«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.03.2020

СӘБИ ШЕТІНЕДІ

Өңірдегі емдеу мекемелерінің бірінде кішкентай сәби қайтыс болды. Мамандардың айтуынша, нәресте орталық жүйке жүйесінің туабітті ақауымен дүниеге келген. Бар-жоғы жиырма күн ғана өмір сүрген сәбиге облыстық балалар ауруханасында ем жүргізілген. Алайда, жаңа туған нәрестенің өмірін құтқарып қалу мүмкін болмады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІ АЗАМАТЫНАН КОРОНАВИРУС ТАБЫЛДЫ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылғанын мәлім етті. «Үш айдан бері біз коронавирусқа Қазақстанда жол бермеу бойынша көп шараны іске асырған едік. Бірақ, өкінішке қарай, бүгін бірнеше рет тексергеннен кейін Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылды. Олар – Германиядан келгендер», – деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

ЖАЛАҚЫ ТӨЛЕМЕГЕНДЕРГЕ — ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА

Облыс прокурорлары жұмысшылардың құқығын бұзып, жалақысын уақтылы төлемеген, өндірістік жарақат жиі орын алатын кәсіпорындармен жұмыс істеу мақсатында “Заң және еңбек” бағдарламасын қолға алды. Бұл жайлы облыстық прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Өткен жылы прокурорлар уәкі­летті органдармен бір­лесіп атқарған жұмыстарының нәтижесінде 8,5 мың қызметкердің құқығын қорғап, оларға 700 млн. теңге көлемінде жалақы төленді. Аталған көрсеткіш 2018 …

ЖАЛАҚЫ ТӨЛЕМЕГЕНДЕРГЕ — ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА Read More »

ҚЫЗМЕТТІҢ САНЫНАН САПАСЫ МАҢЫЗДЫ

Әдеп кеңесінің кезекті отырысын­да мемлекеттік органдардағы қызметтік тәртіпті нығайтуға қатысты сегіз мәселе қаралды. Кеңес мүшелері алдымен Есіл ауданының әкімі Алтынбек Абдоллаевтың баяндамасын тыңдады. Ұжымдардағы моральдық-психологиялық жағдай­ды анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізіп, түсіндірме жұмыстарын қолға алыныпты. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижесі бойынша басқа аудандардың әкімдіктерімен салыстырғанда, бұл жерде тәртіп бұзушылықтар көп …

ҚЫЗМЕТТІҢ САНЫНАН САПАСЫ МАҢЫЗДЫ Read More »

ЕСКЕРТУ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 14 наурыз күні оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күні кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

КӨРЕРМЕНДЕРГЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ресми сайтында «COVID-19» коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қазақстан Чемпионатының ойындарына жанкүйерлердің қатысуына шектеу қою туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

БІЛІМДІЛЕР БАЙҚАУЫ

Петропавлда алғаш рет мектеп оқушылары арасында “JuniorSkills – 2020” облыстық чемпионат өтті. Педагогикалық мамандықтарды дәріптеп, оқушылардың кәсіби шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған байқауда жоғары сынып оқушылары екі бағыт бойынша өз білімдері мен қабілеттерін сынады. Сайысқа қалалық мектеп-гимназия, Қызылжар ауданындағы “Парасат”, “Большая малышка” орта мектептері сияқты білім ордаларынан 17 оқушы қатысты. 

ЖАЛҒА АЛҒАНДАР ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҰМЫТПАСА

Өңір басшысының бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің қатысуымен алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті қырқыншы сессиясы өтті. Онда он үш мәселе қаралып, халық қалаулылары өңірімізде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларды кеңінен талқылады.

БЕЙНЕЖАЗБА – ЖАЗАЛАУҒА НЕГІЗ

Әлеуметтік желілерде Петропавл қаласының орталық көшесінде бірден екі құқық бұзушылық жасаған “Toyota Hilux” автокөлігі жүргізушісінің ерсі қылығы талқылануда. Полицейлер желіде жарияланған бейнематериалдар бойынша кінәлі жүргізушіні анықтады. 30 жастағы петропавлдық жолдың қарсы бетіне шығып кеткені және жол қозғалысы ережелерін бұзып, апатты жағдай туғызғаны үшін Қазақстан Республикасы “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодексінің 596 және 601-баптары бойынша әкімшілік …

БЕЙНЕЖАЗБА – ЖАЗАЛАУҒА НЕГІЗ Read More »

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІНІҢ ЖАУАПСЫЗДЫҒЫ

Жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп, бейқамдық танытуы жолдарда апатты жағдай туғызып қана қоймай, адам өміріне қауіп төндіреді. Мұндай заң бұзушылықтар көбінесе ірі сауда орындары маңында орын алады. Петропавлда орталық көтерме сауда және «Алтын арман» базарлары мен «Тайга» сауда үйінің маңы қауіпті.

БОЛАШАҚ ФЕЛЬДШЕРЛЕРГЕ – ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Жанар Байғазинаның Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенттерімен кездесуі барысында синтетикалық есірткі қолданудың салдары, есірткі қылмыстары үшін қарастырылған жауапкершілік пен адамның иммун тапшылығы вирусының таралуының алдын алу туралы сөз болды. Болашақ фельдшерлер «Тұздар мен спайстар. Құрдымға апарар жол» деректі фильмінен терең әсер …

БОЛАШАҚ ФЕЛЬДШЕРЛЕРГЕ – ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ Read More »

ХҚКО ҚЫЗМЕТІНЕ СЫН КӨП

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың көңілі тола ма? Әлеуметтік зерттеу нәтижесінде пікірлердің 60 пайыздан астамы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің біліктілігінің төмендігіне, олардың санының аздығына және жеделдіктің жоқтығына байланысты болды. Сонымен қатар қызмет ұсынушылардың ғимараттарының ыңғайсыз жерде орналасқанына, мемлекеттік қызмет нәтижесінің қанағаттанғысыздығына, байланыстың нашарлығына, техниканың жұмыс істемейтініне, соның салдарынан кезектің көптігіне қатысты теріс пікірлер де …

ХҚКО ҚЫЗМЕТІНЕ СЫН КӨП Read More »

ЖАРТЫ МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТҮСТІ

Үстіміздегі жылдың ақпан айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 44,7 миллиард теңге (қаңтарда — 34,2 млрд теңге) жарна аударылды. Біздің өңір бойынша аударылған жарна сомасы 500 миллион теңгеге жуық.