«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.02.2020

БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕР СЕМИНАРЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде тұрғындарға құқықтық көмек көрсететін заңгерлер даярлау мақсатында семинар өтіп, оған белгілі британдық заңгер Джонатан Купер бейнебайланыс арқылы қатысты. 

БАЛ АШҚАН АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

Айыртау ауданындағы бір ауылда өзін балгермін деп таныстырған алаяқ әйел 81 жастағы қарияның ақшасын ұрлаған. 

ҚОРЖЫНДА – 15 МЕДАЛЬ

26-27 ақпан күндері Қарағандыда есту кемістігі бар спортшылар арасында жеңіл атлетикадан қысқы ел біріншілігі өтті. Бұл бәсекеде 14 солтүстікқазақстандық жеңілатлет бақ сынады.

БҰРЫМДЫЛАР БӘСЕКЕСІ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде футзалдан студент қыздар лигасының өңірлік кезеңі өтті. Жарысқа аталмыш жоғары оқу орнынан, жергілікті колледждер мен спорт ұйымдарынан жеті команда сайысқа түсті.

ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ҚАЙТАРЫМЫ – АЛҒЫС

Адамның адамшылығы бір-біріне қайтарымсыз жақсылық жасауымен танылады емес пе? Ал қиналғанға демеу, тарыққанға жебеу болу халқымыздың қанында әу бастан бар қасиет. Қиын-қыстау заманда қазақ жерінен пана тапқан, ұлтымыздың мейірім-шапағаты мен қонақжайлылығына тәнті болған сан түрлі этнос өкілі жыл сайын Алғыс айту күнінде жергілікті халыққа ризашылығын білдіруді дәстүрге айналдырған. Қалалық Мәдениет үйінде жаймашуақ көктемнің алғашқы күнімен …

ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ҚАЙТАРЫМЫ – АЛҒЫС Read More »

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІ ТЕГІН ТАСЫМАЛДАЙДЫ

Көктемнің алғашқы күнінде зейнеткерлер қоғамдық көліктерде тегін жүре алады. Мұндай мүмкіндікті қоғамдық көлік иелері аға ұрпақ өкілдеріне құрмет көрсету мақсатында жыл сайын ұсынады. Облыс орталығындағы автобустардың қызметін тегін пайдалану үшін зейнеткерлік туралы куәлікті көрсету керек.     

Ескерту!

“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 29 ақпан күні кей жерлерде тұман түсіп, түнде көктайғақ күтілетінін ескертеді. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.  Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.