«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.02.2020

ATADAN QALǴAN ASYL SÓZ

Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар, Екі баласы бардың болар-болмас халі бар, Үш баласы бардың үш рулы елде малы бар, Төрт баласы бардың төрт құбыласы тең болар, Бес баласы бардың дес бермейтін жөні бар, Алты баласы бардың алмай қоймас саны бар, Жеті баласы бардың алмай қоймас жаны бар, Сегіз баласы бардың сергелдеңге салар кәрі бар, …

ATADAN QALǴAN ASYL SÓZ Read More »

ӘЙЕЛ – ҮЙДІҢ БЕРЕКЕСІ

“Үйлену оңай, үй болу қиын” дейтін халықпыз. Оңай мен қиын, ауыр мен жеңіл, ақ пен қарадан тұратын өмірде шаңырақты шайқалтпай ұстау – үйленген екі жасқа ортақ міндет. Дегенмен, үйдің берекесін келтіретін әйел затына артылатын жүк ауыр. Халық арасында қалған мына бір өсиет сөздердің келіндерге пайдасы зор болар:

“ОНЫ ӘЛІ СҮЙЕМІН”

“…Біздің отбасымыз сырттан қараған адамға бақытты, алаңсыз болып көрінеді. Өйткені, менің жарым, балаларым, үлкен үйім бар. Жарым – отбасына мейірімді жан, қамқор әке. Бірақ… мен қанша тырыссам да күйеуімді сүйе алмай қойдым”, – депті “Шаңырақ” қосымшасына хат жолдаған Ажар есімді келіншек.

ӨНЕРЛІ ӘУЛЕТ

 Олар сахнада отыз жылдай бірге өнер көрсетті. Өздері тұрып жатқан Шал ақын ауданына ғана емес, бүкіл облысқа танылды. Олар деп отырғанымыз – Ниязовтар отбасылық ансамблі. Отағасы Қалқай Ниязов ансамбльге өзі жетекшілік етсе, зайыбы Майра, балалары Әлия мен Балғабай төртеуі өнерсүйер қауымның зор қошеметіне бөленді.

КӨКЕК ӘКЕЛЕР

Елімізде жас отаулардың жартысына жуығы неке құрған күнінен бастап бір жылға жетпей ажырасып тынады екен. Өкінішке қарай, олардың қатарында біздің өңірдің азаматтары да бар. Облыстық әділет департаменті атқару өндірісін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жұлдыз Баймашеваның айтуынша, былтыр ажырасуға өтініш білдірген мың жарымнан астам азаматқа алимент төлеу міндеттелген. “2016 жылдан бері алимент өндіру ісі жеке сот …

КӨКЕК ӘКЕЛЕР Read More »

ҚАЙСАР МІНЕЗДІ ҚЫЗ

Соңғы уақытта құқық қорғау органдарында ер-азаматтармен иық тіресе қызмет ететін нәзік жандардың қатары арта түсуде. Өздеріне жүктелген міндетті жауапкершілікпен орындап, басшылықтың үмітін ақтаған қыз-келіншектердің қатарында 22 жастағы учаскелік инспектор Зарина Елубаева да бар.

ҮЛКЕН ЖҮРЕКТІ ЖАНДАР

Жетімдерін жылатпаған, тағдыр тауқыметін тартқандарға қайырымдылық таныта білген халықпыз. Дәстүрлі түрде өтетін “Мерейлі отбасы” байқауына қатысушылар арасында жәутеңдеген жандарды бауырына басып, оларға шын мейіріммен қарайтындар қатарының көптігіне шын көңілмен қуанамыз. Ақжарлық Зелғабиден мен Зейнеп Топаевтар бүгінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған өзге ұлттың екі баласын асырап алып, оларды туғандарындай бағып-қағуда.

АҚЫЛДАРЫН АЙТТЫ

Қоғамда көңіл жарастырып, шаңырақ көтерген жастардың ажырасуы жиілеп барады. Әл-Фараби мектеп-лицейінде “Қызылжар” орталық мешіті жанындағы әжелер клубы мүшелерінің қатысуымен өткен “дөңгелек үстел” отырысында осы мәселе кеңінен талқыланды.

АБАЙДЫҢ МҮСІНІН ЖАСАДЫ

Петропавл қаласындағы “ЕС-164/3” түзеу мекемесінде жазасын өтеуші ұлы Абайдың мүсінін жасады. Бір қызығы, Қайрөш Айтбаев бостандықта жүргенде мұндай іспен мүлде айналыспаған. Тар қапаста күтпеген жерден бойындағы беймәлім қабілеті ашылған мүсінші түрмеден шыққасын шеберхана ашуды армандайды.

СПАРТАКИАДАҒА САҚАДАЙ САЙ

Бір аптадан кейін Тимирязев ауданында XIV “Солтүстік – 2020” қысқы ауыл спорты мерекесі бас­талады. Жыл бойы тағатсыздана күткен спорттық шараға өңіріміз-дің барлық аудандарынан 500-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.

ҚАРПЫҚТЫҢ “ҚАЙҒЫСЫ”

“Soltústik Qazaqstan” облыстық газетінде қырық жылға жуық қызмет атқарған журналист Жоламан Шаханов сатира жанрына көп қалам тербеді. Қаламгер 1948 жылдың 7 наурызында Шал ақын ауданының Жаңажол ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдаған. Газетімізде меншікті тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі болып еңбек еткен. Әзіл-сықақ әңгімелері облыстық газетпен қатар республикалық “Ара”, “Мағжан” журналдарында жарияланды. …

ҚАРПЫҚТЫҢ “ҚАЙҒЫСЫ” Read More »

ЖЕТІ БАҒЫТТА САЯХАТ ЖАСАДЫ

Жалпыреспубликалық «Музейлер шеруі» акциясы аясында Шал ақын аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы даланың тарихи толқыны» тақырыбында шара өткізілді. Жиынды ашқан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айнагүл Ғаббасова мен ардагер Самат Қойшыбайұлы патриоттық тәрбие берудің маңыздылығына тоқталып, аудан тұрғындарын музейге келуге шақырды.

АСҚАБАҚТЫҢ ПАЙДАСЫ

Асқабақтан түрлі тағам әзірлеуге бо­лады. Дәрігерлердің айтуынша, ол ас қорыту мен жүрек-қан тамырлары жүйесі үшін пайдалы. Оның 10 пайызын әр алуан дәрумендер мен микроэлементтер құраса, қалғаны судан тұрады. Асқабақ адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Өйткені, оның құрамында: С, Е, В1, В2, РР дәрумендері, бетакаротин, калий, кальций бар.

ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Адамның бас сүйегі 29 түрлі сү­йектен құралған. Мидан шыққан нерв импульсі сағатына 274 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Адам денесіндегі күкірттің мөлшері бір иттің үстіндегі бүргелердің бәрін жоя алады. Ал адам бойындағы көміртек 900 қарындаш жасауға, май мөлшері 7 сабын жасауға жетеді. Сонымен қатар денеміздегі сумен 50 литрлік бөшкені толтыруға болады.

ҚАТЕРЛІ ІСІКПЕН КҮРЕС

Өңірімізде 10 мыңға жуық тұрғын онкологиялық дертке шалдыққан. Соның 1974-інде сырқат өткен жылы анықталған. Былтыр облыс орталығында за­манауи құрылғылармен жабдықталған онкологиялық диспансердің жанынан қосымша ғимарат пайдалануға беріліп, науқастарға сапалы медициналық қызмет көрсету үшін қажетті жағдай жасалды. 

БАЛАЛАР ТАҒАМЫНА БАҚЫЛАУ ҚАЖЕТ

Бес жастағы Нұрәлі дүкен сөрелерінде самсап тұрған тәттілерден көз алмайды. Анасына әлдебір кәмпиттерді жегісі келетінін айтты. “Қой, балам, тісің ауыра­ды”, – деген Айжанның сөзін ол шыбын шаққан құрлы көрген жоқ. Бір кезде жылап қоя берді. Анасы алдаусыратса да, бала көз жасын тияр емес. Ол аздай жерге жатып алды. Ерке баланың бұл қылығынан қысылған келіншек ұлын …

БАЛАЛАР ТАҒАМЫНА БАҚЫЛАУ ҚАЖЕТ Read More »

“ХАЛЫҚ ЖАУЫ” АТАНҒАН ҚАЛАМГЕР

1937-1938 жылдары қуғын-сүргін көрген, жазықсыз жапа шеккен абзал азаматтарымызды еске алу, олардың елі үшін еткен еңбектерін елеусіз қалдырмау бағытында бүгінгі күні бірқатар игілікті істер жалғасын табуда. Десек те, есімдері әлі күнге дейін атаусыз қалып, сіңірген еңбектері елге жеткізілмей, белгісіз күй кешіп жатқандары қаншама?! Олардың өз елі, халқы үшін сарп еткен өмірі мен қызметін егеменді еліміздің …

“ХАЛЫҚ ЖАУЫ” АТАНҒАН ҚАЛАМГЕР Read More »

КІТАПХАНАШЫЛАР ТҮСТІ ЖАРЫСҚА

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Ақжар ауданының Горький орта мектебінде кітапханашылар арасында «Мен Абайды оқимын» байқауы өткізілді. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайыс екі кезеңнен тұрды. Алғашқысында байқау қатысушылары ақынның өлеңдерін жатқа айтты. Қазылар алқасы кітапханашылардың туындыларды мәнерлеп жеткізу қабілетіне, актерлік шеберлігіне мән берді. Екінші кезеңде кеш жүргізушілері аудандық …

КІТАПХАНАШЫЛАР ТҮСТІ ЖАРЫСҚА Read More »