«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.03.2020

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТОҚТАТЫЛДЫ

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға және төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты облыстық полиция департаментінде азаматтарды қабылдау тоқтатылды.

ҒҰЛАМАСЫ ЕЛІМНІҢ

Қазақ мектеп-гимназиясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды. «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы» тақырыбында өткен шарада ұстаздар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында қозғалған мәселелер төңірегінде пікір алмасып, жас буынға ұлы ойшылдың мұрасы негізінде тәрбие беру тақырыбын талқылады.

ЖҰМА НАМАЗЫНА ШЕКТЕУ

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешітте жамағатпен жұма намазы оқылмайды. Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай Дүйсенбай жергілікті мешіттерде қолға алынып отырған сақтық шаралары туралы түсіндіріп берді. Оның айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай кезінде мешіттер жабылмайды. Дегенмен, індеттің таралу қаупі жоғары болуына байланысты бес уақыт намаз бен жұма намазын әркім үйде оқуы тиіс.

ТВ ТОПТАМА ТЕГІН

Beeline коронавирус індетіне байланысты карантин кезінде «Үйдегі Интернет ТВ» қызметін тұтынушыларға телеарналардың толық топтамасын қосымша төлемсіз көру мүмкіндігін ұсынды. «TV 90» және «TV 100+» топтамаларын қолданушылар «Үйдегі интернет ТV» қызметінің 177 телеарнасын және BeeTV-де ТОП 30 жаңалық пен ойын-сауық арнасын тегін көре алады.

БИЛЕТТЕР ҚАЙТАРЫЛУДА

Ел ішінде жарияланған төтенше жағдайға байланысты бүгіндері Қарағанды-Омбы, Қазан-Алматы және Қазан-Ташкент бағыттары бойынша пойыз қатынасы уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ, Ресейдің Петухово мен Есілкөл стансасы бағытындағы электр пойыздары да жүруін қойды.

QOLDAU ҚОСЫМШАСЫ: 24/7

Қазақстандықтар коронавирус туралы сұрақтарын мобильді қосымша арқылы жолдай алады.

ЕЛБАСЫ КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 200 млн. ТЕҢГЕ БӨЛУДІ ТАПСЫРДЫ

Елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күреске Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –­ Елбасы қорынан 200 миллион теңге бөлінеді. Бұл қаражат Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен бөлінуде. Елдегі ахуал Елбасының жіті бақылауында.

ПРЕЗИДЕНТ НҰР-СҰЛТАН ЖӘНЕ АЛМАТЫ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ӘКІМДЕРІМЕН БЕЙНЕБАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Алтай Көлгінов Қасым-Жомарт Тоқаевқа елордадағы қазіргі ахуал және коронавирустың таралуына қарсы карантин енгізілуіне байланысты қабылданған шаралар жайында есеп берді. Президент қала тұрғындарын ең қажетті тауарлармен және азық-түлікпен толық қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. 

ПРЕЗИДЕНТ АСҚАР МАМИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Премьер-Министр, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа комиссияның жұмысы және ел аумағында коронавирус індетінің таралуына қарсы қабылданған шешімдер жайында баяндады.

ӨЛІМ ЖАЙЛЫ ЖАЗБАЛАР

Өңір полицейлері пәтер иелері кооперативтерімен бірлесіп, еріктілердің көмегімен есірткі граффитилерін бояп, жоюда. Былтыр – 437, биылғы жылдың басынан бері 93 жазба боялды. «Жаңа жазбалардың біразы туралы 8-707-500-96-65 «WhatsApp» мессенджеріндегі «СҚО есірткіге қарсы» чаты арқылы білдік. Бұл чатқа қоғамдағы құбылыстарға бей-жай қарамай алмайтын қала тұрғындары есірткі граффитилерінің суреттерін жолдап, мекенжайын көрсетеді», – деді облыстық полиция департаменті …

ӨЛІМ ЖАЙЛЫ ЖАЗБАЛАР Read More »

ТӨЛҚҰЖАТҚА СҰРАНЫС АРТТЫ

Өткен аптада Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Қырғыстан шекараларын бұрынғыдай ішкі құжаттармен кесіп өтуге уақытша шектеу қойылды. Осыған орай өңірімізде жеке төлқұжат алуға өтініштердің саны күрт артты. Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері бір күнде құжаттандыруға қатысты 800-ден астам өтініш қабылдады, оның басым бөлігі төлқұжат алуға байланысты болды. Қызмет көрсетуді жеделдету мақсатында жұмыс орындарының саны арттырылды.

Президент медицина мамандарына алғыс білдірді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина мамандарына алғыс білдірді. «Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды», — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де. Бұған дейін Қ.Тоқаев төтенше жағдайға байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшуді тапсырған болатын.