«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.02.2020

ЖОЛ АПАТТАРЫНА НЕ СЕБЕП?

Облыстық полиция департаменті жанындағы консультациялық-кеңесші органның отырысында жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Григорий Тыштың айтуынша, өткен жылы облыс жолдарында 70 мыңнан астам жолда жүру ережесін бұзушылық анықталып, 269 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұған негізінен жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің тәртіпсіздігі себеп. Көлік жүргізушілері тарапынан жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа …

ЖОЛ АПАТТАРЫНА НЕ СЕБЕП? Read More »

АТАУЛЫ КҮНДЕР ТІЗІМІ ТОЛЫҚТЫ

Биыл еліміз бойынша атаулы күндер аз емес. Атап айтар болсақ, Әбу Насыр әл Фарабидің – 1150, Абайдың – 175, Ұлы Жеңістің – 75 және Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту шаралары жоспарлануда. Біздің өңірімізде де мұндай маңызды оқиғалар аясында ұйымдастырылатын ауқымды шаралардың жоспары бекітілді.

«КӨК КОНВЕРТКЕ» ТӘУЕЛДІЛЕР АЗ

Елордада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысы өтіп, жиынға өңірлер онлайн режім арқылы қатысты. Келелі бас қосуда агенттіктің 2019 жылы атқарған жұмысы қорытындыланып, алдағы міндеттер белгіленді. Ведомство басшысы Алик Шпекбаевтың айтуынша, еліміздегі бірнеше сала жемқорлыққа белшесінен батқан. Әсіресе, білім саласында жемқорлыққа қатысты 161 іс тіркелді. Өкінішке қарай, ауыл шаруашылығы саласында бармақ бастылық, көз қыстылық …

«КӨК КОНВЕРТКЕ» ТӘУЕЛДІЛЕР АЗ Read More »

600-ДЕН АСТАМ ШЕТЕЛДІК УАҚЫТША ТҰРУҒА РҰҚСАТ АЛДЫ

Облысымызда 669 шетел азаматы уақытша тұруға рұқсат алды. Өңірімізде бір жылға дейін қалуға ниет білдірушілердің басым бөлігі – ресейліктер. Олардың дені жұмысқа орналасу мақсатымен келген. 389 азамат көші-қон қызметіне еңбек шарты мен жұмыс берушілерден өтінішхат ұсынды. Бұл құжаттар уақытша тұруға рұқсат алу үшін қажет.

ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Облыстық полиция департаменті, полиция полковнигі Марат Төлебаев “Береке” шағын ауданының тұрғындары үшін көшпелі қабылдау ұйымдастырды. Бұл жиында сонымен қатар 2-ші қалалық полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов өзі қызмет көрсететін аумақ тұрғындары алдында есеп берді.

ESKERTÝ!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 4-5 ақпан күндері оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болуы ықтимал.

АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ ЖАЗАЛАНДЫ

Облыстық сотта жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қаралды. Жол-көлік оқиғасы осыдан бір жыл бұрын орын алған еді. Күндізгі уақытта Нұрсұлтан Назарбаев көшесінің бойымен келе жатқан бағыттық автобус масаң күйдегі ер адамды соғып кеткен. Салдарынан ашық бас-ми жарақатын алған жаяу жүргінші тірі қалғанымен, екінші топтағы мүгедектікке …

АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ ЖАЗАЛАНДЫ Read More »

ОҚУШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында «Зерде» ХV республикалық байқауы өтті. 1-7 сынып оқушылары арасында өткен зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауына 432 оқушы қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты балалардың бойындағы зерттеу дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Бүгінгі таңда электр энергиясымен жабдықтау желісіне қосылу шарттарын бұшылар, күзет аймақтарында құрылыс жұмыстарын жүргізетін кәсіпкерлер бар. Жуырда департамент мамандары мониторинг барысында осындай құқықбұзушылық фактісін анықтады.

ПОЛИЦЕЙЛЕР МҰЗДАЙ СУҒА СҮҢГІДІ

Облыстық полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасағының жауынгерлері қаңтар айы бойы Есіл өзенінде мұз астына сүңгіп жаттығуда. Мұздай суға түсу әркімнің қолынан келе бермейді. Ал арнайы сүңгу костюмін киіп, қақаған аязда суық суға сүңгу нағыз сынақ десе де болады. Төтенше жағдайларда жедел әрекет ете білу – арнайы бөліністердің қызметкерлеріне қойылатын басты талап. Мұздай суға түспес …

ПОЛИЦЕЙЛЕР МҰЗДАЙ СУҒА СҮҢГІДІ Read More »

АҚЫНҒА АРНАЛҒАН КЕШ

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толуына орай Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия жанындағы музыка студиясы «Ел тілегі – жарқын болашақ» есеп беру кешін өткізді. Достық үйіне жиналған қауым талантты балалардан құралған домбырашылар, би ұжымдарының өнерлерін тамашалады.

МҰЗ ҚЫСТА ДА ҚАУІПТІ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел-құтқару жасағы қыстың көзі қырауда ақ түтек боранға да, қақаған аязға да қарамастан, күн сайын су айдындарында қауіпсіздік рейдтерін жүргізеді. Өйткені жыл өткен сайын қайғылы оқиғалардың саны көбейіп бара жатқаны алаңдатады. Бұған көп жағдайда адамдардың бейқамдығы себеп. Мұз үстінде қауіпті жағдайлар тек көктемде ғана емес, қыста да орын алады. Әсіресе, …

МҰЗ ҚЫСТА ДА ҚАУІПТІ Read More »

КҮТПЕГЕН КЕЗДЕСУ

2017 жылдың қараша айында елордада тұратын балаларыма барып, немерелерімді көріп, мауқымды басқан соң “Тальго” пойызына отырып, туған ауылыма жол тарттым. Өз купеме жайғасқаннан кейін қаракөлеңкеде отырған келіншекпен амандасып, таныстым. Әдеміше келген, аққұба өңді, қой көзді қазақтың сүйкімді қызы екен. Жанары тұп-тұнық. Ақырын ғана жымиғаны ибалылығын көрсетсе, пейіл қойып сөйлескені тәрбиелілігін аңғартады.

BILIMDERIN TOLYQTYRDY

Sábıt Muqanov atyndaǵy oblys­tyq ǵylymı-ámbebap kitaphanada ekonomıka taqyrybynda TED-h formatyndaǵy dástúrli shara ótti. Kitaphana oqyrmandary osy joly ekonomıka salasy boıynsha bilimderin tolyqtyryp, bıznes ashýdyń qyrsyryna qanyqty.

ОТ-ЖАЛЫННАН ТАЙСАЛМАҒАН

Алақандай ауыл сол күні тып-тыныш тіршілікте болатын. Сол тыныштықты “Өрт болып жатыр, көмектесіңіздер!” деген әйелдің даусы бұзды. Бұл оқиға өткен жылдың соңғы күндерінің бірінде түс ауған кезде орын алды. Өрт Жамбыл ауданы Сәбит ауылында тұратын мектеп жасындағы 3 баласы бар Самат Қалиевтің үйінен шыққан еді. Мұн­дай қысылтаяң сәтте ауызбіршілігі мығым ауыл тұрғындары ұйымшылдық таныта білген …

ОТ-ЖАЛЫННАН ТАЙСАЛМАҒАН Read More »

ҚЫЗМЕТІМІЗГЕ — АШЫҚТЫҚ ТӘН

Еліміздің нарықтық эконо­микаға көшуі қоғам өміріне орасан зор өзгерістер әкелді. Тәуелсіздік жылдары аудиторлық қызметтерге сұраныс та арта түскені анық. Осылай мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау азаматтардың әлеуметтік қамтылуын, мемлекеттің тұрақты экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең маңызды жүйесіне айналды.

БАСТЫ ТАЛАП — САПА

Облысымыздағы автокөлік жолдарына жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасы соңғы жылдары жиі сынға алынуда. Соңғы үш жылда өңір аумағындағы жолдардың 2134 шақырымы жөнделді. Дегенмен, 39 пайызға жуық жолдың жағдайы әлі де көңіл көншітпейді. Жол сапасын “Ұлттық жол активтері сапасы орталығы” РМК облыстық филиалының мамандары тексереді.

“ОЯН, ҚАЗАҚ!”

“Балаларымның көз жанары нашарлап кетті, алыстан көрмейді, күні-түні ұялы теле­фоннан бас көтермейді”, – деп уайымның уын ішкен ата-аналар қатары күннен-күнге қалыңдап келеді. Иә, көпшілікті алаңдатқан мәселенің тамыры жыл өткен сайын тереңдеп барады. Өйткені, еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың өміріне қауіп төніп тұр. Жазушы, журналист, қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменов “Айдың, күннің аманында адасып қалмайық!” деген мақаласында …

“ОЯН, ҚАЗАҚ!” Read More »

АРҚАСҮЙЕР АҒАМ ЕДІ

Ертеде бейбіт жатқан бір рулы елді тұтқиылдан жау шабуылдап­ты. Ер-азаматтар қолдарына қару алып, лезде атқа қонады. Алайда, қаһары күшті жаудың беті қайтар емес. Рулы ел жан сақтау үшін бас сауғалап көшіп кетеді. Сол елдің батыры дұшпанмен айқаста өзі де, астындағы сенімді тұлпары да қатты жараланады. Көшпен бірге ол да бауыр еті – баласын алдына отырғызып …

АРҚАСҮЙЕР АҒАМ ЕДІ Read More »

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Өткен аптаның соңында ұйыт­қи соққан бораннан көз аша алмай, қаншама ауылдар қар құр­сауында қалды. Жолау­шылар да діттеген жеріне жете алмай дің­келеді. Осындай қысылтаяң шақта азаматтық қорғау қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, құтқарушылар, полиция қызметкерлері аяқтарынан тік тұрды. Олардың еңбегіне тұрғындар да оң бағасын беруде.