«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.02.2020

ESKERTÝ!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 11 ақпан күні оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері кей жерлерде боран соғуы ықтимал.

КӘСІПКЕРЛЕР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Оқушылар сарайында облыстық кәсіпкерлер палатасының қорытынды есеп беру кездесуі өтті. Жергілікті ірі, шағын және орта кәсіпкерлік, шаруашылық өкілдері қатысқан жиында былтыр атқарылған жұмыстар қорытындыланып, бизнестің дамуына тежеу болған мәселер талқыланды. Облыстық кәсіпкерлер палатасы басшысы Дархан Қалиевтің айтуынша, кәсіпкерлер құқығын қорғау, әкімшілік кедергілерді жою және саланы дамыту бағытында тындырымды істер атқарылды.

СЫРЫ КӨП СӘН ӘЛЕМІ

Әлемдік тендециялардан құр қалмай, соңғы үлгідегі сәнге ілесу – көптің қолынан келе бермейтін іс. Оған “қалың қалтадан” бөлек, үйлесімдікті ұғынып, стильді сезіну керек. Жерлесіміз, италиялық “Scuola Stile” атты сән мен стиль мектебінің түлегі Гүлден Шоқатова осындай пікірде. Шетелдерде білім-білігін жетілдіріп, бүгінде Назарбаев университетінде жұмыс істеп жатқан жас маман елорда жұртшылығына білікті стилист ретінде де жақсы …

СЫРЫ КӨП СӘН ӘЛЕМІ Read More »

ДҰРЫС ТАҢДАУ — ТАБЫСТЫ ӨМІРДІҢ КІЛТІ

Мамандық таңдау адам өмірін­дегі маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Өйткені, әр адамның мамандықты жүрек қалауымен таңдауы ертеңгі күнге сенімін арттырады. Бұл, әсіресе, жоғары сынып оқушылары үшін өте маңызды шешім. Қазіргі таңда жас буын ақпараттың жетіспеушілігінен, кәсіби қызметте тәжірибенің болмауынан еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін кәсіптерді жиі таңдайды.

ШЫНАЙЫ ӨНЕРДІ БАҒАЛАЙТЫН КӨРЕРМЕН АЗАЙМАСЫН

Өнер саласында өзіндік орны бар театр және кино майталмандарына деген көрермендер ықыласы қашанда ерекше. Ежелден өнер ордасы саналатын Алматыдан Қызылжар топырағына танымал азаматтар келгенін естігенде оларды оқырмандарымызбен қауыштыруға біздің де асығып тұратынымыз сондықтан. Жуырда жұмыс сапарымен Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрына арнайы келген белгілі сатирик, “Терісқақпай” әзіл-оспақ театрының директоры Асқар Наймантаевпен кездесіп, бүгінгі …

ШЫНАЙЫ ӨНЕРДІ БАҒАЛАЙТЫН КӨРЕРМЕН АЗАЙМАСЫН Read More »

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Жыл соңына дейін “Сев КазЭнерго” акционерлік қоғамының қарамағындағы №2 жылу-электр орталығына жаңғырту және жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Кәсіпорында 12 қазандық, 7 тур­боагрегат және 7 трансформатор бар. Мамандардың жұмысы 80 пайызға автоматтандырылған серіктестікте 2009-2016 жылдар аралығында “Тарифті инвестицияға алмастыру” мемлекеттік бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылған болатын. Бұл жылдары кәсіпорындағы жаңғырту жұмыстарына 45,3 млрд. теңге жұмсалып, …

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ Read More »

АРДАГЕРЛЕР ӘРҚАШАН САПТА

Облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысында өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, үстіміздегі жылғы жоспарлар сараланды.

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ АУЫР

Былтыр Әдеп жөніндегі кеңес­тің құрамына енген құқық қорғау, мемлекеттік органдардың, облыстық кәсіпкерлер палатасының, ардагерлер кеңесінің, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері 23 тәртіптік істі қарады. 18 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олар қызметтік әдепті бұзып, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірген. Осы орайда Әдеп кодексін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған қызметкерлер саны көбейгенін айтып өткен жөн. …

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ АУЫР Read More »

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

2020 жылғы 6 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты және өкілеттігін мерзімінен бұрын доғарғандардың орнына 2002 жылғы 11 наурызға белгіленген ауылдық округтер әкімдерін сайлауға дайындық пен өткізу жөніндегі жұмыс жоспары мен негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қаралды және бекітілді.

ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Басқарма басшысы Руслан Есеналин, ең алдымен, өткен жылы облысымызда спортты дамыту бағытында атқарылған жұмыстарды баяндап, негізінен қол жеткен жетістіктерге тоқталды. – Бүгінде өңірде 176 мыңнан астам адам спортпен шұғылданады. Бұл – жалпы тұрғындардың 32 пайызы. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда көрсеткіш 3,1 мың спортшыға артқан, – деді басқарма басшысы. 

ЕСКІ ТЕХНИКА — ШАРУАҒА ҚОЛБАЙЛАУ

Солтүстікқазақстандық диқандар алдағы көктемгі егіс науқанында 4,3 млн. гектар жерге дәнді дақыл сіңірмек. Бұл былтырғы көрсеткіштен 36 мың гектарға көп. Осы мәселе облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өткен ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер инспекциясы басқармаларының кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Сонымен қатар жиында өңірдегі ветеринарлық ахуал, жер мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Солтүстік Қазақстан – …

ЕСКІ ТЕХНИКА — ШАРУАҒА ҚОЛБАЙЛАУ Read More »

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен облыс әкімі Құмар Ақсақалов «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысын дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауында елімізде “Сарбаз” балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиені жандандыру қажеттігін айтқан болатын. Сондай-ақ, “Жас сарбаздың” өңірлік филиалдарын құру …

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ Read More »