ҚОЛДЫ БОЛҒАН ВЕЛОСИПЕД ҚАЙТАРЫЛДЫ
Үйлердің подъездерінде қараусыз қалдырылатын шаналар, балалардың қоларбасы, велосипедтер ұрылардың оңай олжасына айналып жатады. Жыл басынан бері Петропавлда осындай 11 ұрлық тіркелді.
Үйлердің подъездерінде қараусыз қалдырылатын шаналар, балалардың қоларбасы, велосипедтер ұрылардың оңай олжасына айналып жатады. Жыл басынан бері Петропавлда осындай 11 ұрлық тіркелді.
Өңірдегі су тасқыны жағдайы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ұдайы бақылауында. Департамент басшылары мен мамандары елді мекендерге төніп тұрған қауіп деңгейін анықтап, қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп дер кезінде алдын алу шараларын қолдану үшін аудандарды аралауда.
Өңірірімізге дәрі-дәрмек жеткізілуде. Медициналық ұйымдарда қазір дәрі-дәрмектің 338 түрі бар. Бүгінгі таңда сырқаттарға 480,24 миллион теңгенің дәрісі берілді.
Соңғы кезде солтүстікқазақстандықтар ғаламтор арқылы алаяқтардың құрбанына айналуда. 23 жасар петропавлдық үйіне жиһаз алмақшы болып, несие ресімдей бастағанында, өтелмеген несиесі бар екенін білген. Айта кету керек, зардап шеккен жігіт банк саласында жұмыс істегенімен, үш ай бұрын өз атына 225 мың теңге қарыз ресімделгенінен бейхабар болып шықты. Оның арызы бойынша алаяқтық жасады деген күдікпен Уәлиханов ауданының …
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесінде бұдан екі жыл бұрын 3-ші орында болған Қызылжар ауданы биыл 12-ші орынға түсіп қалған. Бұл туралы Қызылжар аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында айтылды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесін қоғамдық кеңестің қарауына шығаруға Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаменті мұрындық болды.
Әдеп кеңесінің кезекті отырысында мемлекеттік органдардағы қызметтік тәртіпті нығайтуға қатысты сегіз мәселе қаралды.
Бүгін Қазақстанда коронавирустың алдын алуға байланысты жиын өтті. «Инфекцияны таратпау мақсатында 13 наурыздан бастап іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
Коронавирустың таралу қаупіне байланысты ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрлар жұмысын тоқтатады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне арналған шараларды және әскери парадты өткізбеу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
Қазақстанда пандемияға байланысты мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен кеңес өткізді. Кеңес барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялағаннан кейінгі әлемдегі ахуал жайында баяндады. Сондай-ақ, министр ДДСҰ-ның індетке қарсы күреске қатысты ұсыныстары, сондай-ақ, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді.
Облыстық прокуратурада еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау бағытында өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өтуде.
28 жастағы айыртаулық Светлана Болатова үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бері Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы дағдарыс орталығында тұрып жатыр. Кәмелет жасына толмаған үш баласын алып, осында келуіне жұбайының ұрып-соғып, күн көрсетпеуі себеп болған. Нәзік жан жылдар бойы жақын адамынан қиянат көріп, азапқа үнсіз көніп келген. Отбасының қадірін қашырған орынсыз жанжалдардан шаршаған ана енді алдағы жарты жыл …
ЕРГЕ ЕРСІ ҚЫЛЫҚ немесе нәзік жандарға жұдырық ала жүгіретіндерді қашан жүгендейміз? Read More »
Соңына ұмытылмайтындай өнеге қалдырып, өмір өткелдерінен өз орнын алған, бізге бейбіт өмір сыйлаған әкемді өмірден өтсе де, балаларының алды 70 жастан асса да, немере-шөберелері ұмытпақ емес. Еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек еткен, қиын-қыстау кезеңде қолына қару алып, Отан үшін от кешкен майдангер Шәрап Әубәкірұлы жайында сөз қозғамақпын.
Перзенті үшін түн ұйқысын төрт бөліп, бақытын баласынан іздеген ананың орны қашан да бөлек. Халқымыздың бұл асыл қасиеті ғасырлар бойы аңыз-әңгімелерге, жыр-дастандарға арқау болды. Немере-шөберелерінің ортасында бақыттан жүздері бал-бұл жайнаған қарт-қарияларды көргенде, бүгінгі ұрпақтың да ата-анаға деген ыстық ықыласының ортаймағанын көріп, қуанасың. Өмір жолында талай қиындықтарға тап болса да, тағдырдың сынына төтеп берген көпбалалы ана, …
Qyzyljar aýdanynyń ortalyǵyndaǵy “Parasat” mektep-lıseıinde “SCIENCE TEAM” qaýymdastyǵynyń “Jaratylystaný-matematıkalyq baǵyttaǵy pánderge aǵylshyn tilin engizýdiń alǵashqy qadamdary” atty oblystyq semınary ótti. Semınardyń maqsaty – úshtildi bilim berýdiń sabaqtastyǵyn qamtamasyz etý. Semınarǵa Aqqaıyń, Esil, Mamlút, Qyzyljar aýdandarynan jáne qala mektepteriniń bıologıa, fızıka, ınformatıka pánderiniń muǵalimderi qatysty. Jaratylystaný-matematıkalyq baǵyttaǵy pánderdi aǵylshyn tilinde oqytatyn muǵalimder Nursultan Janymhan, Talǵat Bıgeldınov, …
Петропавлда “Алтын Орда: ғасырлар үндесуі” атты кітап көрмесі жұмысын бастады. Көрмеде Шыңғыс хан ұрпағының толық генеологиялық картасы ұсынылды. Онда төрт мыңнан астам ханның аты жазылған. Кітап көрмесін облыстық Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана ұйымдастырды. Үш бөлімнен тұратын экспозицияда Алтын Орданың тарихы, хандары және мәдени мұрасымен танысуға болады. Оқырман назарына 100-ден астам кітап пен журнал ұсынылған.
Дәл қазіргі есеп бойынша қазақ спортшылары спорттың 16 түрінен Токио Олимпиадасына 42 жолдама жеңіп алды.
Жуырда “Солтүстік – 2020” ауыл спорты мерекесінде он үш ауданнан жиналған 400-ден астам спортшы шайбалы хоккей, футзал, шаңғы жарысы және шорт-трек бойынша үздіктерді анықтаған болатын. Дәстүрлі додада Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Әсіресе, хоккей құрамасы алдына жан салмады.
Ғалым Малдыбаев 1902 жылы қазіргі Шал ақын ауданына қарасты Жаңажол ауылында туған. Ұзақ жылдар бойы “Ленин туы” (қазіргі “Soltústik Qazaqstan”) газетінің редакциясында қызмет атқарған. Республикалық басылымдарда еңбек етіп, еліміздің бірнеше өңірінде облыстық және аудандық газеттердің ашылуына атсалысқан. Отызыншы жылдары “Орақ пен балға”, “Доңғалақ” атты жыр жинақтары шықты. 1943 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, …