«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.03.2020

КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ “ҚАЛЖЫҢ”

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны 40 мың теңге көлемінде айыппұл төлемек. Ол коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болғаны туралы жалған ақпарат бергені үшін кінәлі болып отыр. Мас әйел «103» пультіне қоңырау шалып, дене қызуы көтерілгенін және бірнеше күн бұрына Италия тұрғыны өз үйінде қонақта болғанын хабарлаған. Алайда дәрігерлер көрсетілген елді мекенде мұндай жағдайдың болмағанын анықтап, полицияға …

КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ “ҚАЛЖЫҢ” Read More »

ЖОЛДА ҚАЛҒАН КӨЛІК ИЕСІНЕ КӨМЕК

Облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Юлий Данильченко мен Бекболат Бүркітбай Жезқазған-Петропавл тас жолының бойындағы кезекшілік барысында Шал ақын ауданының тұрғыны Сәлім Сыздықовқа көмек көрсетті. 

БАРЫМТАШЫ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛМАҚ

Петропавл қаласының 48 жастағы тұрғыны Қызылжар ауданына қарасы Петерфельд ауылы тұрғынының екі қойын ұрлады деген күдікпен құрықталды. Ол енді 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол бұған дейін де осы тектес қылмыстар жасағаны үшін істі болған. Қаскөйдің ізіне түсуге бейнекамералардың септігі тиді. Ұрланған мал иесіне қайтарылды.

ДИПЛОМЫ БАР, ЖҰМЫСЫ ЖОҚ

Осыдан он жыл бұрын бір танысымның мектепті тамамдап, мамандық таңдаған кезі есімде қалыпты. Анасы екеуі Петропавл қаласындағы оқу орындарын түгел аралап, ондағы мамандықтарды тегіс саралап, таңдаулары затынан гөрі аты ұнаған “саясаттануға” түсті. Ақыры төрт жыл бойы ақылы бөлімде оқып, әупірімдеп алған дипломы үйдегі көп құжаттардың ішінде шаң басып жатыр.

“ОЙ КҮРЕС” — ҚАЗАҚ ШАХМАТЫ

Мен сабақтан тыс уақытта көркем гимнасти­ка, вокал және шахмат үйірмесіне қатысамын. Үшеуі де өз таңдауым болғандықтан, әр жаттығуды босатпаймын. Осындай қосымша білімнің арқасында мен көп нәрсені үйрендім. Бірде шахмат үйірмесіндегі жаттықтырушым, спорт шеберіне үміткер Марат Жәпенов ұлттық үстел ойындарының ережелерімен таныстырды. Сол кезде мен қазақ халқында асық және тоғызқұмалақтан басқа “Ой күрес” деген шахмат ойыны …

“ОЙ КҮРЕС” — ҚАЗАҚ ШАХМАТЫ Read More »

ШАРАЛАР КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ

Елімізде қауіпті індеттің таралуына байланысты жарияланған төтенше жағдайлар кезінде облыста 380-ге жуық мәдени-бұқаралық шара тоқтатылды. Соның 95-і Петропавл қаласында өтуі тиіс еді. Өңірдегі мәдениет ошақтары мен театрларда концерттер мен қойылымдарға шектеу қойылды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

ӨРТ СӨНДІРУШІ СОТТАЛДЫ

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бас маманы Е.К. Құлақпаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын.

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙТПАС ҚАЙСАР ҰЛЫ

Қазақ халқының тарихында есімі өшпестей жазылып қалған ірі тұлғалардың бірі – Жұмабек Ахметұлы Тәшенев. Арада қанша уақыт өтсе де, елі мен жері үшін отқа түсуден тайынбаған арда ұлдың хас батырға тән жанкешті ерлік істері мен зор адамгершілік қасиеттері еш ұмытылмақ емес. Біздің мектепке есімінің берілгендігі ұжым үшін үлкен мақтаныш. 2015 жылы кемеңгер тұлғаға арналып ескерткіш …

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙТПАС ҚАЙСАР ҰЛЫ Read More »

АҢСАУМЕН ӨТКЕН КҮНДЕР-АЙ!

Жасы елулерді еңсеріп қалған жігіт ағасы кабинет есігін имене ашып, табалдырықта сәл бөгеліп қалды. Бері қарай өтер-өтпесін біле алмай абдырап қалғанын байқап, төрге озуын өтіндік. Қарашаңыраққа арнайы ат басын бұрып келгеніне қарағанда жай жүрмеген болар деп іштей топшыладық. Әліптің артын бағып, сөзді тосып, асықпай жауап беруіне қарағанда отбасында “кішілік те – кісілік” деген қазақы тәрбиені …

АҢСАУМЕН ӨТКЕН КҮНДЕР-АЙ! Read More »

“TELEGRAM” АРҚЫЛЫ ЕСІРТКІ САТҚАН

Полицейлер 500 грамға жуық синтетикалық есірткі сатқан облыс орталығының 29 жасар тұрғынын құрықтады. Бұрын есірткі қылмысы үшін сот­ты болған қала тұрғыны “Teleg­ram” мессенджерінде арнайы па­рақша ашып, 3,5 мың желі қол­данушысын жинаған. Осы онлайн-ресурс арқылы қа­ла­ның түрлі шағынаудандарында жа­сырын түрде синтетикалық есірт­кі сатумен айналысқан. Күдікті Петропавл қала­сы­ның орталығында ұсталды. Ол отырған таксиді тексеру кезінде бірнеше грамм …

“TELEGRAM” АРҚЫЛЫ ЕСІРТКІ САТҚАН Read More »

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫН АШУҒА КӨМЕКТЕСТІ

Криминалистердің жұмысының қиындығын көпшілік біле бермейді. Олар­дың көздеген мақсаты – қылмысты егжей-тегжейлі зерттеу. Жедел-криминалистикалық басқарма бөліністерінің қызметкерлері жыл басынан бері 2,5 мың зерт­теу жүргізді. Аса маңызды ба­ғыттардың бірі – трасология, яғни машина доңғалағы, аяқ киім, қол іздерімен жұмыс жүр­гізу. Кей-кезде ерекше іздер де кездесіп жатады.

ЕСКІ ТАКСИ… МЕЙІРІМСІЗ МЕЙІРБИКЕ

Ескі “Волга” “сай-сүйегі” сырқырап келіп тоқтады. Рөлде отырған қария көзілдірігінің үстінен көз тастап: “Отыр, отыр, көлік ескі деп қорықпа. Шашылып қалмайды”, – деді.

ОТЫҢДЫ ӨШІРМЕ

Қазақтың белгілі жазушысы Оралхан Бөкей – менің сүйіп оқитын жазушыла­рымның бірі. Оның “Мынау аппақ дүние”, “Жетім бота”, “Қар қызы”, “Ұйқым келмейді” шығармалары қаншама оқырманның жүрек төрінен орын алды. Жақында қаламгердің “Өз отыңды өшірме” романын тағы бір қайталап оқыдым. Бұл шығарма­да кеңес өкіметі құрылған тұста жан-жағын бағамдай алмаған халықтың тұрмысы мен кәмпескелеу тұсындағы ұрда-жық бей-берекетсіздік, қазақ …

ОТЫҢДЫ ӨШІРМЕ Read More »

ЕРЕЖЕ БҰЗБА, БАЛАҚАЙ!

Қызылжар ауданындағы Бәйтерек орта мектебінде “Жол тәртібін жадыңда ұста!”, “Көшеде сақ бол!” тақырыптарында 6-8-сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді. 

ЕҢБЕКТІҢ ОРНЫ БӨЛЕК

Білім мен тәрбие егіз ұғым дегенді жиі айтамыз. Еліміздің білім беру са­ласын­ың қол жеткізген жетістіктері аз емес. Бірақ талай реформаны бастан кешкен бұл салада оқушыларды қоғамдық еңбекке тарту мәселесі назардан тыс қалуда.

АВТОБУСТАҒЫ ТАЗАЛЫҚ — ЕРЕКШЕ НАЗАРДА

Облыста қоғамдық көліктер мен аялдама­ларды зарарсыздандыру шарасы жүргізілу­де. Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қыз­метінің филиалында өткен баспасөз мәс­лихатында Петропавл қалалық тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және авто­мобиль жолдары бөлімі бас­шысының мінде­тін атқарушы Досұлан Босы­нов мәлімдеді. Облыс орталығындағы 462 ав­тобус аялда­ма­сы инфекцияға қарсы ерітінді­лермен тазар­ты­луда.

ӨЗІҢДІ ҒАНА ЕМЕС, ӨЗГЕНІ ДЕ ОЙЛА

Коронавирус індетін жұқтырған адаммен байланыста болған солтүстікқазақстандық әйел медициналық тексерістен қашып, өзі жайлы жалған мәлімет берген. Осының салдарынан тиісті органдар аурудың белгілері бар-жоғын тексеру үшін оны төрт тәулік бойы іздеген. Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында жергілікті тұрғындарды коронавирус инфекциясы бойынша облыстағы жағдайдан хабардар етуге арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

КЕШЕНДІ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жергілікті телеарналар арқылы облыс тұрғындарымен тікелей сұхбат жүргізіп, адамзатқа үлкен қауіп төндіріп отырған коронавирусқа қатысты ахуал мен жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары туралы баяндады.

КОРОНАВИРУС — ТҰМАУ ЕМЕС!

Бүкіл әлемді дүрліктірген қауіпті індет – коронавирус құйыны қазақтың кең даласына да еніп кетті. Бүгінгі таңда қайда болмасын, жағдайдың күннен-күнге ушығып бара жатқанын дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас. Елімізде бұрын-соңды болмаған төтенше жағдай енгізілді. Іле Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеу жариялап, осы бір қиын кезеңде қолға алынуға тиіс шұғыл шараларды белгілеп берді. Атап …

КОРОНАВИРУС — ТҰМАУ ЕМЕС! Read More »

ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ ЖАЛҒАСУДА

“Soltústik Qazaqstan” және “Qyzyljar nury” газеттеріне редакция арқылы жазылу одан әрі жалғасуда. Мекенжайымыз: К.Сүтішев көшесі, 7, тел.: 53-11-00.