«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.02.2020

ЖАТАҚХАНАҒА ЖӨНДЕУ ҚАЖЕТ

“Nur Otan” партиясы «Jas Otan» жастар қанатының облыстық филиалы бақылау тобының мүшелерімен бірге Петропавл қаласындағы студенттер жатақханаларының жағдайымен танысу мақсатында рейдтер жүргізуді қолға алды. Олар ең алдымен Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің жатақханасында болды.

10 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ СЫЙАҚЫ КІМГЕ ТӨЛЕНЕДІ?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы №32 қаулысымен сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу қағидаларына түзетулер енгізілді. Қаулы биыл 15 ақпаннан бастап күшіне енді. Жаңартылған жүйеге сәйкес, жемқорлық деректері туралы хабарлаған азаматтар сараланған сыйақы алады. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты сот үкімі шыққан соң, сол дерек туралы хабарлаған адамға параның 10 пайызы сыйақы түрінде төленбек.

ЖЕТІ МЕКТЕП – ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Жеті білім беру ұйымы еліміздегі үздік мектептердің қатарынан көрінді. Бірнеше жыл өңір оқушылары республикалық пән олимпиадаларында алдыңғы орындарды иеленуде. Бұл туралы облыстық білім басқармасының өткен жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа отырысында айтылды.

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТЕ КҮШ БІРІКТІРМЕК

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің “Аntıkor” орталығында өткен баспасөз мәслихатында кәсіпкерлік саласында бармақ басты, көз қыстылықтың алдын алу бойынша былтыр атқарылған жұмыстар жайлы әңгіме өрбіді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек қатысты. Әкімнің орынбасары жиналғандарды өңірімізде инвесторларға қолайлы жағдай жасау бағытында атқарылып жатқан шаралармен таныстырып өтті.

ESKERTÝ!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 15 ақпан күні соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күні кей жерлерде боран соғып, тұман түсуі ықтимал.

КӨМЕК АЛУ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУ ҚАЖЕТ

Облысымызға жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов ардагерлер ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереевтің қатысуымен өткен селекторлық кеңеске қатысты. Сондай-ақ, “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасындағы жаңашылдықтармен бөлісіп, “Жанұя” қазақстандық отбасыларды қолдау орталығы өкілдерімен әңгімелесті. Кездесулер барысында вице-министр атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа тетіктерін түсіндіріп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған әлеуметтік қызметтер …

КӨМЕК АЛУ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУ ҚАЖЕТ Read More »

САДАҚА ТЕРМИНАЛДАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

Қызылжар өңіріндегі мешіттерде садақа қабылдайтын электронды терминалдарды кезең-кезеңімен орнату жалғасын тауып келеді. Заманауи құрылғылар алдымен облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде, кейін қалалық «Нұр» мешітінде іске қосылса, енді Тайынша, Ақжар, Шал ақын, Қызылжар, Уалиханов аудандық мешіттеріне де орнатылды.

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР

 Қаламыздағы “Еріктілер клубы” өткен жылды қорытындылады. Олар былтыр онға жуық қайырымдылық шара ұйымдастырып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын берген. Клуб өкілдері ұйымдастырған қайырымдылық концерттерден түскен қаржы ауыр нау­қасқа шалдыққан балалардың емі үшін жұмсалыпты. Өткен жылы олар қала көшелерінде шашылып жатқан 1,5 тонна қағазды жинап, қайта өңдеуге тапсырған. Шара барысында клуб мүшелері алдағы жоспарлары туралы сөз …

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР Read More »

АЙҚЫН БАСЫМДЫҚ

Шайбалы хоккейден ашық ел біріншілігі аясында жергілікті “Qulager” командасы өз алаңында елордалық “Astana” клубымен кездесті. Өткен жылдың желтоқсан айында қос команда арасында өткен соңғы кездесуде жерлестеріміз айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын. Спорт сарайындағы кездесу де сол сценаримен өтті. Ойын басталысымен командалар бірден өткір шабуылдарға көшті. Кездесу барысында Федор Хорошев, Евгений Попитич, Кирилл Власов, Денис Стасюк …

АЙҚЫН БАСЫМДЫҚ Read More »

ТЫҢДАРМАНҒА ТАМАША ТАРТУ

Облыстық филармония жанынан құрылған Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі жиырма жылға жуық уақыттан бері өнерсүйер қауымды төл әндерімізбен, ұлттық күйлерімізбен сусындатып келеді. Оркестрдің “Show must go on” (шоу жалғасады) атты кезекті концертін тамашалау үшін жастар сарайына ағылған жұртшылық тамаша кештің куәсі болды.

ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында “Алтын қазына” атты қолданбалы өнер көрмесі өтті.

КӨЛІК ҚАҒЫП КЕТТІ

Петропавлдағы Интернацио­нал көшесінде келе жатқан “Toyota-Chaser” автокөлігінің жүргізушісі жүргіншілер жолағымен көшені қиып өтпек болған 22 жасар жігітті қағып кетті. Салдары­нан 1998 жылы туған азамат түрлі дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша материал жиналып жатыр.

ШАТЫРЫ ОПЫРЫЛЫП ТҮСТІ

  Облыс орталығындағы бес қа­батты үйлердің бірінің шатыры опырылып түсті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Оқыс оқиға 11 ақпан күні сағат кешкі алты шамасында болған. Осы уақытта облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке Интернационал көшесі, 2 мекенжайындағы бесқабатты үйдің шатырының ішінара опырылып құлағандығы туралы хабар түсті. Апат болған жерге департементтің, Петропавл қалалық әкімдігінің мамандары бірден жетті. 

ПӘТЕР ҰРЫЛАРЫ қомақты қаржыны қолды қылды

Облыс орталығында пәтер ұрлы­ғына қатысы бар деген күдікпен бір топ азамат құрықталды. Олар өткен аптада екі баспанадан 1,5 миллион теңгеден аса ақшаны қолды қылған. Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының тумалары пәтерлердің есіктерін арнайы құралдардың көмегімен ашқандықтарын мойындап отыр.

ЖОЛАУШЫЛАР САНЫ АЗ

№11М бағытындағы автобус ақ­пан айының 10-ынан бастап өз жұ­мысын тоқтатты. Мұның себебін “СҚО Автокөлік одағы” қауымдас­тығының төрайымы Галина Семе­нова айтып берді. Оның айтуынша, №11М бағытындағы қоғамдық кө­лік бірнеше жағдайға байланысты жүрмейтін болған. Біріншіден, атал­мыш автобустың қызметін пай­даланушы тұрғындар саны өте аз. Екінші себеп, темір жол вокзалы мен әскери институт аралығында қатынайтын қоғамдық көліктердің әбден тозығы …

ЖОЛАУШЫЛАР САНЫ АЗ Read More »