«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.03.2020

AIDYNYN AŃSAǴAN AQQÝLAR

Babalarymyz aqqýdy qustyń tóresine sanaǵan, sulýlyqtyń sımvolyna balaǵan. Adam sıaqty jup qurap ómir súretindikten, kıeli kórgen. Olar jylda jazda Qyzyljar óńirine ushyp kelip uıa salady, balapan basyp shyǵarady.

ЕСЕП АЙЫРМАСЫ ҚЫСҚАРДЫ

Шайбалы хоккейден ел біріншілігінің плей-офф сыны аясында жергілікті “QULAGER” мен “ALMATY” арасындағы бесінші ойын сырт алаңда өтті.

АЛҒАШҚЫ ҰПАЙ

“Қызылжар” футбол клубы сырт алаңда павлодарлық “Ертіспен” кездесті. Қос команда да бірінші турда жеңіліс тапқан болатын. Бұл жолы жерлестеріміз алаң иелеріне лайықты қарсылық көрсете білді. Бірінші таймның 18-минутында “Қызылжар” сапынан Александр Соколенко мергендік танытты. Ал 42-минутта “Ертіс” командасының өкілі Карлос Фонсека есепті теңестірді. Бір атап өтерлігі, ойын барысында жеңіске жету үшін барын салған қос команда …

АЛҒАШҚЫ ҰПАЙ Read More »

ҚАШЫҚТАН ОҚИ БАСТАДЫ

Әлем жұртын дүрліктірген коронавирусқа байланысты мектеп оқушылары 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында демалса, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қашықтан оқуға көшті. Бүгінгі таңда өңіріміздегі 23 колледждің күндізгі бөлімінде білім алатын 9687 студенті қашықтан білім алуда. Мағжан Жұмабаев атындағы колледж “Сова” ақпараттық жүйесіне қосылған. Екі жылдан бері оқу орнында үш топ қашықтан білім алуда. …

ҚАШЫҚТАН ОҚИ БАСТАДЫ Read More »

ОТЫЗ ЖЫЛДАН КЕЙІН ҚҰЖАТ АЛДЫ

Мағжан Жұмабаев ауданының үш тұрғыны 30 жыл бойы құжат­сыз жүрген. Олар “Жолда қабыл­дау” акциясы кезінде алғаш рет құ­жаттарын алды. Апалы-сіңлілі Нұ­ғұмановалар Ресейдің Омбы облы­сында дүниеге келіпті. Олар­дың ең үлкені 6 жаста болғанда 1990 жылы Қазақстанға ата-ана­ла­рымен бірге қоныс аударған. Ауыл­ды жерде тұрып келген ағайынды қыздар құжаттардың келешекте қа­жет болатындығына мән бер­меп­ті. “Жолда қабылдау” акциясы барысында …

ОТЫЗ ЖЫЛДАН КЕЙІН ҚҰЖАТ АЛДЫ Read More »

ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы үш жылдан бері “Педагогикалық идеялар панорамасы” білім беру ұйымдарына арналған бейнедәрістер байқауын ұйымдастырып келеді.

САХНАНЫҢ СӘНІ

Түрік ақыны Назым Хикмет: “Адамның жан дүниесін ақтару үшін оған ән айтқызу керек”, – деген екен. Шынында да, бұл сөздің астарында өнердің құдіреті, бұл жолды таңдаған адамның кіршіксіз ниеті жатыр. Өнерге деген құштарлық адамды әсемдікке, ізгілікке жетелейді. Ал осы жолда биік белеске шығу үшін таза жүрек, сергек сана, үлкен өмірлік тәжірибе керек.

ҰЙЫМДАСТЫРА БІЛГЕННІҢ ҰТАРЫ КӨП

Ғабит Мүсірепов – экономикалық әлеуеті, жер көлемі, халқының саны жағынан өңірдегі ірі аудандардың бірі. Облыс орталығынан шалғайда орналасқандықтан, мәртебелі қонақтар, лауазым иелері ат ізін көп сала бермейді. “Ауыл” партиясы облыстық филиалының төрағасы Темірғали Әбілмәжіновтің ұсынысымен жолдың көктайғақтығына, екілене соққан желдің елірген екпініне қарамай атақты жерлесіміз атындағы алыс ауданға жолсапарға шыққан едік. Үш ауданнан енші алған …

ҰЙЫМДАСТЫРА БІЛГЕННІҢ ҰТАРЫ КӨП Read More »

БЕРІК ТОСҚАУЫЛ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық испекциясы мен экология департаменті бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.

ҚАЖЕТТІ ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫЛУДА

Президентіміз Қасым-Жомарт То­қаев әлем елдерін тығырыққа тіреген коронавирус індеті бойынша орын алған төтенше жағдайға байланысты Қазақстан халқына Үндеу жариялады.

ЖАУАПКЕРШІЛІК КЕРЕК

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған Үндеуінен сақтық шаралары барынша жүргізіліп жатқанын ұғындық. Қазірдің өзінде білім беру ұйымдарында сабақтар тоқтатылып, қоғамдық демалыс орындарына баруға шектеу қойылды. Бұл өте дұрыс шешім.

АУРУ ЖҰҚТЫРҒАНДАР ЖОҚ

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының кеңесі өтті. Жиында коронавирустың алдын алу және оның таралуына жол бермеу мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды. Жаһандық кеселдің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев айтып берді. 

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ҮНДЕУІ

Құрметті отандастар! Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Дүниежүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр. Бұл індет күннен-күнге ушығып барады. Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді. Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап Қазақстанның аумағында төтенше жағдай енгізілді. Төтенше жағдай режимі 30 тәулікке созылады. Төтенше жағдай режимі қажет болған жағдайда …

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ҮНДЕУІ Read More »

САІІ-ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды коронавирустың таралуына жол бермеу, сондай-ақ, алдын алу шаралары және аурудың негізгі белгілері туралы ұдайы хабардар етіп отыру мақсатында 1406, +7 (717 2) 76-80-43 Саll-орталығын құрды.