«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.02.2020

ТАЙЛАНДТАН КЕЛГЕН ПЕТРОПАВЛДЫҚТАРДАН КОРОНОВИРУС ТАБЫЛҒАН ЖОҚ

Тайландта дем алып келген петропавлдық отбасыдан коронавирустың белгілері байқалып, олар ауруханаға түсті. Петропавлда әлеуметтік желілерде бет-аузын тұмшалап, ерекше киінген медицина қызметкерлерінің екі «жедел жәрдем» көлігіне адамдарды отырғызып жатқаны туралы бейнеролик тарап кетті. 

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР 265 РЕТ ЕРЕЖЕ БҰЗДЫ

«Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу шарасы барысында солтүстікқазақстандық полицейлер жолда жүру ережесін бұзудың 1380 дерегін анықтады. Басты міндет – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрескел заң бұзушылықтардың, жол-көлік апаттарының алдын алу.

АБАТТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАНДАРҒА — АЙЫППҰЛ

Облыс полицейлері ауа райының тосын мінез танытуына орай абаттандыру ережелерінің сақталуын қадағалауды күшейте түсті. Әсіресе, іргелес аумақтардан қар шығару, үй шатырларын қар мен сүңгі мұздан тазартуға баса назар аударылды. Учаскелік полиция инспекторлары пәтер иелері кооперативтері төрағаларымен кездесіп, үй шатырларының қардан тазалануына бақылау жүргізуде.

ҚАҢҒЫБАСТАРҒА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Облыс аумағында екі күн бойы жүргізілген «Қаңғыбас» жедел-алдын алу шарасының мақсаты – қаңғыбастар арасында заң бұзушылықтарды анықтап, қылмыстардың алдын алу, қылмыскерлер мен із-түссіз жоғалған азаматтарды іздестіру. Полицейлер қаңғыбастар мекендейтін жертөле, құдық, жылу құбырлары сияқты жерлерде рейдтер жүргізді. Екі күн ішінде қалалық полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына 216 адам жеткізілді. Олардың әрқайсысы тексеріліп, фотосуретке түсіріліп, олармен әңгімелесу …

ҚАҢҒЫБАСТАРҒА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ Read More »

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРДЫ

Өңірімізде қатты жел мен көктайғаққа байланысты полицейлер күшейтілген режімде жұмыс істеуде. Төтенше жағдай, жол қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тәртіп сақшыларымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ауа райының қолайсыздығына орай алыс жолға шығудан бас тарту туралы ескертулер SMS-хабарламалар мен әлеуметтік желілер арқылы таратылды. Алайда соған қарамастан облыс тұрғындарының кейбірі жолға шығып, қар құрсауында қалып қойды.

310 САЙТ БІРІКТІРІЛЕДІ

Мемлекеттік органдардың 310 сайты 2020 жылдың соңына дейін бірыңғай платформаға біріктіріледі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев мәлім етті. 

ОБЛЫС ӘКІМІ «ҚЫЗЫЛЖАР-АҚПАРАТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС директоры Жарасбай Сүлейменовті қабылдап, «Soltústik Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сала ардагерлері мен журналистерге қажырлы еңбек тіледі. Сондай-ақ, кездесу барысында газеттің тарихы мен дамуы жайында сөз өрбітті.

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН — ЕЛІМІЗДІҢ АЙБЫНЫ

Тәуелсіздік жылдары құрылған Қарулы Күштер – қоғам тыныштығының қалқаны, еліміздің айбыны. Ел Президенті, Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізі” атты Жолдауында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қарулы Күштердің, әскерлер мен әскери құрылымдардың маңызын атап өтті.

ОТТЫ ЖЫЛДАР ЕЛЕСІ

БІР УЫС БИДАЙ Тайынша ауданындағы Амандық ауылы бұл атауды бертін ғана алған. Осы маңда бірнеше ауыл орналасыпты. Аштықтан кейін тұрмыстары тұралап, тұрғындары сиреп қалған соң бәрі бір ауылға жиналған. “Алқа-қотан ауыл едік. Сұм соғыс қанша шаңырақты ортасына түсірді, дүрілдеген ауылдарды зым-зия жоқ қылды. Ел азаматтарын аждаһадай бірінен соң бірін жұта берді. Әкемнің немере інісі әке-шешеден …

ОТТЫ ЖЫЛДАР ЕЛЕСІ Read More »

“ШЫН ХАКІМ, СӨЗІҢ АСЫЛ — БАҒА ЖЕТПЕС”

Оқушылар сарайында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай “Хакім Абай даналығы” тақырыбында ауқымды шара өтті. Оған ұстаздар мен мектеп оқушылары, зиялы қауым өкілдері мен педагогика ардагерлері қатысты. Облыстық білім басқармасы ақын мерейтойын өңір көлемінде атап өту мақсатында оқу орындарында 50-ге жуық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

ТАБЫСТЫ ЕСЕЛЕУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Жыл басында “Қарапайым заттар экономикасы” бағ­дарламасына өзгертулер ен­гізілген болатын. Соның нәтижесін­де кәсіпкерлер 10 жылға дейін же­ңілдікпен несие алу мүмкін­дігіне ие болды. Облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ольга Цымбалюктің айтуынша, бүгіндері аталмыш бағдарлама аясында ел бойынша мыңдаған жоба қаржы­лан­­дырылған. Бұл мақсатқа 235 млрд. теңге бағытталған. Соны­мен қатар 295 жобаны екінші деңгей­лі банктер жан-жақты зерттеуде.

10 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ СЫЙАҚЫ КІМГЕ ТӨЛЕНЕДІ?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы №32 қаулысымен сы­бай­лас жем­қорлық дерегі туралы хабар­лаған адамдарды кө­термелеу қағидала­рына түзетулер енгізілді. Қау­лы биыл 15 ақпаннан бастап күшіне енді. Жаңар­тылған жүйеге сәйкес жемқорлық деректері тура­лы хабарлаған азаматтар сыйақы алады. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты сот үкімі шық­қан соң сол дерек туралы хабарлаған адамға па­раның 10 пайызы сыйақы түрінде төленбек.

САҚШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН МҰРАЖАЙ

Шал ақын ауданында ішкі істер қызметінің ведомстволық мұражайы ашылды. Мұражай­дың ашы­луымен жиналғандарды аудан әкімі Нұрлан Есі­мов, облыстық полиция департаменті бастығы­ның орынбасары Қанат Айтбаев құттықтады. Мұражайға запастағы полиция пол­ковнигі Сәбит Ысқақов, милиция ардагері Қобы­лан Хамзиннің зайыбы Сақып Қоспанқызы және т.б. бағалы бұйымдар тапсырды.

ҮЗДІКТЕР ІРІКТЕЛДІ

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыстың ашық біріншілігі аяқталды. Университет ректорының кубогы сарапқа салынған сайысқа 80-нен астам балуан қатысты.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАҢА ТЕТІКТЕРІ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтуды 660-тан 735 мың адамға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 660 мың адам қамтылды. Олардың 36 пайызы – жастар, жартысына …

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАҢА ТЕТІКТЕРІ Read More »

ҚАҒАЗСЫЗ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Биыл елімізде Ұлттық халық санағы жүргізіледі. Техникалық жағдайларға байланысты бір жыл кешігіп атқарылғалы отырған ауқымды іс-шара 2009 жылғы кемшіліктерді қайталамайды. Сондай-ақ, санақты қағазсыз жүргізу қарастырылған.