«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.02.2020

ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аграрлық басқармалардың кеңейтілген алқа отырысына қатысты. Жиын барысында ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер мен олқылықтар, отандық тауар өндірушілерді қолдау, экспортқа бағытталған өндірістің маңыздылығы және ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды. Отырыс барысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласының ел экономикасының басты бағдарларының бірі екенін атап айтты.

БОРАНДА АДАСҚАН АДАМ ТАБЫЛДЫ

Есіл ауданындағы Қараағаш ауылынан Аққайың ауданындағы Рублевка ауылына бара жатқан жолда адасып кеткен ер адам облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел кезекшісіне қоңырау шалуға мәжбүр болды. Әңгіме барысында оның ұялы телефонының батареясы отырып қалғанымен, ол жақын маңайда электр бағаналары барын айтып үлгерген.

“БРАКОНЬЕР” АЯҚТАЛДЫ

«Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында облыстық және аудандық табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері мен «Соколов» аңшылық шаруашылығының аға қорықшысы шаруашылық аумағын тексерді. Олар Желяково ауылы маңында көзге түскен іздің бойымен жүре отырып, қарда жүретін техниканы тізгіндеген екі адамды байқайды. Жақын маңда аң аулау жабдықтары мен олжалаған екі сібір елігі жатыр екен. Аңшылар ағашта асулы тұрған …

“БРАКОНЬЕР” АЯҚТАЛДЫ Read More »

«АҚЫЛДЫ» КӨШЕ ҚИЫЛЫСТАРЫ ереже бұзушыларды анықтайды

Жыл басынан бері Петропавлдағы көше қиылыстарында техникалық бақылау-өлшеу құрылғылары автоматтандырылған режімде 1251 құқық бұзушылықты тіркеді. “Ақылды” көше қиылыстары туралы ескертілгенімен, кейбір жүргізушілер жол белгілері мен таңбаларын елемейді. Олардың қатарында бір айдың ішінде бірнеше рет назарға іліккен жүргізушілер де бар. Нұр-Сұлтан қаласынан келген 42 жастағы ер адам бірден үш ереже бұзушылық үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды. …

«АҚЫЛДЫ» КӨШЕ ҚИЫЛЫСТАРЫ ереже бұзушыларды анықтайды Read More »

ЖЕР ТЕЛІМІНЕ КЕЗЕККЕ ТҰРҒАНДАР САНЫ 11 МЫҢНАН АСТЫ

2019 жылы Солтүстік Қазақстан облысында жеке үй салу үшін 312 жер телімі үлестірілді. Облыстық жер қатынастары басқармасының мәліметінше, былтыр жеке тұрғын үй салуға Петропавл қаласында 81 жер телімі берілген.

ТҮРКИЯДАҒЫ ҰШАҚ АПАТЫ: СІМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

ҚР СІМ Түркияның Ыстамбұл қаласындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы айтты.  «Түрік тарапының қазақстандық консулға берген ақпаратына сәйкес, жарақаттанған Қазақстан Республикасы азаматтарының бірі жеңіл жарақат салдарынан ауруханаға жатудан бас тартып, дәрігерлер тексергеннен кейін жіберілді. Екінші азаматымыз да жеңіл жарақат алып, бүгін қысқа емдеуден кейін ауруханадан шығарылды», — делінген хабарламада.

ЖАЗУШЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ЕС-164/6 түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімі зиялы қауым өкілдерімен тығыз байланыс орнатқан. Жуырда аталмыш бөлімнің ұйымдастыруымен темір тордың арғы жағына тоғытылған қыз-келіншектер жазушы Кирилл Филоновпен кездесіп, оның «Что запомнилось?» кітабымен танысуға мүмкіндік алды. Кеш барысында автор өз туындысы жайлы баяндап, үзінді оқыды. Қаламгердің айтуынша, шығарманың сюжеті шытырман оқиғаларға негізделген.

ОҚЫТУШЫЛАРДЫ КӨПШІЛІК АЛДЫНДА ҰЯЛТТЫ

М.Қозыбаев атындағы СҚУ – академиялық адалдық лигасының мүшесі. Өңіріміздегі жалғыз жоғары оқу орнында студенттердің дәрістерді себепсіз босатпауы үшін ауқымды жұмыс жүргізілген. 

БЕС АУЫЛДЫҢ ЖЕРІ АУКЦИОНҒА ҚОЙЫЛДЫ

Облыстық прокуратураның ғимаратында кезекті баспасөз мәслихаты өтті. Қадағалаушы орган өкілдері Айыртау ауданындағы жер дауына қатысты түсініктеме берді. Светлое ауылы тұрғындары мен «Жарқын СҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы жер дауы былтыр басталған болатын. Жуырда үлескерге өздеріне тиесілі жерлердің аукционға шығарылғаны туралы хат келді. Белгілі болғандай, серіктестік 595 миллион теңгенің несиесін алып, 42 мың гектар жерді кепілдікке …

БЕС АУЫЛДЫҢ ЖЕРІ АУКЦИОНҒА ҚОЙЫЛДЫ Read More »

ЖАНАТ ЖАХМЕТОВА ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Үкіметтің 2020 жылғы 5 ақпандағы Қаулысымен Жанат Зарубекқызы Жахметова Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. Ж. Жахметова 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін және Абердин университетін тәмамдаған.

ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 ақпандағы Қаулысымен Щеглова Динара Ринатқызы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚАЕВТАР ӘУЛЕТІНІҢ ТАҒЫ БІР МҮШЕСІ ӨМІРДЕН ӨТТІ

Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың ағасының баласы – Құбан Ақаев өмірден өтті. Асқар Ақаевтың немере інісі – Құбан Ақаевтың қайтыс болғаны туралы бүгін белгілі болған. Ақпаратты жақын туыстары растады.

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

«Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешенінің тәрбиеленушілері Есім Амангелдин, Гүлден Илеупаева мен Аружан Сүлейменова Омбы қаласында өткен «Сибирь зажигает звезды» байқауында жүлделі орындарды еншіледі.

ЫСТАМБҰЛДАҒЫ ҰШАҚ АПАТЫ

Pegasus Airlines әуе компаниясының ұшағы Ыстамбұл әуежайында апатқа ұшырап, нәтижесінде қаза тапқандар саны үш адамға жетіп, 179 жолаушы зардап шекті. Олардың арасында екі қазақстандық бар.

АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ САЯСАТЫ ЕНГІЗІЛДІ

Облыс орталығындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде академиялық адалдық саясаты енгізілгені белгілі. Енді осы тәжірибені жалпы білім беру ұйымдарына енгізу көзделіп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Ернар Баянғазиннің айтуына қарағанда, «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық-кеңсесі аясында мектеп және колледж оқушылары «Академиялық адалдық саясатын» сақтау жөніндегі келісімге қол қоюда.

СЕНАТ ТРАМПТЫ АҚТАП ШЫҚТЫ

АҚШ Президенті Дональд Трамп импичмент кезінде ақталып шықты. Трамптың әріптестері Республикалық партия өкілдері төрағалық ететін Сенатта АҚШ Президенті тағылған екі айып бойынша да ақталып шықты.

ESKERTÝ!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 7 ақпан күні оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері кей жерлерде боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.