«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 07.02.2020

ҚАЗАҚ ТІЛДІ МАТЕМАТИКА САЙТЫ БАР

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Мұхтар Бегайдаровтың мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арнап жасап шыққан сайты Қазнетте танымалдылыққа ие болды. Бір айдың ішінде жүйеге 23 000 белсенді қолданушы тіркеліп, олар контент мазмұны мен қолжетімділігіне жоғары баға беруде.

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ, ДИПЛОМ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТӨЛҚҰЖАТ EGOV МОБИЛЬДІК ҚОСЫМШАСЫНДА ПАЙДА БОЛУЫ МҮМКІН

Цифрлық даму министрі Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен өткен Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында осындай ұсыныс айтылды. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АЛАЯҚ 500 МЫҢ ТЕҢГЕНІ ҚОЛДЫ ҚЫЛДЫ

Петропавл қаласының тұрғыны интернет-алаяқтық салдарынан 500 мың теңгесінен айырылды. Ол интернеттен 1 миллион теңгеге “Мерседес” көлігі сатылатыны туралы хабарландыруды көріп, хабарласқан. “Сатушы” қиын жағдайға тап болғандықтан көлікті бұдан да арзанға сатуға дайын екенін, тек алдымен 500 мың теңге төлеуі тиіс екенін айтқан. Бірақ өз жұмыстарымен Бурабайға кетіп қалғанын алға тартып, кездесуден бас тартқан. Сатып алушының …

АЛАЯҚ 500 МЫҢ ТЕҢГЕНІ ҚОЛДЫ ҚЫЛДЫ Read More »

НАУҚАС БАЛАҒА КӨМЕК

Жамбыл ауданының орталығы Пресновка ауылынан 64 шақырым қашықтықта орналасқан Айтуар ауылында 2 жарым жасар бала аяқ астынан ауырып қалғанда, бірнеше күнгі боран салдарынан жол жабылып қалған себепті “Жедел жәрдем” көлігінің өтуі мүмкін болмады. “Шұғыл көмек қажет! Баламның жағдайы нашарлап барады!”, деп таңғы 5-те облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісіне қоңырау шалған әйелдің ащы даусы қызметкерлерді аяғынан …

НАУҚАС БАЛАҒА КӨМЕК Read More »

ЖЕТІСТІКТЕРМЕН ҚАТАР, ОЛҚЫЛЫҚТАР БАР

Спорт сарайында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. 2019 жылы атқарылған жұмыстар сараланып, үстіміздегі жылы қолға алынатын шаралар талқыланған жиынға облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев қатысты. Басқарма басшысы Руслан Есеналин, ең алдымен, өткен жылдың 12 айында облысымыздағы спортты дамыту бағытында атқарылған істерге, негізінен қол жеткізген жетістіктерге кеңінен тоқталды.

АҚЫН ШЫҒАРМАЛАРЫ – АЯЛДАМАЛАРДА

Бар ғұмырын қазақтың өсіп-өр­кендеуіне, рухани толысуына арнаған ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай қаламызда тұрғындарды данышпан тұлғаның шығармашылығымен таныстыруды көздейтін көптеген шаруалар тындырылмақ. Солардың бірі ретінде жуырда Петропавл аялдамаларында арнайы QR коды бар тақырыптық стендтер пайда болды.

ҚҰНДЫ ЕҢБЕКТЕРМЕН ТАНЫСТЫ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Әл-Фараби – Шығыстың көрнекті ойшылы» атты көрме ашылды. Ұлы ойшыл, ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай елімізде ауқымды шаралар өтуде. Әлемнің екінші ұстазы атанған философтың мерейтойына арналған түрлі іс-шаралар біздің өңірімізде де жалғасын табуда. Бұл орайда кітапханада ұйымдастырылған көрмеде ойшылдың өмірбаяны мен шығармаларына арналған жазушылар мен зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектері қатысушылардың …

ҚҰНДЫ ЕҢБЕКТЕРМЕН ТАНЫСТЫ Read More »

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРДІҢ ТӘРТІБІ НАШАР

Өңірімізде бір ғана қаңтар айында 460 жаяу жүргінші жода жүру ережесін бұзған. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, олардың тарапынан жасалатын заң бұзушылықтар азайғанымен, жаяу жүргіншілердің тәртібі жақсарды дай алмаймыз. Былтыр қаңтарда 725 жаяу солтүстікқазақстандық жауапкершілікке тартылған болатын.

ҚЫЛМЫС САНЫ БІРШАМА АЗАЙҒАН

Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұқатов М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өткен жылдың қорытындысы бойынша тұрғындар алдында есеп берді. Есеп беру кездесуі басталмас бұрын облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев жеке мәселелерімен келген азаматтарды қабылдады. Олардың арасында автокөлікті тіркеу, көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы сауал қойғандар көп болды. Азаматтарды …

ҚЫЛМЫС САНЫ БІРШАМА АЗАЙҒАН Read More »

ТУЫСТАРЫНА ХАТ ЖАЗДЫ

Өңіріміздегі ЕС-164/6 мекемесінің психологиялық қызметі сотталған әйелдердің көңіл күйі жайлы болуы үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Сын сағатты бастан өткеріп жатқан әйелдер үшін мұндай шаралардың маңызы зор. Жуырда ұйымдастырылған «Туған-туыстарына хат» акциясына жазасын өтеушілер белсене қатысты. Олар аналарына, балаларына, туған-туысқандарына және жақындарына хат жазып, ішкі сырларын қағаз бетіне түсірді.

СУ ТАСҚЫНЫНА БАЛАЛАР ДА ДАЙЫН

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының қызметкерлері Петропавлдағы Оқушылар сарайында «Су тасқыны кезіндегі тәртіп ережесі» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді. Азаматтық қорғау подполковнигі Сәкен Ағзамов балаларға су тасқыны бола қалған жағдайда ададмар өзін өзі қалай ұстау керектігі жайлы айтып берді. Су басу қаупі бар аймақта тұратын әрбір адам …

СУ ТАСҚЫНЫНА БАЛАЛАР ДА ДАЙЫН Read More »