«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.03.2020

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Әлемді дүрліктірген індет өңірімізді де айналып өтпеді. Қызылжарда коронавирус жұқтырған бір адам анықталғалы тұрғындардың көңілі алаң. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жергілікті телеарна арқылы брифинг өткізіп, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, жұртшылықты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. “Сақтансаң, сақтаймын” демекші, қазір талап қатаң. Өңірімізге ұшақпен, пойызбен, автобуспен, жеңіл көлікпен жеткендердің барлығы сауалнама толтырады, дене қызуы өлшенеді, ал Еуразиялық …

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Read More »

ЖОҒАЛҒАН ҚЫЗ ТАБЫЛДЫ

24 наурыз күні Петропавлда 18 жасар қыз үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Полицияның көмегіне жүгінген анасы қызының күндізгі сағат 12-лер шамасында кеткенін айтты. Қыз бала қаланы дұрыс білмейтін көрінеді, себебі олар былтыр жазда Тараз қаласынан көшіп келген екен.

БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Жақында Петропавл қаласының тұрғынынан коронавирус анықталды. Алайда, қосымша сараптамалық талдаулар Алматы қаласында жүргізілуде. Алдағы уақытта нақты сараптама қорытындысы белгілі болады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихаты барысында айтылды.

АҚЫЛЫ ТЕСТ

Қазақстандықтар коронавирусты анықтау тестін ақылы тапсыра алады. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова айтты.

ДОНАЛЬД ТРАМП НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 100-ДЕН АСТЫ

16:20-дағы жағдай бойынша елімізде вирус жұқтырғандар саны 109-ға жетті. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелді, Алматы қаласында – 6 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

ШАҒЫМ – ТІКЕЛЕЙ ТІЛДЕСУ ҚҰРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнату керектігін атап айтқан болатын.

АЛАЯҚ ӘКІМ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің хабарлауынша, Тимирязев ауылдық округінің бұрынғы әкімі алаяқтық үшін сотталды. 

ПАРАҚОР БАСШЫ СОТТАЛДЫ

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды.

АУЫЛДЫҚТАРДЫҢ АЛҒЫСЫ

Петропавл қаласынан Ақжар ауданына бара жатқан «ВАЗ-2104» автокөлігінің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы күтпеген жерден қиындыққа тап болды. Оларға қарама-қарсы келе жатқан жүк көлігінің дөңгелегінен ұшқан мұз жеңіл көліктің алдыңғы әйнегіне тиіп, күл-паршасын шығарды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, алайда жолаушылар желдің өтінде қалды. Көлікте қарт адамдар да бар еді. Құрамында полиция аға лейтенанттары …

АУЫЛДЫҚТАРДЫҢ АЛҒЫСЫ Read More »

ЕСКЕРТУ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 27 наурыз күні батыс, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күні кей жерлерде қарлы жаңбыр жауып, көктайғақ болуы ықтимал.

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жол қауіпсіздігі мәселесі қай кезде болмасын өзекті. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің “Facebook” парақшасында жарияланған бейнематериалдағы мәлімет бойынша 2019 жылы 11484 жол көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 15324 адам жарақат алып, 1552-сі қаза тапқан. Комитеттің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының саны жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда 3429 апат …

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА Read More »

БЕТПЕРДЕ САТЫП АЛАМЫН ДЕП АЛДАНЫП ҚАЛДЫ

Петропавл қалалық полиция басқармасына интернетте алаяқтарға алданып қалған 1987 жылы туған жеке кәсіпкер жүгінді. Ол “Instagram” әлеуметтік желісі арқылы 7 мың дана медициналық бетперде сатып алмақ болған. Өзінің банктік картасынан сатушының шотына 400 мың теңге қаражат аударады. Алайда алаяқ ақшаны алып алған соң ұшты-күйлі жоқ болған.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҰЛТТЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

Қазақстан Президенті Ұлттық биотехнология орталығындағы отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарымен танысты. Орталық қызметкерлері Мемлекет басшысына ДНҚ жасанды синтез жолымен әзірленген және жұқпалы коронавирус ауруының жаңа түрін жылдам анықтауға мүмкіндік беретін полимеразды тізбекті реакция (ПЦР) негізіндегі тест жүйесін таныстырды. Аталған тест жүйесі шетелдік диагностикалық құрал-жабдықтармен салыстыру кезінде өзінің жоғары сезімталдығын көрсеткен.