«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.02.2020

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ҚОС ҚАРТТЫ ҚҰТҚАРДЫ

Өртсөндіруші ант қабылдаған күннен бастап ақтық демі таусылғанша өз қызметіне адал болып, халыққа қалтқысыз қызмет етуге міндетті. Антына адал азаматтық қорғаныс капитаны, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның №16 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Ілияс Бахманов жұмыстан тыс уақытта қос қарияны ажалдан құтқарды. Ақпанның 5-іне қараған түні үйіне бара жатқан ол Новоишимка ауылындағы Энгельс көшесіндегі үйлердің бірінің …

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ҚОС ҚАРТТЫ ҚҰТҚАРДЫ Read More »

ДОМБЫРАШЫЛАРДЫҢ ЖҮЛДЕСІ

Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп оқушылары Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Бала шабыты» атты халықаралық байқаудан жүлдемен оралды. Еліміздің әр түкпірі мен Қырғызстан, Ресей елдерінен қатысқан 950 бала төрт аталым бойынша сынға түскен. Байқауда Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің «Мұрагер» атты домбырашылар ансамблі халық күйі «Тепеңкөкті» орындап, үздіктер қатарынан көрінді. 

ЖАТ ЖЕРДЕ ҚАЛҒАН БОЗДАҚТАР

Елімізде зұлмат соғыстың зардабын көрмегендер кемде-кем. Осы орайда «Еуразиялық диалог» халықаралық қоғамдық қоры соғыс кезінде қаза тапқан, із-түзсіз жоғалып кеткен жауынгерлерді іздеп, артында қалған ұрпақтарына аталары жерленген жерді хабарлап отырады. 

ӨЗГЕ ӨҢІРДІҢ ЭНЕРГИЯСЫНА ТӘУЕЛДІ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Тайынша ауданына барды. Аудан әкімі Иван Турковтың тұрғындар алдындағы есептік кездесуіне қатысып, қоғамдық қабылдау өткізді. Тұрғындар алдында өткен жылы атқарған жұмысын саралап, биылғы жоспарымен бөліскен аудан әкімі шешімін таппаған мәселелер бар екенін тілге тиек етті. Үстіміздегі жылы осыған баса назар аударылады екен. Қорытынды жиында тұрғындар тарапынан да бірқатар мәселелер …

ӨЗГЕ ӨҢІРДІҢ ЭНЕРГИЯСЫНА ТӘУЕЛДІ Read More »

“ҚАУЫРТ ЖЕЛІ” ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ

Соңғы күндері ауа райының күрт нашарлауына байланысты облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте тәулік бойы жұмыс істейтін “Қауырт желі” іске қосылды. 8 (7152) 52-25-29 номері арқылы оқыс оқиғалар туралы хабарлауға болады. Сурет https://alau.kz/ сайтынан алынды.  

«ҚҰНАНБАЙ» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» кітабының тұсаукесері өтті. Ресейдің Мәскеу қаласындағы «Молодая гвардия» баспасынан «Жизнь замечательных людей» сериясымен шыққан кітаптың авторы – Ұлттық ғылым академиясының академигі Ерлан Сыдықов. Үш мың данамен шыққан тарихи-ғұмырбаяндық кітаптың жарық көруіне халықаралық түркі академиясы, Қазақстан Жазушылар одағы және Ұлттық академия қолдау білдірген.

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРДЫ

Қыс мезгілінде жолға шыққанда абай болған жөн. Жол-көлік апатынан басқа, түрлі жағдайлар да орын алуы мүмкін. Ақпан айының 4-де боран соғып, соның салдарынан өңірде көлік қатынасы қиындай түсті. Көліктің барлық түрі үшін облыстық және республикалық маңызы бар бірқатар автожолдар жабылды. Қабылданған шаралардың арқасында автокөлік иелері ешқандай қиындыққа тап болған жоқ. Алайда, бірқатар жүргізушіге шұғыл көмек …

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРДЫ Read More »

ЖАНЖАЛҚҰМАРЛАР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

20 қаңтарда ел аумағында бастау алған «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасының негізгі мақсаты – мас күйде жасалатын қылмыстарға жол бермеу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық ахуалды жақсарту. Облыста 300-ге жуық, ал облыс орталығында 88 учаскелік полиция инспекторы күн сайын үй-үйді аралап, тексереді.

САРЫ ТҮСТІ НӨМІР БЕРІЛЕДІ

Үш күннің ішінде шетелде есепте тұрған автокөліктердің 50-ден астам иесі уақытша тіркеуге қою жөнінде кеңес алу үшін өңір полицейлеріне жүгінді. Олардың дені – ресейлік автокөліктердің иелері. Облыстық полиция департаменті процессингтік орталығы бастығының міндетін атқарушы, полиция капитаны Алтынбек Жамалиевтің айтуынша, 1 ақпаннан бастап шетелде есепте тұрған автокөліктерді уақытша тіркеу басталды. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көлік …

САРЫ ТҮСТІ НӨМІР БЕРІЛЕДІ Read More »

ҚАРУ САҚТАУДЫҢ ҚЫР-СЫРЫ

Солтүстікқазақстандық полицейлер биылдыққа бірінші рет заңды бұза отырып сақталып келген қаруды анықтап, тәркіледі. 36 жасар петропавлдық өзіне тиесілі үш аңшы мылтығын қайта тіркеу мерзімін өткізіп алыпты. Бұған қоса қару сақтайтын сейфінің дабылы істен шыққаны анықталып, 12 калибрлі “ИЖ-54″ және «Ata Arms», сондай-ақ 7,62 мм калибрлі «Вепрь 308» аңшы карабині тәркіленді. Енді иесі үш жылға қару …

ҚАРУ САҚТАУДЫҢ ҚЫР-СЫРЫ Read More »

АЙДЫННЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІ

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласында 2005-2006 жылдары туған балалар арасында ел біріншілігі өтуде. Аталмыш жарыста өңір намысын қорғап жүрген жерлестеріміздің арасынан Айдын Қуанышев 65 килограм салмақ дәрежесінде күміс медальға ие болды.