«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.02.2020

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ

Аудандық әкімдіктер тозығы жеткен жолдарды облыстық бюджет есебінен жөндеп қана қоймай, енді жобалық-сметалық құжатты әзірлеуге де қаржы сұрауды шығарған. Облыстық әкімдіктің кезекті отырысында өңірдің қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы сараланып, жайбасарлыққа салынған аудан басшылары сынға ілікті.

ӘКЕ ТУРАЛЫ СӨЗ

Өткен жылы облыстық “Soltústіk Qa­zaqstan” газетінің редакциясына табан ті­реп, Қызылжар өңірі баспасөзінің қасиетті қарашаңырағында қызмет атқарған әкем Имақ Тоқпановтың ізба­сарларын көріп бір марқайып қалдым. Маған қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған аяу­лы тұлғалар қызмет еткен редакция бөтен емес. Өйт­кені, іргесін Алаштың ардақты пер­зент­тері қалап, керегесін көркемсөз, кес­те­лі оймен керген осынау басылым­да әкем Имақ Тоқпанұлының да ізі …

ӘКЕ ТУРАЛЫ СӨЗ Read More »

РИЗАМЫН САҒАН!

Менің бойымда га­зет оқу мәде­ние­тін қалып­тас­ты­рып, баспасөзге деген махаб­ба­тым­ды оятқаны үшін әке­ме өмір бақи қарыздар­мын. Әкем қара­пайым механиза­тор, ше­шем сауыншы бол­ғаны­мен, көзі ашық, көкірегі ояу адам­­дар еді. Бала күнімізден біз­ге “Пио­нер”, “Бал­дыр­ған”, “Жұл­дыз”, “Ле­нин­шіл жас”, “Комсо­моль­ская прав­да”, “Прав­да”, “Ле­нин туы” де­ген газет-журнал­­дар­ды жаздырып, оқытты. Үйі­міз­де керемет мүлік, жиһаз бол­маса да, газет-журнал, кітап аз емес еді.

948 МАС АДАМ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Денсаулыққа зиян келтірумен аяқталатын қылмыстардың әрбір екіншісі масаң күйде жасалады. Әйелдерге қатысты жасалатын барлық қылмыстардың әрбір төртіншісі бірлесіп ішімдік ішуден соң орын алады. Тұрмыстық қылмыстарға да көбінесе алкоголь себепші.

МАҒЖАН ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ

Бүгін қазақ баспасөзінің тарихында ойып алар орны бар “Soltústik Qazaqstan” газеті жайлы ой толғаудың орайы келіп тұр. Енді санаулы күндерден кейін іргесін Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров, Ғаббас Тоғжанов, Бекмұхамет Серкебаев (атақты жерлесіміз, жезтаңдай әнші Ермек Серкебаевтың әкесі) сынды Алаштың ардақтылары қалаған, небір айтулы тұлғалардың қолтаңбасы қалған басылым абыз жастың биігіне көтеріліп, жаңа ғасыр …

МАҒЖАН ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ Read More »

АРДАҚТЫ ТҰЛҒА

Абыз басылымның алғашқы саны осыдан тура жүз жыл бұрын Омбы қаласында жарық көрді. Кейін Ақмола губерниясы құрылып, оның орталығы – Петропавл қаласына газет “Бостандық туы” деген атаумен көшірілді. Басылымның алғашқы редакторларының қатарында Әбілқайыр Досовтың есімі де аталады.

РУХАНИ ҚОРҒАНЫМЫЗ

Осы күндері халқымыздың үніне, жүрекжарды сөзіне айналған “Soltústіk Qazaqstan” газеті ел басына түскен зұлмат жылдарды да, ұлттың мерейін тасытқан қуанышты сәттерді де бастан өткерді. Алайда, газет қай кезде де, қандай жағдайда да ұлтының сөзін сөйлеуден, ел-жұртты жақсылыққа, іргелі істерге ұмтылдырудан жаңылған емес.

САРА ЖОЛ

ХХ ғасырдың 20-жылдары “Кедей сөзі” атты шағын газеттен бастау алған басылым осынау сан жылдар ішінде бұралаңы мен қиындығы мол, үлкен сындарлы жолды артқа тастады. Сан қилы кезеңдерде “Бостандық туы”, “Кеңес ауылы”, “Ленин туы” болып шыққан, қазақ әдебиетінің танымал тұлғалары Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров, Сәбит Мұқанов, Мәжит Дәулетбаев, Елжас Бекенов, Шахмет Құсайынов, Әлжапар Әбішев, …

САРА ЖОЛ Read More »

БЕДЕЛДІ БАСЫЛЫМ

Солтүстік өңірдегі байырғы басылымдардың бірі – “Soltústik Qazaqstan” газетінің алғашқы нөмірінің жарыққа шыққанына жүз жыл толғалы отыр.

ЕЛДІК МҮДДЕНІҢ ҰРАНШЫСЫ

Құрметті әріптестер! Баршаңызды “Soltústik Qazaqstan” газетінің 100 жылдық мерейлі белесімен шын жүректен құттықтаймын!

ШОҚТЫҒЫ БИІК

Өткен ғасырдың басында “Кедей сөзі” деген атпен жарық көрген, уақыт белестеріне сай “Бостандық туы”, “Кеңес ауылы”, “Ленин туы” деген атаумен қызметі Тәуелсіздік дәуіріне жалғасқан “Soltústik Qazaqstan” газетінің жүріп өткен жолына қарасаңыз, осы сөздердің айғағын табасыз. Бір ғасырлық тарихы бар басылым көп емес. Бұл – шоқтығы биік басылым.

АЙМАҚ ТАРИХЫНЫҢ АЙНАСЫ

2005 жылдың шұғылалы көктемінде өңіріміздегі аға басылымның 85 жылдығын салтанатты жағдайда бүкіл облыс жұртшылығымен бірге мерекелегеніміз есімде. Ақ тілектер жауған мерейтой кешінде газет жанашырлары лек-легімен басылым жайлы жылы лебіздерін білдіріп, газет ұжымын, барша оқырмандарын шын жүректен құттықтап, шығармашылық жаңа табыстар тілеген еді.

ҰШҚАН ҰЯМ

Қызылжар өңірінің қасиетті қарашаңырағы – “Soltústik Qazaqstan” газетінің 100 жылдық мерейтойы – облысымыздың қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға.

ӨЛЕҢІМНІҢ БІР ШУМАҒЫ ҒАНА ӨЗІМДІКІ ЕДІ

Бүгінде өзінің ғасыр тойын атап өткелі отырған “Soltústіk Qazaqstan” газетімен бала ке­зім­нен таныспын. Ол кезде бұл басылым “Ленин туы” деп ата­латын. Қызылжардағы қазақ-мектеп интернатында 5-6-сы­ныптарда оқып жүргенімде, об­лыстық газетке “Таң нұ­ры” де­ген өлеңім жарияланған­да тө­бем көкке сәл-ақ жетпей қалып қуанғаным күні кешегі­дей әлі есімде. Ол өлеңімнің жарияла­ну тарихы былай бол­ды. Мек­теп­те қазақ тілі мен әдебиеті­нен …

ӨЛЕҢІМНІҢ БІР ШУМАҒЫ ҒАНА ӨЗІМДІКІ ЕДІ Read More »

ҰЛТТЫҚ ГАЗЕТ hӘМ ТІЛ МӘСЕЛЕСІ

Тұтас бір дәуірдің жылнамасы саналатын “Soltústіk Qazaqstan” газетінің шаң басқан әр санын па­рақтай отырып, әлеуметтік-эко­но­микалық, саяси, тағы басқа сан-салалы мәселелермен қатар ата-бабамыздың кейінгі ұрпаққа мұра, мирас ретінде аманаттаған сарқылмас рухани құндылық­тары жайлы да кеңінен жазғанын байқау қиын емес. Оның ішінде ең соқталысы – күрделі тарихи ке­зеңнің тынысын тамыршыдай тап басып, ой елегінен өткізіп, елдігі­міз­дің, тұтастығымыздың …

ҰЛТТЫҚ ГАЗЕТ hӘМ ТІЛ МӘСЕЛЕСІ Read More »

МЕН ТІЛШІНІҢ ҚЫЗЫМЫН

Бір ғасырлық тарихы бар “Soltústіk Qazaqstan” газетін қолыма алсам, көз алдыма осы басылымның жанашыры – әкем, ұстаздықты өміріне серік еткен Сәркен Құлмағанбетовтің бейнесі елестейді. Менің әкем С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтаған соң Есіл ауданындағы Бұлақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып еңбек етті.

ЖҮЗЖЫЛДЫҚ ЖЫЛНАМА

“Soltústіk Qazaqstan” газетінің бір ғасырлық тарихы жайлы айты­лып та, жазы­лып та жүр. Жұртшы­лық оны елі­міздің рухани өмірінде­гі айтулы оқиға ретінде қабылдау­да. Шы­нында да, еліміздің бір ға­сыр­лық шежіре-тарихын осы га­зеттің сарғайған беттерінен та­батынымыз анық.

АЛЫПТАРДЫҢ ОРДАСЫ

Газет – ел айнасы, өлке шежіресі, рухани-мәдени дамудың көрсеткіші. Ғасыр құрдасы, оқырмандар сырласы “Soltústіk Qazaqstan” газеті – ХХ ғасыр мен Тәуелсіздік дәуірінің нақты куәгері, жалынды насихатшысы. Онда халықтың бастан кешкен трагедиялық-тарихи оқиғалары, ұлы-ұлы жеңістері, өлке өркендеуінің керемет белестері, руханият кеңістігіндегі қайраткерлердің ұлтқа, ұрпаққа қызметі толық көрініс тапқан деуге болады.

ҰШҚАН ҰЯМ

Қызылжар өңірінің қасиетті қарашаңырағы – “Soltústik Qazaqstan” газетінің 100 жылдық мерейтойы – облысымыздың қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға.

АРДАҚТЫ ТҰЛҒА

Абыз басылымның алғашқы саны осыдан тура жүз жыл бұрын Омбы қаласында жарық көрді. Кейін Ақмола губерниясы құрылып, оның орталығы – Петропавл қаласына газет “Бостандық туы” деген атаумен көшірілді. Басылымның алғашқы редакторларының қатарында Әбілқайыр Досовтың есімі де аталады.