«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.02.2020

ӨНЕРДІҢ ШЫН ЖАНАШЫРЫ ЕДІ

Біздің облысымызда көзі тірі-сінде өңіріміздегі мәдениет сала-сының дамуына еселі еңбегімен, “сегіз қырлы, бір сырлы” талан-тымен айтарлықтай  үлес қосқан азамат, Қазақстанның еңбек сі-ңірген қайраткері Қуандық Қасы-мовтың есімі ерекше ілтипатпен аталады. Оның Қызылжар өңі-рінде өнер мен мәдениеттің сал-танат құруына сіңірген еңбегі өл-шеусіз. Алла маңдайына ажалды жазбағанда биыл жерлесіміз 70 жасқа толар еді.  

ӘЛІ АЛТЫНШЫ ОРЫНДА

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында жергілікті «QULAGER» командасы кезекті ойынын сырт алаңда рудныйлық «GORNÁK»-пен өткізді.

ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЮДА

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті үш жылдан бері Ресейдің Саха Республикасында орналасқан Якут мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясымен тығыз байланыста. Жыл сайын академиялық мобильділік бағдарламасы аясында студенттер ғана емес, оқытушылар да өзара тәжірибе алмасып, дәріс оқуды қолға алды. Бұрнағы күні ынтымақтастықты нығайту мақсатында Якут мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясының ректоры Иван Слепцов бастаған делегация іссапармен өңірімізде болып, …

ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЮДА Read More »

БІРЛІКТІҢ БІРЕГЕЙ ҮЛГІСІ

Биыл бейбітшілік пен келісімнің тірегіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Мерейтойға орай елімізде «Тұңғыш Президент жолымен» атты экспедиция бастау алды. Жалпыхалықтық акцияның аясында облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Достық. Елдік. Бірлік» атты көрме өтті.

ШӘКІРТ ЖАНЫНЫҢ ШЫРАҚШЫСЫ

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің: “Бізге жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені, мұғалім – мектептің жүрегі”, – деген сөзі әр кезеңде де өзектілігін жойған емес. Елімізде мұғалім мәртебесін көтеру үшін тиісті заңдар қабылданып, жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр, ұлағатты мамандықтың абыройын асқақтатып жүрген жандарға ықылас ерекше. Әсіресе, болашағынан үміт күттіретін жас мамандардың әр жетістігі білім саласына жарық түсірер …

ШӘКІРТ ЖАНЫНЫҢ ШЫРАҚШЫСЫ Read More »

ӨМІР ШЫНДЫҒЫ

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабековтің 1980 жылдары жазған прозалық шығармалары әлі де қолдан түспей, оқылады. Соның бірі – “Қарғын” романы. Шығарманы жас деңгейіне қарай оқырман әрқалай қабылдайды. Бағиланың қатарлас құрбылары оны түсінбей, кешірмей, айыптап жатса, жасы ұлғайған оқырман романдағы әр кейіпкердің тағдырына түсіністікпен қарауға дайын. Осы орайда “Қарғынның” әр кейіпкеріне жеке-жеке тоқталғым келеді.

БАЛАНЫҢ АМАНДЫҒЫНА КӨҢІЛ АЛАҢ

“Бала – бауыр етің” болғандықтан, оның үйдегі де, түздегі де қауіпсіздігі ата-ана үшін маңызды. Әсіресе, түрлі сұмдықтар болып жатқан мына заманда балабақша жасындағы бүлдіршін түгіл, жоғары сыныпта оқитындарды көл қорыған қызғыштай мектебіне бір ізбен апарып, бір ізбен әкелуіміз де осының айғағы.

КӨШБАСШЫ ПЕДАГОГТАР

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы облыстық филиалында педагогтарға арналған “Білім берудегі көшбасшылықтың бағыттары мен табиғаты” тақырыбында шара өтті.

МАГИСТРЛЕРГЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

– Үстіміздегі жылдың басында күшіне енген “Мұғалім мәртебесі туралы” заңға сәйкес магистр дәрежесі бар мұғалімдерге төленетін қосымша ақының көлемін білгім келеді. Айман Сұрағанова,

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ

Диқaндap көктeмдe қара жерге дән ceуіп, сары күздe өнімін жинaca, ұcтaздap, керісінше, күзде шәкіpттepін қapcы aлып, жазғытұрым қaнaттaндыpып ұшыpaды. Көктем жақындап қалды, өткeн жарты жылға көз caлcaқ, дapынды ұcтaздapымыз бeн oлapдың тaлaнтты шәкіpттepі біpaз жeтіcтіктepгe жeтіп, pecпубликa дeңгeйіндe oблыcымыздың aтын шығapып, мерейімізді үстем еткенін көреміз. Білімінің арқасында жүзден жүйрік шыққан оқушылар мен олардың ұстаздарын ынталандыру …

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ Read More »

АУЫЛДЫҢ ЖҮРЕГІ — МЕКТЕП

“Soltústіk Qazaqstan” газетінің қаңтар айындағы санында жарық көрген “Сәкен салдырған мектеп” және “Күре жол бойында тұрса да, күрмеулі мәселелер аз емес” деген мақалаларды оқып, қолыма қалам алуды жөн көрдім. Түсіне білген адамға Тайынша ауданының Аймақ ауылындағы бірқабатты негізгі мектептің тарихы терең, тағылымы мол. Қазақтың біртуар ақыны Сәкен Сейфуллин ауылдың іргетасының қалануына, ондағы білім ошағының салынуына …

АУЫЛДЫҢ ЖҮРЕГІ — МЕКТЕП Read More »

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕК ШЕБЕРЛЕРІ

Ережесіз жекпе-жек туралы әңгіме бола қалса жұрттың аузына бірден UFC (Ultimate Fighting Championship) түседі. Бұл ұйымның бедел жағынан да, қаржыландыру тұрғысынан да әлемде көш бастап тұрғаны анық. Сондықтан да балта аяқты, балға жұдырықты жігіттер осы тұжырым туының астында төбелескенді қалайды.

ХАКІМ АБАЙ ТУРАЛЫ ТУЫНДЫ МӘСКЕУДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Биыл елімізде қазақтың бағына туып, өлшеулі ғұмырларын келер ұрпақ ғибрат алатындай сәулелі істермен нұрландырған бірқатар айтулы тұлғалардың мерейтойлары аталып өтілмек. Солардың ішінде Абайдың шоқтығы биік. Биыл данышпан бабамыздың туғанына 175 жыл толады. Ұлы ақынның мерейтойын өз деңгейінде атап өту мақсатында бүгіндері жер-жерде көптеген мәдени, тағылымды шаралардың шымылдығы түрілді. Осыған орай көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, …

ХАКІМ АБАЙ ТУРАЛЫ ТУЫНДЫ МӘСКЕУДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ Read More »

ДӘРІ ТАПШЫЛЫҒЫНА ДӘРІГЕР КІНӘЛІ ЕМЕС

“Qyzyljar – adaldyq alańy” және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық бірлесе жүргізген медицина саласындағы мемлекеттік сатып алулар, тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша мониторинг қорытындыланды.

САБАҚ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ

Өңірде 22517 адам жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырды. Соңғы аптаның өзінде 2650 тұрғын тұмауратты. Бұдан сырқаттану көрсеткіші ақпан айында тіпті жоғарылай түскенін байқаймыз. 24 ақпандағы дерек бойынша тұмау вирусының 288 жағдайы тіркелді. Соның ішінде А типті вирусты 170 адам жұқтырды. Қауіп тобындағы адамдарды зертханалық тексеру кезінде 14 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдердің үлесі жоғары …

САБАҚ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ Read More »

АРЫ ТАЗА АЗАМАТ ЕДІ

Уақыт деген керуен көші алға қарай жылжыған сайын жақсы адамдардың аттары да, істеген істері де ел жадынан өшпей, олардың тұлғалары тау сияқты алыстаған сайын биіктей береді екен. Көзі тірісінде халқымыздың ғасырлар қойнауынан жеткен мәдени мұрасын насихаттауда ерен еңбегімен елге танылған арда азамат – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қасымовтың орны қашан да бөлек. Тектіліктің ізі …

АРЫ ТАЗА АЗАМАТ ЕДІ Read More »

КҮШ АТАСЫН ТАНЫМАЙДЫ

“Динамо” дене шынықтыру спорт қоғамында қоян-қолтық ұрыстан өткен облыстық чемпионатқа құқық қорғау органдарының қызметкерлері, “Сұңқар” спорт клубының, қоян-қолтық ұрыс федерациясының мүшелері қатысып, 80-нен астам спортшы өзара күш сынасты.

ДОМБЫРА — ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ

“Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра” деп белгілі ақын Қадыр Мырза Әлі жырына арқау еткен қос ішекті аспап – қазақтың терең тамырлы тарихы, көнекөз шежіресі. Көпті көрген қарияның көкірек күйіндей халқымыздың күйініші мен сүйінішін шанағына сыйдырып, сиқырлы әуен төгетін қасиетті домбыраға деген құрмет ерекше. Әрбір қазақ домбыраны қастерлеп, үкі тағып, төріне ілген.

“АЛТЫНАЙ”

Айтуға жеңіл, жаттауға оңай әуезді әндердің бірі – “Алтынай”. Көпшіліктің көңілінің төрінен орын алған осынау бір әннің шығу тарихы да қызық. Бұл туралы белгілі ақын Ханбибі Есенқарақызының естелігінде егжей-тегжейлі жазылған. Соған көз жүгіртіп көрейік.

ӘЛЕМНІҢ ЕКІНШІ ҰСТАЗЫ

“Шығыстың Аристотелі” атанған ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған кезекті жиын Достық үйінде өтті. “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шара барысында қатысушылар ұлы ғұламаның өмірі мен қызметі жайлы қызықты мәліметтермен бөлісті.