411 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткізілген брифингте облыс жолдарындағы жедел жағдай туралы мәселе қаралып, құтқару жұмыстарының нәтижесі жария етілді.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткізілген брифингте облыс жолдарындағы жедел жағдай туралы мәселе қаралып, құтқару жұмыстарының нәтижесі жария етілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 28 қаңтарда 2020 жылғы үлгідегі 200 теңгелік монеталарды айналымға шығарады.
Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Жас қаламгер” клубының және Михаил Аверин атындағы облыстық әдеби бірлестігінің мүшелерімен кездесу өткізілді.
Патрульдік полиция батальонының инспекторлары, полиция кіші лейтенанты Руслан Қыдырмин, полиция лейтенанты Мұратхан Құсайынов және учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Анатолий Колыванов «Мінсіз қызметі үшін» медальдарына ие болды. Сондай-ақ, әріптестерінің алдында полиция майорлары, учаскелік полиция инспекторы Рүстем Тасболатов пен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор Роза Башеноваға алғыс жарияланды.
Жедел-құтқару жасағы қызметкерлері сапалы, жедел әрі нәтижелі жұмыс істеуі үшін олардың көңіл-күйі жақсы болғаны керек және психологиялық-эмоциялық жағдайының тұрақтылығы маңызды. Бұл жолы ұжым бос уақыттарын ботаникалық бақта өткізуге бел буды. Мұндай іс-шаралар күнделікті бірқалыпты қызметті жандандыруға және жағымды эмоцияларға бөленуге мүмкіндік береді. Сондықтан жеке құрам саяхатқа шығуға қуана келісті. Құтқарушылар бір-бірімен бейресми жағдайда әңгімелесіп, жұмыстан …
Мамлют ауданындағы учаскелік инспектор “Opel Frontera” көлігін тоқтатады. Осыдан төрт ай бұрын ішімдік ішіп алып, көлік жүргізгені үшін жазаланған 43 жастағы ер адам тағы да мас екен. Бірақ бұл жолы ол есірткі қолданғаны анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Көлігі тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Оған енді жүргізуші куәлігі мүлдем берілмейді.
Соңғы күндері тынымсыз жауған қар салдарынан тәртіп сақшыларының жұмысы да көбейді. Бұған дейін учаскелік инспекторлар өз учаскелерін аптасына бір рет араласа, енді күнде табандарын тоздыруға мәжбүр. Олар көшелердің қардан қаншалықты тазаланғанын, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына кедергі келтірілмеуін тексереді. Сондай-ақ, тұрғындардың арыз-шағымдарына құлақ түреді. Мәселен, жуырда дүкен ауласындағы қарды жолға қарай күреп тастаған қалалыққа қатысты …
“Soltústik Qazaqstan” газетінің “Tikeleı baılanys” айдарының кезекті қонағы – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2019 жылдың қазан айында шетке шығарылатын тірі мал экспортын шектеу жөніндегі шешімін өзгертіп, мал экспортына тыйым салды. Қазақстанның экономикалық саясаты экспортты арттыру керек деген талапты ұстанып отырғанда, бұл алғашында соған қарсы шешімдей болып көрінгені рас.
Суретші болу бала күннен бергі арманым еді. 1977 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының сәулет факультетін тамамдағаннан кейін Смоленск қаласында еңбек еттім. Бірер жылдан кейін туған жерім – Петропавлға қайта оралып, жобалау институтында жұмыс істедім. Петропавл қаласының бас сәулетшісі қызметін атқардым. Зейнет демалысына шыққаннан кейін бала күнгі арманым – сурет салуға ден қойдым.
“Шығыстың Аристотелі” атанған ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Оқушылар сарайында “әл-Фараби мұрасы – асыл мұра, рухани қазына” атты облыстық жыр мүшәйрасы өтті. “Soltústik Qazaqstan” газеті мен әл-Фараби мектеп-лицейі бірігіп ұйымдастырған шарада қала және аудан мектептерінен келген өрендер тырнақалды туындыларын оқыды.
Петропавл қаласындағы Спорт сарайында “Soltústik Qazaqstan” газетінің 100 жылдығына орай шағын футболдан облыстық турнир өтті. Спорттық шараның салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жарасбай Сүлейменов өңірдегі қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – “Soltústik Qazaqstan” газетінің тарихына қысқаша тоқталып, командаларға сәттілік тіледі.
Ел ішінде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған тағылымды іс-шаралар жалғасын табуда. Жуырда Алматы қаласында мектеп оқушылары арасында өткен Абайтану олимпиадасы жас буын арасында ұлы ақын мұрасын насихаттауға арналды. Ақын шығармашылығын жан-жақты зерттеп, өзара бақ сынасуға ден қойған жастардың білім додасына ерекше дайындықпен барғанын аңғардық.
Қазіргі уақытта облыс орталығында лифтілердің басым бөлігінің тозығы жеткен. Петропавл қаласында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерде 350 лифті болса, көбі ауыстыруды талап етеді. Сондықтан қала тұрғындары біздің департаментке лифтілерді ауыстыру бойынша өтініш айтып, жиі хабарласады.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2019 жылдың соңында “Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің Қызылжар аудандық Мәдениет үйі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында субсидияларды пайдалану, жалақы және коммуналдық төлемдерді есептеу мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара жүргізді.
Соңғы жылдары автокөлік құжаттарын электронды түрде рәсімдейтін қазақстандықтар саны біршама артқан. Электронды үкімет порталы арқылы көлігін тіркеп, жүргізуші куәлігін ауыстырған жүргізушілер онлайн жүйенің тиімді екеніне көз жеткізуде.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстанға әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеу және есепке қою мәселесіне арналған баспасөз конференциясы өтті.