«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.03.2020

ТЕРРОРИСТІК ТҰРҒЫДАН ОСАЛ НЫСАНДАРДЫҢ 4 БАСШЫСЫ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері террористік тұрғыда осал нысандарға жыл басынан бері 70 тексеру жүргізді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері медициналық және білім беру мекемелерінің, сауда үйлерінің және адам көп жүретін басқа да орындардың қауіпсіздігін назарға алады.

БАЛАЛАРДЫҢ 28 ПАЙЫЗЫ ҒАНА БАЛАБАҚШАҒА БАРЫП ЖҮР

Қазақстан бойынша балалардың 28 пайызы ғана балабақшаға барып жүр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен онлайн режімдегі брифинг барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

БІЛІМ БЕРУ САЙТТАРЫ ТЕГІН

Қазақстандықтар білім беретін интернет-ресурстарға тегін кіре алады. Ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари, Цифрлық даму вице-министрі Дарын Тұяқов, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Astel» АҚ сияқты байланыс операторларының басшылары қол қойды. Жақын арада аталған байланыс операторлары колледждер мен ЖОО-ға қашықтан оқыту кезінде пайдаланылатын білім …

БІЛІМ БЕРУ САЙТТАРЫ ТЕГІН Read More »

CORONAVIRUS2020.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Facebook» парақшасында коронавирусқа қатысты жедел әрі сенімді сайт іске қосылғанын хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының кіреберісіне қойылған бақылау-өткізу бекетіне барды

Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясының таралуына байланысты елімізде Төтенше жағдай жарияланып, елордада карантин  енгізілгеннен кейін Жібек жолы ауылы маңына қойылған №6 бақылау-өткізу бекетіне барып, жұмысымен танысты.

ИТАЛИЯДА ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР САНЫ ҚЫТАЙДАҒЫДАН АСЫП КЕТТІ

 Италияда коронавирустан көз жұмғандар саны Қытайдағыдан да асып кетті. Соңғы тәулікте Италияда аталмыш дерттен 427 адам қайтыс болған. Сөйтіп ауру өршігеннен бері елде көз жұмғандар саны 3405 болды. Бұл Қытайда қаза тапқандар санынан 150 адамға көп. Жалпы алғанда, Италияда 41 мың адам вирус жұқтырған. Соңғы 24 сағат ішінде 5322 адамнан вирус табылған.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

  Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады. Қымбатты отандастар! Бүгінде бәріміз коронавирустың жаһандық пандемияға ұласқанына куә болып отырмыз. Қазір вирус жер шарындағы 155-тен астам мемлекеттің, соның ішінде Қазақстанның да аумағына таралуда. Індеттің географиялық өрісі үздіксіз кеңейіп, құрбандарының саны да өсіп келеді. Бұл жағдайды халықаралық экономикалық дағдарыс – шикізат, валюта және қаржы нарықтарының …

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ Read More »