«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 02.03.2020

МӘДЕНИЕТ — ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМ

Мәдениет – ұлттың рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Сондықтан мәдениет саласының дамуына бүгінде айрықша көңіл бөлінуде. Оған аталмыш салаға берілген қаржының көлемі мен мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысының өсуі дәлел бола алады. Мәселен, биыл өңірдегі мәдениет саласына 5,4 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен мәдениет, архивтер және құжаттама, сонымен қатар тілдерді дамыту жөніндегі …

МӘДЕНИЕТ — ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМ Read More »

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ — ҰЛТҚА ҚҰРМЕТ

Менің ата-анам – Тайынша ауданындағы Аймақ ауылының тумалары. Анам үй шаруашылығында, біздің алаңсыз білім алуымызға жағдай жасап отыр. Ал әкем жергілікті “Қазан” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істейді. Жүзден астам шаңырақ түтін түтетіп отырған елді мекенде жергілікті қазақ халқымен татулығымыз жарасып, береке-бірлікте күн кешіп отырмыз.

КӨҢІЛІ ДАЛАДАЙ ДАРҚАН ХАЛЫҚ

Қазақ жеріне табаным тиген сәт әлі күнге дейін есімде. Ол кез­де мен он тоғызда ғана едім. Бұ­рын көріп-білмеген елге аттанар­да жүрексіндім. “Қалай қарсы ала­ды?” деген ойдан мазам кетіп, қол сөмкеден жолдаманы бірнеше рет алып шығып оқыдым. Оның да өз себебі бар. Бұған дейін мені жұмыс істеуге Украинаға жіберген болатын. Ол жерде бір айдай ғана еңбек …

КӨҢІЛІ ДАЛАДАЙ ДАРҚАН ХАЛЫҚ Read More »

АҒА БУЫНҒА РАҚМЕТ

Елдегі тұрақтылық пен бірлікті сақтауға аға буын­ның қосып отырған үлесі зор. Ал олардың көрегенді­лігі мен парасаттылығы­ның арқасында орнаған та­ту­лықты нығайту – біздің еншімізде. Қазақстан хал­қы Ассамблеясындағы эт­но­мә­­дени бірлестіктердің жанынан жастар қанаты­ның құрылуы ұрпақ сабақ­тас­тығын сақтауға мүм­кін­дік береді. Бүгінгі таңда Достық үйіндегі 20 этно­мәдени бірлестіктің жас­тары өз орталығының ғана емес, жалпы Ассамблея­ның қоғамдық жұмысына бел­сене қатысады.

ЕРІКТІ ЖАСТАР ЖИЫНЫ

Шара барысында облыстық ассамблея жанындағы еріктілер қозғалысының орта­лығына 46 жас қабылданып, оларға арнайы күртешелер мен белгілер табысталды. – “Волонтерлер жылының” аясында орталық бірқатар жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Олардың барлығы жастарды жан-жақты жетілдіруге, олардың бойында ізгі қасиеттерді дамытуға бағытталған. Осындайда танымал спортшы Шерри Андерсонның: “Волонтерлер еңбекақыны пайдасы жоқтықтан емес, баға жетпейтін құнды болғандықтан алмайды”, – …

ЕРІКТІ ЖАСТАР ЖИЫНЫ Read More »

ЖОМАРТТЫҚ — ІЗГІ ҚАСИЕТ

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлер ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға өз үлестерін қосуда. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірдегі 635 елді мекенде 5496 агроқұрылым жұмыс істейді. Солардың 544-і немесе шамамен 10 пайыздайы өздеріне қарасты аумақтағы ауылдарды көркейтуге атсалысуда.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУДІҢ ТӘРТІБІ

Әдiлет органдары орталық мемлекеттiк органдардың, ведомстволардың, мәслихаттардың, әкiмдіктердiң нормативтiк-құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеуден өткізеді. Ол үшін актілердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тексеріліп, азаматтардың құқықтары, бостандығы мен заңды мүдделеріне қайшылығы анықталады. Өткен жылы облыстық әділет департаменті 668 нормативтік-құқықтық актіні тіркеді. Белгілі себептерге байланысты үш акті тіркелген жоқ.

МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ

Көзі қарақты оқырман тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына бірқатар заңнамалық өзгерістер енгенінен хабардар деп ойлаймыз. Сөз арасында Қазақстан Үкіметі мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатымен бірқатар нормативтік заң актілерін қабылдағанын айта кеткен жөн. Осыған орай өткен жылы Сауда және интеграция министрлігі құрылып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің негізгі міндеттері айқындалды. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан …

МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ Read More »

“ЖЕРДІ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРАМЫЗ?”

Редакциямызға “WHATSAPP” желісі арқылы Шал ақын ауданындағы Семиполка ауылдық округі тұрғындарының атынан сауал келіп түсті. Онда 2009 жылдың наурыз айында 288 адам “Балуан – СК” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрамында болғаны, пайларын “Казипрохем-Агро” ЖШС-іне бергені, кейін жер телімдері кепілге қойылып, өзге біреулердің меншігіне өтіп кеткендігі жазылған