«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.02.2020

МАҒЖАН ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ

Бүгін қазақ баспасөзінің тарихында ойып алар орны бар “Soltústik Qazaqstan” газеті жайлы ой толғаудың орайы келіп тұр. Енді санаулы күндерден кейін іргесін Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров, Ғаббас Тоғжанов, Бекмұхамет Серкебаев (атақты жерлесіміз, жезтаңдай әнші Ермек Серкебаевтың әкесі) сынды Алаштың ардақтылары қалаған, небір айтулы тұлғалардың қолтаңбасы қалған басылым абыз жастың биігіне көтеріліп, жаңа ғасыр …

МАҒЖАН ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ Read More »

ЖОЛДАР ЖАБЫЛҒАНЫМЕН, ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАНДАР КӨП

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты автожолдардың 42 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.  Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің, полиция департаментінің, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ жауапты қызметкерлерінің қатысуымен облыстық жедел штаб құрылды, жолда зардап шеккендерден хабарлама қабылдау үшін «қауырт желі» іске қосылды.

ҒАСЫР ШЕЖІРЕСІ

Газет – бүгінгі күннің айнасы, ертеңгі күннің шежіресі. Салқар тарихты қағаз бетінде таңбалаған кестелі сөз – баға жетпес құндылық. Сондықтан да қай кезеңде де газеттің қадір-қасиеті кемімейді. Керісінше, жыл өткен сайын оның абыройы асқақтайды. Өйткені, газеттің сөзі мыңжылдық.

ПӘТЕР ЖАЛДАУШЫЛАР ТҮН ТЫНЫШТЫҒЫН ЖИІ БҰЗАДЫ

Соңғы кезде тәуліктеп жалға берілетін пәтерлердегі шу петропавлдықтардың мазасын алуда. Жыл басынан бері 102 нөміріне көршілеріне шағымданған 132 адам хабарласты. Соның 87 жағдайында тәулік бойы жалға берілетін пәтерлерде тыныштық бұзылған. Қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, әрбір жағдай бойынша тиісті шара қолданылды. Түн ішінде тыныштықты бұзғаны үшін пәтер жалдаушыларға қатысты 100-ге жуық әкімшілік …

ПӘТЕР ЖАЛДАУШЫЛАР ТҮН ТЫНЫШТЫҒЫН ЖИІ БҰЗАДЫ Read More »

МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ МӘРТЕБЕ АЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗ

2020 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтер 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 27%-ға өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов айтты. 

JYR-SHASHÝ

Өзіңді мақтан етем мен Бір ғасыр бұрын қадамын нықтап бастаған, “Бостандық туы” серпілтіп көпті тастаған. Алыптар салып кеткен бұл соны сүрлеуде, Құрыштай болып шынықты небір жас қалам.

ТЕРГЕУШІ 2 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ПАРА АЛДЫ ДЕГЕН КҮДІК БАР

  СҚО тергеушісі онсыз да тоқтап тұрған қылмыстық істі желеу етіп, 2 миллион теңге пара алған. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі СҚО полиция департаментінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі қызметін атқарған полиция подполковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ

Сәрсенбі күні Германия үкіметі экстремистік үндеулер мен алауыздықты қоздыруға бағытталған интернеттегі жазбалар үшін жауапкершілік пен бақылауды күшейтетін заң жобасын мақұлдады.

ӨТКЕН КҮНДЕРІМНІҢ КУӘСІ

Мен 1920 жылы бұрынғы Преснов ауданына қарасты Баян ауылында дүниеге келдім. Анам бірнеше құрсақ көтерсе де, балалары шетіней беріпті. Содан тірі қалған ағам екеуміз жетімдіктің, жоқшылықтың дәмін татып өстік. Әкем Ахмет пен анам Айнажан ерте дүние салды. Өкінішке қа­рай, жалғыз бауырымнан көз жазып қалдым. Аласапыран кезеңде бір-бірімізді іздеуге мүмкіндік болмады. Алладан тек оның амандығын тілеумен …

ӨТКЕН КҮНДЕРІМНІҢ КУӘСІ Read More »

ОБЛЫС ӘКІМІ Қ.АҚСАҚАЛОВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Қымбатты жерлестер! Сіздерді өңіріміздің қоғамдық-саяси және мәдени өміріндегі аса маңызды оқиға – “Soltústіk Qazaqstan” газетінің ғасырлық тойымен шын жүректен құттықтаймын!

АЛАШ АМАНАТЫН АРҚАЛАҒАН

Өңіріміздегі қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – “Soltústіk Qazaqstan” газетінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында облыс әкімі Құмар Ақсақалов “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жарасбай Сүлейменовті қабылдады. Бұл туралы өңір басшысы өзінің “Facebook” әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.Қазақ халқының тағдырлы тарихы, жарқын жетістігі газеттің сарғайған парақтарында сақтаулы. Ұлт зиялыларының елдік үшін егеске, мемлекеттілік үшін күреске түскен кездегі мақалалары да …

АЛАШ АМАНАТЫН АРҚАЛАҒАН Read More »

ЖҮРЕГІМНІҢ ҚАЛАУЫ

Мен өңіріміздегі абыз басылым – “Sol­tústik Qazaqstan” облыстық газетінде қа­лам тербеп жүрген жастардың бірімін. Бү­гінде алғашқы санының жарық көргеніне 100 жыл толып отырған газет өмірімнің ажырамас бір бөлігіне айналды десем, асыра айтқандық болмас. Өйткені, кеше газеттің әр санын асыға күткен оқырман болсам, бүгін соның журналисімін. Бір ға­сырлық тарихы бар баспасөзде еңбек жо­лын бастау – әркімнің …

ЖҮРЕГІМНІҢ ҚАЛАУЫ Read More »

СӨЗДІҢ КИЕСІН СЕЗІНДІМ

Есейгенде қанатымен су себер қарлығаштай, қо­ғамға пайдасы болар қызметтің тізгінін ұстасам деп ар­ма­ндайтынмы н. “Адам өміріне араша болатын ақ ха­латты абзал жандардың қатарынан табылсам ба, әл­де ел игілігін үстем етер ғалым болсам ба екен?!” дей­­тін едім. Бала қиял, жүйрік еді-ау… Қолыма алғаш қа­­лам ұстатқан ұстаздарыма тәнті болып, бола­шақ­­та шәкірт тәрбиелеуге тас түйініп, арман жете­гінде Ал­маты …

СӨЗДІҢ КИЕСІН СЕЗІНДІМ Read More »

КЕШІРІМШІЛ ӘЙЕЛДЕР, ЖАНЖАЛҚҰМАР ЕРЛЕР

Петропавл қаласында жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 3 қылмыс тіркелді. 96 қалалық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 9 жағдайда әйелдер дене жарақатын алып, айтарлықтай зардап шекті. 76 іс бойынша материалдар сотқа жолданды. Полицияның мәліметінше, нәзік жандардың дені ерлерді кешірген. Ақырында тек 13 жанжалқұмар ғана жауапқа тартылған.