ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ
Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабековтің қорытынды есеп беру кездесуі өтті. Шаһардың орталық бөлігі, «Жас өркен» шағынауданы, Ойқала, Заречный, Кірпіш және Былғары зауыты кенттері тұрғындарының өтініштері тыңдалған жиынға облыс әкімі Құмар Ақсақалов та қатысты.