«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 31.01.2020

ОҚУШЫЛАР АВТОБУСЫ ҚАУІПСІЗ БЕ?

Облыстық полиция департменті жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері “Қауіпсіз мектеп автобусы” акциясына қатысуда. Мұндай акцияны қаңтардың 15-інен ақпанның 15-іне дейін облыстық білім басқармасы өткізуде. Басқарманың мәліметінше, өңірімізде 125 автоБУС 1200 оқушыға қызмет көрсетеді.

ТИІСТІ БАҚЫЛАУДЫҢ ЖОҚТЫҒЫ

Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті өткен жылдың соңында Қызылжар аудандық Мәдениет үйінде субсидияларды пайдалану, жалақы төлемдері және коммуналдық төлемдер есептеу бойынша аудиторлық тексеріс жүргізді.

ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІ

Бүгінгі таңда облыстық полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығында 25 ит бар. Олардың төртеуі із кесуге, төртеуі жарылғыш заттарды іздеуге үйретілген, ал бесеуі есірткі іздеумен айналысады. Тағы 2 ит одорологиялық сараптамаға, яғни, иіс бойынша жұмыс істеуге үйретілді.

МҰЗДА НЕСІ БАР?

Петропавлда тәртіп сақшылары орталық көшеде мұз қалашығын бұзған үш жасөспірімді ұстады. 29 қаңтар күні кешке 2004, 2005 және 2006 жылы туған үш бала Қазақстан Конституциясы көшесіндегі мұз қалашығындағы бірнеше мүсінді сындырған. Полиция қызметкерлері бейнекамералардың көмегімен оларды анықтап, Петропавл қалалық полиция басқармасына жеткізді.

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖОҒАЛУЫНА НЕ СЕБЕП?

Қаңтар айында өңір полицейлері үйлерінен өз еріктерімен кетіп қалған жеті жасөспірімді іздеп тапты. Жасөспірімдер негізінен бос уақыттарын достарымен бірге өткізгенді қалайды. Көпшілігі ұялы телефондарын қосуды ұмытып кетеді немесе, керісінше, ешкім бөгет болмасын деп өшіріп тастайды.