АУЫР ЖАЗА АЙЫЛДЫ ЖИҒЫЗА МА?
Жануарлар әлемі – табиғат байлығы. Егер оның қандай да бір түрі жойылса, тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан түз тағылары мемлекет қарамағында. Өкінішке қарай, елімізде жеке басының пайдасы үшін жабайы аң-құсты аяусыз қыратындар баршылық. Соңғы жылдары елімізде браконьерлердің аң түгіл, адамға да тап беріп, табиғат сақшыларының қаза табуы қоғамды ашындырғаны белгілі. Үстіміздегі жылдан бастап жануарлар әлеміне қол сұғып, …