«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.03.2020

АЙЫРТАУ ӘКІМІНЕ АУҚЫМДЫ МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов Айыртау ауданының активіне жаңа әкім Дархан Әміринді таныстырып, бұл қызметті екі жылдай атқарған Бейбіт Исмановтың атқарған жұмысына ризашылығын білдірді. Қызылжар өңіріндегі табиғаты көркем, тарихы бай аймаққа әкім болу зор жауапкершілік жүктейді. Әсіресе, туризмді дамытуға зор басымдық берілген тұста атқарылар жұмыстың да ауқымы кең. Осыны тілге тиек еткен облыс әкімі Құмар Ақсақалов …

АЙЫРТАУ ӘКІМІНЕ АУҚЫМДЫ МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ Read More »

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА – ЖАҢА ӘКІМ

Облыс әкімінің өкімімен Жамбыл ауданының әкімі қызметіне Марат Мәкенұлы Ескендіров тағайындалды. Жаңа әкімді аудан активіне өңір басшысының бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов таныстырды.

ҚАМҚОРЛЫҚҚА ЗӘРУМІЗ

2013 жылдан бері полиэтилен, пластик, шыны ыдыстар, картон, тағы басқа қалдық заттарды жи­нап, кәдеге жаратумен айналысып келеміз. Қазір шаhардың әр аумағында өндірістік қалдықтарды кідіріссіз қабылдайтын бес пункт жұмыс істейді. Негізгі база аумағында орналасқан шағынзауыт күніне 5 тоннаға дейін шикізатты өңдей алады. Бірақ оның қуаттылығы 10 тонна болғанымен, шикізат тапшылығы іске қолбайлау болып отыр.

ИГІ ШАРА

Облыстық полиция департаментінің әйелдер кеңесі балалар арасында «Анамның жұмысына барамын» акциясын өткізді. Полицияда қызмет ететін қыз-келіншектер өз балаларына жұмыс орнын таныстырып, құқық бұзушылықпен күрестің қалай жүргізілетіндігін баяндады. Танымдық экскурсияға балғындармен бірге қазақ мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары да қатысты.

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қызметшілері Ұлы Отан соғысына қатысқан бір топ қарияның үйлеріне барып, оларды айтулы көктем мерекелерімен құттықтады.

СӘБИЛЕРГЕ ЖӘРДЕМ

«28 петель» клубы өңірлік филиалының өкілдері шала туған сәбилерге жүннен тоқылған киім-кешекті сыйға тартты. Волонтерлар алдын ала жан сақтау бөлімінің қызметкерлерінен ем қабылдап жатқан нәрестелердің тізімін алып, тоқымашыларға тапсырыс берген.

БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Бүгінде әлем елдерін коронавирус індеті алаңдатып отыр. Бірқатар мемлекет коронавирус тараған қауіпті елдер қатарында. Вирус жұқтырған сырқаттар мен қауіпті кеселден қайтыс болған адамдар аз емес. Алайда, еліміз аталмыш індетпен күресуге қаншалықты дайын деген сауал әр адамға ой салады. Ал өңірімізде коронавирус инфекциясына қарсы сақтық шараларын күшейту  мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен орталық …

БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ Read More »

БАЛАЛАР ҮЙДЕ ОҚУЫ МҮМКІН

Бас са­ни­­тарлық дәрігер Жан­дар­бек Бекшин коронавирустың кең таралуына тосқа­уыл қою үшін білім ор­да­ла­рын­да қашықтықтан оқы­туды енгізу мәселесі қарас­ты­рылғанын мәлім­деді.