БАЛАБАҚШАЛАР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Петропавл қаласындағы сенімді басқаруға берілген үш балабақша мемлекетке қайтарылатын болды. Қоғамда дау туғызған бұл мәселенің нүктесін облыс әкімі Құмар Ақсақалов қойды.
Петропавл қаласындағы сенімді басқаруға берілген үш балабақша мемлекетке қайтарылатын болды. Қоғамда дау туғызған бұл мәселенің нүктесін облыс әкімі Құмар Ақсақалов қойды.
Облыстық білім басқармасы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығымен бірлесіп, ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беретін ұстаздар арасында өңірлік семинар өткізді. Онда тәлімгерлер білім берудің жаңартылған әдістері бойынша жан-жақты мағлұмат алып, өзара пікір алмасты.
Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев тұрғындар алдында есеп берді. Бұл шара 1500-ден астам адамды қамтыды. Олардың басым бөлігі есепті кездесуге бейнеконференц байланысы режімінде және әлеуметтік желілердің тікелей эфирі арқылы қатысты. Бұл формат, әсіресе, шалғайдағы аудан тұрғындарының көңілінен шықты. Өйткені олар бейнебайланыс арқылы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
Ұлттық спорт түрі – қазақ күресі биыл қанатқақты жоба негізінде Нұр-Сұлтан қаласының бес мектебінде дене шынықтыру пәнінің бір құрамы ретінде енгізіледі. Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Бақдәулет Сәбитовтің айтуынша, 2016-2021 жылдарға арналған қазақ күресін дамыту бағдарламасы бекітілген. Аталған жоспарда 2020 жылы қазақ күресін мектепке пән ретінде енгізу міндеті қойылды.
Ұлттық құндылықты дәріптеу – парыз. Оның ішінде салт-дәстүрді, ел ішінде ғана емес, әлемдік аренаға алып шығу маңызды. Көкпар, ат жарысы, садақ ату, сонымен қатар күрес дегенде делебесі қозбайтын қазақ жоқ екені сөзсіз. Алдағы уақытта елімізде қазақ күресі академиясын ашу жоспарлануда. Бұл – қуанышты жаңалық. Себебі, Қажымұқандай жауырыны жерге тимеген балуандарды даярлау үшін кәсіби мамандарды даярлайтын …
Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде құрылған алғашқы лоукостер – “FlyArystan” әуекомпаниясы Алматы – Петропавл – Алматы бағытында әуе рейсін ашты. Петропавл халықаралық әуежайынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына аптасына екі рет қатынайтын әуе рейстері бар. Ал былтыр Петропавл – Шарм-эль-Шейх – Петропавл бағытында чартерлі рейс ашылған болатын. Енді солтүстікқазақстандықтар Алматыға аптасына төрт рет қатынайтын болады. Енді …
Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өңір, қала басшылығы, облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің басшылары және депутаттар азаматтарды қабылдады. Кездесуге келген 190 адамның 30-ы өңір басшысы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Құмар Ақсақаловтың қабылдауында болды.