмен облысында игі іс қолға алынып, қазақ сыныптары ашылуда. Бұл – аталмыш облыста ашылған үшінші сынып. Бұған дейін қазақ сыныптары облыс орталығы мен Упоров кентінде ашылған болатын. Енді Голышманов ауылында тұратын қаракөздеріміз де ана тілінде білім алады. Қазір 1-3 сынып аралығында 40 бала ана тілін үйренуге кірісті. Ауыл тұрғындары үшін бұл …

ҮШІНШІ ҚАЗАҚ СЫНЫБЫ Read More »

ESKERTÝ!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 25 қаңтар күні батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 23 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

ТОҒЫЗ МАС ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда жолдың қардан аршылған бөлігімен емес, тазаланбаған жағымен жүріп келе жатқан «Лада Priora» автомобиліне полицейлердің назары ауды. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатқанда, салоннан ішімдік иісі мүңкіп тұрғанын аңғарды. Медициналық куәландыру 1975 жылы туған жергілікті тұрғынның мас екенін көрсетті. Ол 2017 жылы аудандық соттың қаулысымен 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған. Куәлігін қайтарып алуына …

ТОҒЫЗ МАС ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ Read More »

ТАҒЫ БІР КАЗИНО АНЫҚТАЛДЫ

Петропавлдағы қонақүйлердің бірінің жертөлесінде орналасқан заңсыз казино бары анықталды. Заң бұзушыларды екі ай бойы бақылауға алған облыстық экономикалық тергеу департаментінің мамандары ақыры құрықтады.