ҚАТЕРЛІ ІСІКПЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Өңірімізде 10 мыңға жуық тұрғын онкологиялық дертке шалдыққан. Соның 1974-інде сырқат өткен жылы анықталған. Былтыр облыс орталығында заманауи құрылғылармен жабдықталған онкологиялық диспансердің жанынан қосымша ғимарат пайдалануға беріліп, науқастарға сапалы медициналық қызмет көрсету үшін қажетті жағдай жасалды.