«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.01.2020

ҒАРЫШТАҒЫ ҚОҚЫС

Жер орбитасында 15-20 мың шамасында ұшып жүрген ғарыштық денелер бар. Олар кезінде ұшқан ракета, корабль немесе халықаралық ғарыш стансасында пайдаланылған заттар екен.

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Қазір Қытайда тараған дерт бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарында аспан асты елінде қауіпті індеттен көз жұмған адамдардың саны 100-ден асқаны айтылуда. Әлем елдерін уайымға салған вирус жайлы күн сайын жаңа мәлімет тарауда.

ТАМАҚ САПАСЫН АНЫҚТАЙДЫ

Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Нәби Ғали сүт, ет сынды тағамдардың сапасын анықтайтын индикатор ойлап тапты. Жас ғалымды мұндай жаңалық ашуға әжесінің білместікпен ашыған сүттен тамақ пісіріп, ұшынып қалуы себеп болған. Оқушыға биология пәнінің мұғалімі Садат Демеубаев жетекшілік етіп, бағыт-бағдар берген. Олардың ендігі мақсаты – жаңашылдықты қолданысқа енгізудің жолдарын табу.

ТӨБЕЛЕСТІҢ САЛДАРЫ

Петропавл қалалық соты облыс орталығындағы “Блюз” мейрамханасының маңында адам өлтірді деп айыпталған Қажымұрат Айып пен Әкімбай Садыбековке қатысты үкім шығарды.

ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНЕ «САЯХАТ»

Сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктер атқарып отырған қызметіне қарамастан заң жүзінде қатаң түрде жауапкершілікке тартылады. Осыны еске салу мақсатында облыстық басқарма басшылары үшін «ЕС-164/1» түзету мекемесіне «саяхат» ұйымдастырылды.

САБАҚ БОЛМАЙДЫ

Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасының -25 градусқа дейін суытып, оңтүстік-батыстан секундына 2-4 метр жел тұруына байланысты білім мекемелерінде 0-4-сыныптарда сабақ болмайды.  Сурет https://kstnews.kz/ сайтынан алынды.

БАСПАНА САЛУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатында облысымызда «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, жыл басынан бері бағдарламаға енгізілген өзгерістер туралы есеп берілді.

ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ҚАРТТАРҒА КӨМЕК

Петропавл қалалық полиция басқармасының тергеушілері мен анықтаушылары қардың толассыз жаууына байланысты Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі 91 жастағы Анна Григорьевна Милютинаның үйіне көмекке барды. Полицейлер үйдің маңындағы қарды әп-сәтте күреп тастады.

СТУДЕНТТІК ШӘКІРТАҚЫНЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН КӨЛЕМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Еске салсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында 2020 жылдың қаңтар айынан бастап студенттерге, магистранттарға және докторанттарға шәкіртақының 25%-ға артатынын жариялаған болатын. Кейін аталған тапсырманың қалай жүзеге асырылатыны туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетов айтып берді.